Қорытынды.
Қорыта айтқанда, дәсүрлі және жаңартылған білім берудің
оқыту әдістері арасындағы байланыстар мен сабақтастығы байқалады.
Жаңартылған білім беруде дәстүрлі оқыту әдістерінің орнықтылығын сақталып,
олардың тәсілдері мен әрекеттері де жаңа мазмұнға дәнекер. Дәстүрлі оқыту
үдерісінде оқытушы субьекі болып саналса, білім алушы нысан ретінде қызмет
атқарады. Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушы оқыту үдерісінің нысаны ғана
болғандықтан, ойлау үдерісі де болмайды деген шешім туындайды. Және бұл
жүйе оқушының білім мазмұнын игеруі есте сақтауға, фактілерді жинақтауға,
жаттауға негізделеді деп тұжырымдаймыз. Алайда, бұл дәстүрлі білім беру
жүйесінің сапасыз екендігінің көрсеткіші емес. Біз дәстүрлі білім беру әдісін
жетілдіру, жаңаша зерттеу арқылы ғана жаңа технологияның негізін пайдаланып
отырмыз деп ойлаймын. Оқушыларға берілетін ілім-білім де, тәлім-тәрбие де,
жеке дүниетанымы да тікелей мұғалімнің іс-әрекеті, үлгі-өнегесі, біліктілігінің
арқасында қадыптасады. Сол себепті, қай заманда болмасын ұстаздың қоғамдағы
орны ерекше болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |