«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж.
67
Ғылым мен техниканың өркендеп, қоғамның да жаңа өзгерістерге қанат
жайған сәтінде жеке тұлғаның дамуы, жүгі ауыр, жауапкершілігі мол түйткілерді
шешу – педагог-мамандардың басты міндеті.
«Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын
жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге
керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға
керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы
қалай кіретінін білерге керек», – деп бала өміріндегі мұғалімнің рөлінің ерекше
екенін Ахмет Байтұрсынұлы өз мұраларында анық, айқын көрсетіп кетті
(Педагогикалық ғылыми мұра, 2009, 15 б.).
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин «Хрестоматиясында»
балалардың жас ерекшелігі мен ішкі мүмкіндіктері ескере отырып: «Мұғалімнің
жұмысы – балалар. Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы
олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен
сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыамдылық етуі керек, әрбір нәрсені
ықыласпен түсінікті етуі керек, мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау
керек», - деген еді (Педагогикалық ғылыми мұра, 2009, 15 б.).
Олай болса, дәсүрлі білім беру жүйесінің артықшылғыны айтпас бұрын, өз
кезеңінде өткір ойларымен, сүбелі сөздерімен ғылымға үлес қосқан ұлы
тұлғалардың ұсынған технологияларына жеке тоқталғанымыз жөн болар.
Достарыңызбен бөлісу: