Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#117644
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Жүнді субөнімдерді өңдеу

Жүнді субөнімдерді өңдеу кезінде жеуге 
жарамсыз бөлікті (шаш, қылшық, мүиізді тұяқ, эпидермис), сонымен қатар 
ластарды бөліп алады. Жүнді субөнімдерді өңдеу келесі негізгі 
операциялардан тұрады: жуу; жидіту; шаш жамылғысынан тазарту 
(шашсыздандыру); үйіту; күйген бөліктерден тазалау және жуу. Барлық 
жүнді субөнімдерді өңдеу арналған жалпы операциялардан басқа сиырдың 
сүйек буындарынан және шошқа аяқтарынан жидіту мен шашты (қылшық) 
тазаланған соң мүйізді тұяқтарды бөледі. Шошқа және қой бастарын олардан 
ми мен гипофизді ажырату үшін шабады. Шаштар (қылшық) субөнімдерден 
бір-біріне немесе центрифуга элементтеріне үйкелу нәтижесінде бөлінеді. 
Үйкеліс күші мүйізді тұяқтың, эпидермистің немесе шаштың субөнімдердің 
басқа бөліктерінің тіркесу күшінен ауысуы керек. Тіркесу күшінің 
субөнімдер түріне, мал түрі мен жасына, т.б. факторларға байланысты және 
ол жылумен өңдеу (жидіту) арқылы төмендеуі мүмкін.
Ыстық су әсерінен шаш қалтасы жұмсарады, мүйізді тұяқ қызады және 
оны дермамен байланыстырушы қабаттар жұмсартады, эпидермистің 
беріктілігі төмендейді.
Центрифугаға түсетін су температурасы субөнімдерді өңдеу дәрежесіне 
және шаш (қылшық) құрамына едәір шамада әсер етеді. Сондықтан оны 
термореттегіш көмегімен қатаң белгілі деңгейде ұстап тұру керек:сиыр 
субөнімдері үшін – 65-68 С, шошқа субөнімдері үшін – 60-63 С. Жұқа шаш 
жамылғысы бар қой бастарын өңдеу барысында жидіту температурасы 68-
70С. 
Қалыпты температурадан жоғары температурада тіркесу күші (аса 
жиду) жоғарылайды. Аса жиду жағдайында шаштар әрең жұлынады немесе 
сынады және шаш түбі алынбай қалады. Мүйіді тұяқтың дермамен тіркесу 
күшінің әлсіреу дәрежесі бірініші кезекте оның қалыңдығына байланысты. 
Шошқа аяқтары үшін тіркесу күші төмендейтіні соншалық, тіпті 
мүйізді тұяқ (тұяқшалар) центрифугада өңдеу барысында бөлінеді. Кәрі 
малдардың сүйек буындарын жидіту кезінде қыздыру жеткіліксіз болады., 
өйткені сүйек буындары центрифугадан шашсыз, бірақ мүйзді тұяқпен 
шығады. Оны тұяқ бөлгіш МКС-1 машина көмегімен бөледі. Центрифуганың 
жұмысының нәтижелігі барабан жүгінің өлшеміне байланысты. Барабанның 
қалыпты жүктелуі – сиымдылықтың 70-80% құрайды.
Кәрі малдың сүйек буындарынан мүйізді тұяқтарын шешу мүйізді 
тұяқтармен бірге құнды ұлпалардың құруымен жүреді. Осы өнімнің тауарлық 
түрін 
және 
шығымын 
төмендетеді. 
Осыны 
болдырмау 
үшін 
шашсыздандырудан соң сүйек буындарын қосымша 3-5 мин аралығында аса 
жоғары температурада (90-95 С) қыздырады.
Құлақтар мен еріндерді шашсыздандыру кезінде үйкеліс ауданын 
көбейту үшін оларды сүйекті жүнді субөнімдер – сүйек буындары немесе 
шошқа аяқтарымен өңдейді. 


