Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет27/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Экология

 

и

 

устойчивое

 

развитие

»

Балқаш көлінің ластануы да алаңдаушылық туғызады: ол Арал 

тағдырын қайталауы əбден мүмкін. Өткен ғасырдың 1960-жылда-

рынан бастап Балқаш көлінің экологиялық проблемалары бастал-

ды: ол ұсақтала бастады, су деңгейі екі метрден астам төмендеді. 

Аумағы екі мың шаршы шақырымға қысқарды. Мұнда тұзды бат-

пақтар да пайда болды. Басты себебі: Балқаш көлінің жағасындағы 

қалалардан өнеркəсіптік шығарындылар мен сарқынды сулардың 

көлді  ластауы.  Мыс  балқыту  зауыты  жүздеген  мың  тонна  қал-

дықтарды көлдің жанына орналастырды. Олардан күкірт диоксиді 

жəне  қауіпті  ауыр  металдардың  онға  жуық  түрі  суға  түседі.  Өн-

дірістен мыңдаған тонна улы шаң жыл сайын көл суларына түседі 

[10].  Каспий  теңізінің  экологиялық  проблемалары  да  Қазақстан-

ның су ресурстарының ластану мəселелеріне жатады. Теңіз сула-

рында соңғы кездері қауіпті үрдіс байқалады – ол өзін-өзі тазарту 

қабілетін жоғалтып отыр, бұл келешекте таза су қоймасын тұнды-

рғышқа айналдыру қаупін туғызуы мүмкін [11]. Мұның да себебі 

– өнеркəсіптəк техногенді іс-əрекет. 

Жалпы,  көбінесе  Қазақстан  су  ресурстарының  ластану  көзін 

анықтау  өте  қиын,  өйткені  бұл  кəсіпорынның  зиянды  заттарды 

рұқсатсыз  шығаруына  немесе  ауылшаруашылық  ластануларға 

не  болмаса  өнеркəсіптік  жұмыстарға  байланысты  ластану  болуы 

мүмкін [12]. Десе де, су ресурстарының ластануы мен тапшылығы 

Қазақстанның  ғана  емес,  жалпы  жердің  тұрақты  дамуы  үшін 

маңызды  экологиялық  проблема  болып  табылады.  Бұл  мəселені 

кең  ауқымда  –  мемлекеттер  мен  кəсіпорындар  деңгейінде,  кіші 

ауқымда – аймақтық жəне жергілікті билік деңгейінде, сондай-ақ 

əр адамның сана-сезімі деңгейінде толыққанды шешу қажет.

Су ресурстарын тазалау əдістерінің ең жалпы жіктелуін келесідей 

бөліп қарастыру маңызды: физикалық; химиялық; физика-химиялық; 

жəне  биологиялық.  Əдістер  тобының  əрқайсысы  тазалау  процесін 

жəне оның аппараттық дизайнын жүзеге асырудың көптеген нақты 

нұсқаларын қамтиды. Сондай-ақ, суды тазарту, əдетте, максималды 

тиімділікке қол жеткізу үшін əртүрлі əдістердің комбинациясын қа-

жет ететін күрделі міндет екенін ескеріп отыру қажет [13].

Еңдеше,  алдымен  қазақстандық  су  объектілерін  ластанудан 

қорғау мақсатында келесі іс-əрекеттерді қолға алу абзалырақ:

1)  су  ресурстарының  су  жинау  алаңында  улы  химикаттарды, 

тыңайтқыштарды  қолдануға  тыйым  салу.  Су  жинау  алаңы  мен 



32



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет