Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет35/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

2.3
 
І БӨЛІМ: БЮДЖЕТТІҢ ДҰРЫСТЫҒЫ
 
2016 жылғы PEFA әдіснамасы тиімділігінің алғашқы үш көрсеткіші нақты шығыстар 
мен кірістерді бастапқы бекітілген бюджеттермен салыстыру жолымен мемлекеттік 
бюджеттердің дұрыстығын бағалайды. Дұрыс бюджет нақты шығыстар мен 
табыстардың 
бастапқыда
болжанып, жоспарланғанға және бекітілгенге жақын дегенді 
білдіреді. Бұл үш индикатор 2015, 2016 және 2017 қаржы жылдарын ескере отырып
бастапқы ниеттерге сәйкес бюджеттің шынайылық және пайдаланылу деңгейін 
бағалайды
1
.
2.3.1
PI-1: БЮДЖЕТА
БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫС БӨЛІГІН АТҚАРУДЫҢ 
ЖИЫНТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Бұл көрсеткіш бір параметрден тұрады, ол жиынтық нақты бюджет шығыстарының 
бюджеттік құжаттама мен қаржылық есептерде көрсетілгендей, бастапқы бекітілген 
бюджетпен қаншалықты сәйкес келетіндігін салыстырады. Ол күрделі де, ағымды да 
барлық шығыстарды, сондай-ақ сыртқы қарыздар мен гранттар есебінен 
қаржыландырылатын бөлігін қамтиды. Көрсеткіш орталық үкіметті және соңғы 
аяқталған үш қаржы жылын қамтиды. 
Нақты жиынтық шығыстарды бастапқы бекітілген бюджетпен салыстыру нақты 
шығыстар бастапқы бюджеттен 2015 жылы -5,8 пайызға, 2016 жылы - 6,7 пайызға және 
2017 жылы 29,0 пайызға ауытқығанын көрсетеді. Айырмашылық үш жылдың екеуінде 
10 пайыздан аз болғандықтан, қабылданған баға - B.
2009 жылы қолданыста болған 
2005 жылғы әдіснамаға сәйкес - Қазақстандағы PEFA - ның алдыңғы бағалау күнімен 
сыртқы көздер есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша пайыздық төлемдер 
мен шығыстар назарға алынбаған. Қазақстанда бұл көрсеткіш өте аз. Салыстыру үшін, 
егер 2016 жылдың жаңа әдіснамасы жағдайында пайыздық төлемдерді алып тастаса, 
онда үш жылдағы жоспарланған және нақты шығыстар арасындағы айырмашылық -6,0 
пайызды, 6 пайызды және 31,7 пайызды құрайтын еді, бұл да B бағалауына алып 
келеді. Бағалау - В. 
1
2017 жылғы нақты деректер аудитке жатады 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет