«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж.
72
педагогикада кең таралып отыр, яғни, білім нәтижесі мен кемшіліктерін
анықтаудың нақты көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалмаған.
Білім сапасы дегеніміз білім берудің нақты
бір сатысындағы бағамдалған
мақсаттарға сәйкес білім алуышалардың білім, білік және дағдылар деңгейі. Білім
сапасы, ең алдымен білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкестігімен
анықталатыны айқын. Қазіргі педагогикадағы «білім сапасының» мәні білім беру
сапасын басқарудың алғышарттық қағидаттарында былайша анықталады:
Тиімділігі
– мектеп тәмамдаушылардың білім деңгейімен анықталады.
Олардың білім дәрежесі мен дайындық мазмұнының мемлекеттің, қоғамның, ата-
аналардың талаптарына мен сұраныстарына сай, сонымен қатар мектептің барлық
көрсеткіштерінің берілген жүйеге лайықты болуы.
Сенімділігі
– оқыту сатыларында білім берудің сабақтастық және
тұрақтылық принципін іске асыру арқылы анықталады.
Оңтайлылығы
–
білім беруге кеткен уақыт, күш және ресурстардың
құрамымен өлшенеді.
Тұрақтылығы
– педагог мамандардың тұрақтылығын, артықшылығын және
өзара қарым-қатынастарын қарастырады.
Әділдігі
(объективтілік) – зерттеуге алынған нысанның, процестің жағдайы
туралы педагогикалық бақылаудың нақты ақпаратын бере алу бірден көрінеді.
Саралау
– оқушыға тапсырманы,
оқу іс-әрекетін, тапсырманы орындау
түрлерін таңдауда еркіндік беруді көздейді.
Білім беру кезеңінің сапасы:
– білім беру мазмұнының сапасы;
– білім беру сапасы.
Нәтижелер сапасы:
– оқушылардың денсаулығы жағдайының
тұрақтылығы мен оң әсері;
– оқушының оқудан алған білімділігі;
– оқушының әдептілігі мен адамгершілігі.
Мектептің білім беру үдерісінің сапасын бағалау өлшемдері:
1) басқару сапалылығы;
2) жан-жақты қамтамасыз ету;
3) оқу бағдарламалары мен
оқу жоспарының сапалылығы;
4) оқушылардың жеке жетістіктері;
5) педагогикалық ұжымның бірлігі ынтымақтастығы;
6) білім ошағы мәдениеті және психологиялық ахуал.
Сонымен, оқу бағдарламалары мен
сабақ жоспарлары мазмұнының
сабақтастығы білім алушылардың жас ерекшелігіне және ата-аналардың,
қоғамның, мемлекеттің талаптарына сәйкестігі,
мектептің оқу-әдістемелік
қызметінің, қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілуі білім сапасының
жоғары болуына әсер етеді.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы,
сындарлы
«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж.
73
білім беру моделіне көші әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі
болып саналады (Мукашева және т.б. 2018, 26 б.).
Достарыңызбен бөлісу: