Doi: 10. 47751/skspu-1937-0028 ДӘСТҮрлі білім беру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата08.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#118212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
7 oh n127 2021 0

Зерттеу әдісі. 
Ахмет Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясы. 
Қазақ 
оқушыларының бірнеше буыны сауатын «Әліпбимен» ашып, ана тілін «Тіл 
құрал» арқылы оқып үйренді. А.Байтұрсынұлының еңбектерін таладап қарасақ
онда танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні бар дүниелердің әркез қоланыста 
болатынына көз жеткіземіз. Автордың әдістеме саласындағы еңбеутерін 
қарастыра келе, оның бізге ұсынған әдіс-тәсілдерінің қазіргі кездегі жаңартылған 
білім беру жүйесімен сабақтасып жатқанын байқауға болады. Ғалым бастауыш 
мектептерден бастап, оқушыларға тілді ғана үйрету жеткіліксіз, тілді таныту 
керек деп есептейді. Тіпті өз еңбегінің жазудағы мақсатын да басқаша зейінмен 
баяндайды: «Бұл әліп-би кітабы жаңа әдіске көшу жүзіндегі көңіл тілегі мен қол 
қысқалығын бір-біріне жанастырып жақындату шарасын табу түрде шығарлып 
тұр. Үйрету жағынан «дыбыс әдісі» мен «тұтас оқуы» әдісінің екеуіне бірдей 
жарарлығы көзделді. Мазмұн ағынан қазақ жағдайына жанастырылып, жаңа 
програмша болуы көзделді» (Педагогикалық ғылыми мұра, 2009, 24 б.). 
«Дыбысты әдіспен үйрету жолы – мысалмен түсіндіріп суреттегенде, осы болып 
шығады» (Педагогикалық ғылыми мұра, 2009, 24 б.). 
А.Байтұрсынұлының «тұтас оқу» әдісі деп көрсеткен әдісі бүгінгі таңдағы 
жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру 
тәрізді бөліктерден тұратыны, оны әр мұғалім өз тәжірибелерінде қолданып 
жүргені белгілі. 


«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж. 
68 
А.Байтұрсынұлы: «әліп-би үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әдістің 
жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, 
сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әді екінші 
жұрттың да сауаттану ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды», - дейді. 
Бүгінде қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, 
үстеу, шылау, баяндауыш, бастауыш, құрмалас сөйлем, жай сөйлем секілді 
лингвистикалық атулардың авторы – Ахмет Байтұрсынұлының «танымдық-
тағылымдық» технологияның ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін
қабылдау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігі, танымдық және 
шығармашылық білімін арттыруға, сөздік қорын дамытуға бағытталады. 
Ғалымның пікірінше, білімді мұғалім деген атқа неше түрді әдістерді меңгере 
отырып, өз тәжірибесінде сол әдістерді қолданып, сабақ ерекшелігіне қарай өз 
тарапынан ұтымды тәсілді ұшқыр пайдаланған сәтте ғана жете алады. 
Мағжан Жұмабаевтың жеке тұлғаны қалыптастыру технологиясы. 
Жеке 
тұлғаны қалыптастыру үшін әр балаға жеке тұлға ертінде қарап, оның өіне тән 
санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатынын ескеріп, баланың ақыл-ой қабілетін, 
жеке қасиеттерін дамыту қажет. М.Жұмабаевтың ойынша, ұстаздың шеберлігі өзі 
білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен түсіндіруінде, жеңілден 
ауырға қарай тап-тапқа бөліп, түсіндіруінде. 
Жүсіпбек Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра 
оқыту технологиясы. 
Қазіргі кезде білім беру саласында , әдістемеде ұжымдық 
оқыту, саралап оқыту, жекелей оқыту, топтық оқыту, интерактивті әдіс арқылы 
оқыту, жеделдете оқыту, компьютерлік оқыту, проблемалық оқыту, қатысымдық 
оқыту, жобалап оқыту т.б. технология кеңінен қолданылғанымен, осы аталған 
технологиялардың барлығы да бұрыннан төл тілімізде дамып келе жатқан төл 
технологиялар. Жаңартылған білім беру технологияларының жүзеге асуы 
«Тәрбиеге көмекші», «Тәрбие жетекшісі, «Психология», «Комплексті оқыту 
жолдары» секілді еңбектері арқылы анықталағанына көз жеткіземіз. 
Ж.Аймауытов «Психология» еңбегінде мұғалімнің кәсіби дайындығы 
турасында: «Айтпай-ақ белігілі, баланың мінез-қылығын байқаушы – 
оқытушылар балаларынан бақылаған, тапқан-таянғанын соларды амалға 
тәрбиелеу үшін құрал ету керектігі; амалға неше түрлі мақсатқатқолайлы болған 
серпілудің бәрі кіреді» (Досманова, 2007, 57 б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет