Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет177/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

 
Зерттеу мақсаты: 
Абай Құнанбаевтың келешек өміріне үлкен әсер берген оның 
қоршаған ортасы, отбасы, туған
-
туысқандары, жақын
-
жуығы, құрбы
-
құрдастары, білім 
алған жері т.б. жағдайлардың Абай сияқты дара тұлғаның қалыптасуына қаншалықты әсер 
еткенін зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері: 
Абайдың қоғам қайраткері ретінде 
қалыптасуына ортасының тигізген әсерін зерттеуге байланысты әдеби шолу шүргізу.
Зерттеу нәтижелері: 
Абайдың тұлға ретінде қалыптасуы деген тақырыптың 
әліппесі, әрине, ақынның өскен ортасы, тәрбие алған ошағынан бастау алатыны заңдылық 
болса, бұл арада Ұлжан ананың есімін бөліп айтамыз. Өйткені, Ұлжан 
– 
Абайды ақ сүт 
беріп өсірген анаcы, оның үстіне Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан. Ұлжан 
туралы, оның Абайға, Абайдың ақындығына қатысы жайындағы сөзді әріден, Абайдың 
нағашы жұртынан бастасақ, ол әулеттің тілінің өткірлігі сондай «Шаншардың қулары келе 
жатыр», 

десе жұрт дүркіреп
қашатын болған.
Жалпы, Абай тәрбие алған ел аналарының есімдерін әріден бастауға болады.
Сонау 
Абайдың төртінші атасы Айдостың әйелі Айпара сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем 
болған. Бертінгісі, Құнанбайдың
қарындасы Тайбала өзінің ешкімге ұқсамас өрлігімен, 
ақылдылығымен қалыңдық боп түскен елінде сыйлы болады. Құнанбайдың асырап алған 
баласы Ізғұттыны бала етіп еліне жіберген тосын шешімі ел аузында сақталған. Сөз жоқ, 
Тайбаладай өжет апайының ер адамға тән осындай шешімінің бала Абайға әсері болғаны 
анық. Аз ғана сөзі "Абай жолы" арқылы жеткен, ата
-
бабалары Өскенбай әулетімен силас 
болған Сары апаң дейтін ақынжанды анамыздың тәлімі де Абайға аз әсер етпегені 
шындық.
Абайға алғаш тіл ұстартып, ертегі
-
аңыздардан бастап қазақтың бай ауыз әдебиетімен 
таныстырған
– 
әжесі Зере. Бала Абайға тек әлдиімен ертегі айтып қоймай елдің салт
-
дәстүрін, қазақы ырым, жөн
-
жоралғыларды жетелеп жүріп таныстыру да Зере әжесінің 
сыбағасында болды. Бала Абай жастайынан атасы Өскенбай заманын, онда болып өткен 
түрлі оқиғалар мен ру таласын, саяси
-
әлеуметтік мәселелерді сезініп өссе, олар жайлы 
тарихи әңгімелерді
ел аузынан естіп, көкірегіне түйіп өсті. Өйткені, ол заманда әлі де болса 
қазақтың көшпелі өмірі мен әдет
-
ғұрпы, ұлттық салт
-
санасы, дүниетанымы сол қаз
-
қалпында сақталып, өзгеріссіз тұрған еді.
Парасатты әз әжеден үлгі алып, соның тәрбиесінде есейген Абайдың ендігі өмірдегі 
ұстазы асқар таудай әкесі 
– 
Құнанбай болды. Ұлы ақынның 13 жастан өмірінің соңғы 
күніне дейінгі өмір жолы аға сұлтандық билік жүйесінің соңы мен елді ала тайдай 
бүлдірген болыстық биліктің заманында өтіп жатты. Абай осы ортада ер жетіп, отбасы 
тәрбиесі мен халық өмірін танып
-
білу жолы мен қалыптаса бастады. Сол дәуірдің ел 
жақсылары Абайды «сөз ұғатын бала» дейтін көрінеді.


120 
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1933 жылғы Абайдың толық жинағында: 
«Құнанбайдың кім болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын»,

деген екен. Айтса 
айтқандай, Құнанбай туралы қанша айтса да, артықтық етпейді 
 
Құнанбай
Өскенбайұлы бүкіл өмірін ел жұмысына арнаған адам. Құнанбайды 
Тобықты
елінде «мырза» деген, Меккеге сапарынан кейін «қажы» атаған. Ол Тобықты 
руларын орналастыру, ауыл басы молда ұстау, дау, ұрыстарды реттеу, мұсылмандықты 
өтеу, (зекет беру, намаз оқу), балаларды оқыту т.б. әлеуметтік істерде көп еңбек сіңірді. 
Міне, осындай әкенің балаға деген жан
-
жақты ықпалының болары сөзсіз. 
Абай сегіз жасында әуелі “Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит
-
ханнан 1852
-
1855 жылдары оқыған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы оның зеректігін 
байқағаннан кейін 1855

жылы Абай он жасқа толғаннан кейін Семей қаласындағы Ахмет 
Риза медресесіне оқуға береді. Абай Құнанбаев 3 жыл осы медреседе білім алған. Медресе 
шығыс ақын
-
жазушыларының кітаптарын оқуға жол ашты. Абайдың рухани жағынан өсу 
жолында бұл оқу орны маңызды рөл атқарды. Медреседе шәкірттердің терең рухани білім 
алуларына аса жауаптылықпен қарады. Абай медреседе сопылар өкілдері Бақырғани, 
Аллаяр, Ахмет Яссауи, Низами, Физули, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи сияқты ғұламалардың 
шығармаларымен танысып, рухани азық алды. Абай Семейде жүрген кезінде қосымша 
«Приходская» мектебіне түсіп, үш ай орысша білім алады. Сөйтіп, ол орысша үйрене 
бастайды. Өкінішке қарай, оның
оқуы осымен аяқталады.
Қаладағы
оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты сүюді ала келген Абайға, 
ендігі тәрбиеші ұстаз қазақтың халық қазынасы болады. Осылайша ел даналығын танып, 
соны ерте қамту, жас талапкерге жаңа зор мектеп болады. Бұл жөніндегі азық білімді ол 
халықтан шыққан шешен ділмәр, ақын, ескі әңгімешіден, көпшіліктен алады. Осындай 
мұраларды сүю Абайдың негіз іргесін қатал, суық билер ортасында ғана қалдырмай, халық 
мұрасына бейім етіп жүреді.
Абайды зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі ол 

кемеңгер ақынның білім нәрін алып, 
қоғамдық
-
саяси өмір туралы көзқарасын қалыптастырған рухани өсу жолында темірқазық 
бағдар бола білген, оның ішінде ақынмен тікелей қарым
-
қатынаста болып, жанаса әсер 
еткен орыстың халықшылдарымен (народниктерімен) таныс болғанын, хат жазып 
тұрғанын, Абайға келіп үш
-
төрт айлап қонақ болып жатқандарын Мұхтар Әуезовтің 
мақалаларынан кездестіруге
болады. Бірақ, бұл жайында ешқандай нақты деректер 
келтірілмеген. Дегенмен, осындай ауызша деректер арқылы болсын, Абайдың орыс 
демократтарымен араласқандығын білеміз. 
Қорытынды:
Абай өскен ортасының бүкіл жақсы қасиеттерін бойына жиып өседі. 
Бұл қасиеттер оның ерте ер жетіп, айналадағы болып жатқан қуаныш пен қайғыны, жақсы 
мен жамандықты айыра білуіне көмектесті. 
Абай Құнанбаев ата
-
тегінен берілетін ерекше қасиеттерді дер кезінде тани біліп, оны 
одан әрі жетілдіріп отырды. Өзінің ізденістерінің, талабының арқасында ғана осы 
қасиеттерді өзінің бойына сіңірді. Абайдың заманынан асып туған кемелдігі ең алдымен, 
әкенің қаны, ананың сүтімен бойға дарыған құт, туған топырақтың қасиетінен. Екінші, тал 
бесіктен әженің әлдиімен, атаның әлқиссасымен жадыға жатталған қазақтың асыл сөзі, 
домбыраның күйі, қобыздың үнімен жүрекке тұнған төл өнер «қазақта қара сөзге дес 
бермеген» Абайды ғұлама етіп қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет