«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж.
71
Дәстүрлі технология баланың ішкі сұраныстары мен талаптарына
негізделмеген және баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері ескерілмегенін
былай түсіндіреміз:
– Білім беру қызметінде мәжбүрлеп оқыту әдісі пайланылады. Бұл кезеңде
мұғалім төреші болып саналады;
– Дайын білімді хабарлау да оқушының мүскіншіліктерін аша алмайды;
– Әдеттегі үйреншікті үлгілермен оқыту да алға жылжуға кері әсер етеді;
– Әрбір оқушының жеке ойымен санаспау;
– Кітаптағы материалдың шеңберіне ас алмау.
Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру
процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың
диагностикалаудың, оқушы және мұғалім мен ата-ана арасындағы кері байланыс
жасаудың негізгі құралы (Әділбекова және Саданова, 2018, 38 б.).
Білім беру барысында білім мақсаттарын өзі қоятындықтан, мақсаттар
сырттай ықпал етуге негізделеді. Дәстүрлі технологияда материал лекциялық
әдіспен түсіндірілетін еді. Одан соң семинар тәжірибелік сабақтарда
оқушылардың білімі тексеріліп, қорытынды нәтиже сынақ түрінде алынатын.
Барлық ақпараттарды қорытындылай келе, Мұқатаевның дәстүрлі білім беру
жүйесіне негіздеп жасаған сабақ жоспарын негізге алуымызға әбден болады
(Мұқатаева, 2006, 98 б.).
Оқушылардың білімін қорытындылау тек тоқсан соңында ғана іске
асырылатын. Жалпы білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
тұлғаны қалыптастыруға, оны дамытуға және бағытталған біліммен қамтамасыз
ету болып саналады. Тұлғаның сапалы және жан-жақты білім алуына жағдай
жасау, білім берудің басты мақсаты деп түйіндеуге болады. Нысандар мен
үрдістердің тиімділігі, құндылығы, нақ нормаларды қанағаттандыруы,
жарамдылығы немесе бейімділігі, яғни талаптарға, ұсыныстарға және нормаға
сәйкес немесе дәл болуы тікелей білім жүйесінің сапасына байланысты. «Сапа»
ұғымы қалай дүниеге келді, қандай ерекшеліктерге ие деген сауалдар туындайды.
Сапа – әртүрлі саланы қамтитын,берілген стандарттарға сәйкес ғылым нәтижесі.
Білім беру саласындағы сапа – білім беру саласының «өнімі», яғни оқушының
білімі, білігі және дағдыларының қалыптасу сатысы болып саналады.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде көбінесе оқушының дүниетанымдық ойлау
қабілеті көзден таса қалып, сол жекелеген білім нысандарын меңгерту көзделеді
(Жұмабаева, 2006, 25 б.).
Достарыңызбен бөлісу: