Narxoz Student Research-2021
су объектілерін санитариялық қорғау аймағындағы дезинфекци-
ялық, дезинсекциялық жəне дератизациялық іс-шаралар халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
уəкілетті органмен келісу бойынша жүргізілуі қажет;
2) радиоактивті жəне уытты заттарды су объектілеріне ағызуға
жəне көмуге белгілі-бір шектеулер қою (салықтық, мораториялық
іс-əрекеттер);
3) су ресурстарына тазарту құрылыстары жоқ жəне тиімді та-
зарту нормативтеріне сəйкес қамтамасыз етілмеген өнеркəсіптік,
тағамдық объектілердің сарқынды суларын ағызуға жол бермеу
(заңмен қатаң қудалау, барлық құжаттардың дұрыстығын жəне
тазарту құрылыстарының іс-əрекетін практика жүзінде тексеру);
4) су объектілерінде радиоактивті жəне уытты заттардың
бөлінуімен қатар жүретін технологиялардың ядролық жəне өзге де
түрлері пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргізуге қаты-
сты экспедициялар құру, зияндылық деңгейін зерттеу;
5) халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін
су ресурстары мен су шаруашылығы құрылыстарында тиімді за-
манауи техника мен технологияларды қолдану.
Қорыта келгенде, республиканың су экожүйелері мен ресур-
старына антропогендік жүктеменің ұлғаюына жəне жергілікті
халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты сонымен қа-
тар ауыл шаруашылығы жəне өнеркəсіп өндірісінің дамуы – су
ресурстарының жай-күйін мемлекеттік деңгейде бақылаудың
пəрменді тетігін əзірлеуді өте қатты талап етеді. Трансшекара-
лық өзендердің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану жөнін-
де мемлекетаралық ынтымақтастық мəселелері де өз шешімін
талап етуде. Экономика салаларында қазіргі заманғы су ресур-
старын тазарту жəне ластанудан алдын-ала қорғау техноло-
гияларын кеңінен қолдану, мемлекетаралық су қатынастарын
жетілдіру, өзен ағынын бассейнаралық жəне трансшекаралық
бұру Қазақстан Республикасының су ресурстары қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің нақты негізі болуы əбден мүмкін. Сондықтан
келешек экологиялық-инновациялық сценарий республиканың
барлық табиғи-шаруашылық жүйелерінде су пайдаланудың тең-
герімділігін қамтамасыз ететіндей іске асырылуы – біз үшін өте
маңызды.
|