Біз ХФК-ны шашқа арналған лак және дезодорант сияқты аэрозольдерді жасау үшін қолданамыз Қосымша сұрақтар С4. Не себепті ХФК-тің атмосфераға бөлінуі әлі де қауіпті?
ХФК өте күшті парниктік газ болып табылады, көмірқышқыл газымен
(CO
2
) және метанмен (CH
4
) салыстырғанда, атмосферадағы ХФК
мөлшері өте аз болады, бірақ оның әрбір молекуласы үлкен жылу
потенциалына ие.
С5. УК-В сәулелерінен қорғану үшін адамдар не істей алады?
Жазда Күн сәулесіне қарсы крем жағу, бас киім кию және Күннен қорғайтын көзілдірік тағу – мұның барлығы
адамдарға УК-В сәулелерінен қорғануға көмектеседі. Кейбір үкіметтер азаматтарға УК-В сәулелердің қаупі
жөнінде ақпарат беретін көпшілік оқу бағдарламаларын жүргізді.
С6. Не себепті кейбір УК сәулелер “зиянды”?
Егер радиация өте көп дозада қабылданса, тірі ағзаларға өте үлкен зиян келтіруі мүмкін. Жердегі тіршілік
атмосферадағы озон қабатымен бірге дамыған, яғни бұл бактериялардың, өсімдіктердің және жануарлардың
УК сәулелерден табиғи қорғанысы жоқ екенін білдіреді, себебі ол эволюция кезінде озон қабатының әсерінен
жойылған.
С7. Фитопланктон дегеніміз не?
Фитопланктон – теңізде өмір сүретін кішкентай өсімдіктер. Оларды микроскоппен ғана көруге болады, яғни
жай көзге көрінбейді. Олар Күн сәулесін фотосинтез үшін қолданады және мұхит экожүйесінің түзушісі болып
табылады, яғни мұхиттағы маңызды азық көзі болып саналады.
• Озон қабаты қайта қалпына келуі мүмкін бе?
2006 жылы бұған дейін тіркелмеген ең үлкен озон тесігі анықталды. 1987 жылы қыркүйекте Монреальда озон қабатын
қорғауға бағытталған Монреаль хаттамасына қол қойылды. Ол уақыттан бері Қытай, Бразилия және АҚШ секілді
елдерді қатыстыру мақсатында көптеген келіссөздер жүргізілді. Көптеген елдерде стратосферадағы озон қабатын
жоятын ХФК және басқа да газ өндірістері тоқтатылып, қазіргі қолданыста жүрген гидрохлордифторметан және
хлорфторметан газдарына алмастырылды. Нақты жетістіктер бойынша, халықаралық ынтымақтастық және ұлттық
күш бірлестіктері атмосфераға зиянды қалдықтың шығарылуын басқарып, оларды азайту әрекеттерін жалғастыра
берсе, 2050 жылға дейін озон қабаты қайта қалпына келуі мүмкін.