24 
Үйіту барысында ылғал субөнімдер күшімен қапталады, және күшпен 
алынады. Сондықтан үйіту алдында оларды газды үйітуден шыққан жылуды 
қолданып, кептіріледі.
Cубөнімдерді үйіту пешіне автоматты түрде жабылатын есігі бар 
бункер арқылы тиейді. Субөнімдер еңіс барабан айналған кезде ең алдымен 
кептірілетін тұтас бөлік үстіне орналасады. Барабанның перфорирленген 
бөлігінде жалын субөнімдер мен оларды барабанның айналу нәтижесінде 
қарқынды араластырғанда қатынасады. Осында эпидермис пен шаш 
қалдықтар күйіп түседі. Температура үйіту аймағында 700-900 С кептіру 
аймағында 300-400 С болады. Сүйек буындарын және еріндерді 4-6 мин, 
шошқа аяқтарын, құлақтар мен құйрықтарды 2-4мин, қой бастарын 3-5мин 
үйітеді. 
Жидіту және күеден тазалау үшін МОС-3Ш центрифугасын 
пайданылады. Оның шырышты субөнімдерді өңдеуге арналған МОС-3С 
центрифугасынан 
айырмашылығы 
– 
МОС-3Ш 
центрифугасының 
барабанының реторының дискісі шашты сумен бірге тазартуға арналған 
диаметрі 
20-мм 
саңылаудан 
тұрады., 
сонымен 
қатар 
МОС-3Ш 
центрифугасының дискісінің айналу жиілігі 2 есе аз. МОС-3Ш 
центрифугасының өнімділігі – 750 кг/сағ, бір уақытта 100кг тиеледі, 
ротордың айналу жиілігі 122мин үйітеді. 
Соңғы жылдары қой бастарын, сиыр еріндерін, құлақтары мен сүйек 
буындарын, шошқа аяқтарын, құлақтарын, құйрықтары ментерінің төсаралақ 
бөлігін жидіту және тазалау үшін өнімділігі жидіту және шашсыздандыру 
кезінде – 500км/сағ, күйіктен тазалау кезінде – 100км/сағ Г6-ФЦШ 
центрифугасын пайдаланады. Бір уақытта сүйек буындары өңдегенде 120кг, 
басқа жүнді субөнімдерді өңдегенде (шошқа және қой бастарын санамағанда) 
– 150кг тиеуге болады. Жидіту мен шашсыздандыру ұзақтығы 15 мин, 
күйіктен тазалау 7,5 мин; ротордың айналу жиілігі 90 мин. 
Жүнді 
субөнімдерді 
ағынды 
толық 
немесе 
жартылай 
механикаландырылған желілерде (кәсіпорынның қуаттылығына және 
тахникалық жабдықтарына байланысты өңдейді. Шағын кәсіп орындарда 
жүнді субөнімдердің барлық түрін (шошқа бастарын санамағанда) өңдеу бір 
ағынды желіде жүреді. Мал сою және ұшаны бөлу цехынан жүнді субөнімдер 
субөнімдер цехына спуск бойымен ожаулармен және тележкалармен түседі. 
Оларды 
ағынды 
құбыр 
сумен 
жуады, 
центрифугада 
жидітіп, 
шашсыздандырады. Тұяқ бөлгіш машинада сүйек буындарынан мүйізді 
тұяқты шешеді. Сосын субөнімдер үйіту пешінде 2-3 мин аралығында 800 С-
та үітеді, күйден тазартады және суық сумен центрифугада 1-2 мин немесе 
қабырғалы беті бар горизанталь барабанында 4-5 мин жуады.
Орташа қуаттылығы ет комбинаттарында сиыр, қой, шошқа 
субөнімдерін (қой және шошқа бастарын ескермегенде)осыған ұқсас 
технологиялық сызба бойынша ЛОШС желісінде өңдейді. Желінің өнімділігі 
500км/сағ.


25 
Жүнді субөнімдердің өңдеу процесінің механикаландыру дәрежесін 
көтеру және олардың сапасын жақсарту мақсатында Ленинград СКБ жүнді 
субөнімдерді жеке өңдеудің жоғары өнімділіктегі ағынды желісі (ФДШ сүйек 
буындарын, сиыр еріндерін және құлақтарын өңдеуге арналған желісі; ФДЮ 
шошқа аяқтарын, құйрықтарды, құлақтарды, терінің тосаралық бөлігін 
өңдеуге арналған желісі) ойлап шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет