196
таңдалуы керек. Дене таза болуы керек. Қолды сабынмен жуып
немесе спиртпен, одеколонмен сүртіңіз. Бұл рәсімді жалаңаш
күйде немесе табиғи талшықтардан жасалған киімде жасаған
жөн. Өзін-өзі массаждау кезінде майды жағу қажет емес: құрғақ
массаж тиімді болып саналады. Бір аумақты уқалау ұзақтығы
2-ден 3 минутқа дейін созылмауы керек.
Лимфалық түйіндерді массаждауға болмайды!
Қал және түрлі ісіктер
аумағын массаждауға бол
-
майды.
Белсенді
тынығу
еңбек
өнімділігін
жоғарылатуға
ықпал етеді
56
Өзін-өзі массаж жасаудың мынадай тәсілдері бар:
■
сипалау;
■
сығу;
■
ширату;
■
қағу;
■
сылау;
■
сілку;
■
белсенді
және сылбыр қозғалыстар;
■
соққы тәсілдері.
Сипалау
- бұл ең таралған тәсіл (56 сурет).
Оны алақанмен массаждау аймағына мықтап ба
-
сып жасалынады. Сипалауды бір немесе екі қол
-
мен кезектесіп жүзеге асыруға болады: бір қол
екінші қолдың қозғалыын қайталап жасалынады.
Сипалау теріні тазартады, тер бездерінің қызметін
жақсартады, орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әре
-
кет етеді. Сипалау өзін-өзі массаждаудан басталып, сонымен
аяқталады.
Сығу
массаждау аймағында көлденең қойылған алақанның
алақанның шетінен немесе үлкен саусақ жағындағы қолдың
буынымен орындалады. Ол жігермен жасалынады, сондықтан
терінің бетіне ғана емес, оның терең қабаттарына да әсер етеді.
Сығу лимфа ағымын күшейтеді, тұрақсыз құбылыстарды жо
-
юға көмектеседі, тері мен бұлшықеттердің тонусын арттырады.
Ширату
—бұлшықет жүйесімен тереңдетіп жұмыс жасауға
негізделген тәсіл. Ол сіңірдің икемділігін жақсартады, қысқар
-
тылған шандырды созады, массаждау аймағында қан мен
лимфа айналымын жақсартады. Ширатудың келесі негізгі әді
-
ӨЗІН-ӨЗІ
МАССАЖДАУ
НЕГІЗДЕРІ