Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет31/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Экология

 

и

 

устойчивое

 

развитие

»

Мəліметтерге  сүйенсек,  аталған  қалдықтардың  жартыдан  көп 

бөлігі  қайта  өңдеуге  жіберіліп,  екінші  реттік  пайдалануға  жарам-

ды. Əйнектің (стекло) 96%-ының қайта өңделуінің өзі мемлекеттің 

жетістігі, жəне қалдықты қайта өңдеу орындарының жеткіліктілігі.  

Ал бұл мемлекетпен Қазақстанды салыстыратын болсақ, Қазақстан-

да  қалдықты қайта өңдеу саласы дамымаған. Бұл мəселені шешудің 

басты  жолы  –қалдықты  қайта  өңдеу.  Елімізде  барлық  қалдықтың 

10%-ы  ғана  өңделіп,  90%-ы  еш  шара  қолданылмауынсыз,  ашық 

аспан  астында  шашылып  жатыр.  Қалдықтардың  10%-ының  өңде-

луінің өзі еліміздегі барлық аймақты бірдей қамтымайды.  

Аймақтар бойынша өндіріс қалдықтарының қайта өңделу мен 

қайта кəдеге жарау көлемі көрсетілген. Кесте мəліметтеріне сəй-

кес, аймақтар бойынша көш бастап тұрған Атырау облысы, Шығыс 

Қазақстан облысы жəне Маңғыстау облысы. Өндіріс қалдықтары-

ның негізгі шығу көздері өндіріс орындары болғандықтан, Шығыс 

Қазақстан  облысымен  Батыс  Қазақстан  облысының  көш  бастап 

тұруы заңдылық. Себебі, Қазақстандағы негізгі өндіріс орындары 

осы  аймақтарда  орналасқан.  Өндіріс  қалдықтарының  өңделуінің  

осы аймақтарда дамуының басты себептерінің бірі осы.  Алайда, 

қайта  өңделген  қалдықтар  көрсеткіші  қуантарлықтай  емес,  өте 

төмен десек те болады. 

Қазақстандағы  өндіріс  қалдықтары  жыл  сайын  1  миллиард 

тоннаға көбейіп отырады. Алайда, олардың 1 пайызы ғана өңде-

леді екен. Жалпы елде осындай 22 миллиард тонна өндірістік қал-

дықтар бар (Өндірістік қалдықтар, n.d.). Осындай көп мөлшердегі 

қалдықтың тек 1%-ы өңделетін болса, қалған 99%-ының барлығы 

қоршаған ортаны ластау үстінде. Өндіріс қалдықтарының өңделме-

уімен қатар, олардың ешқандай қоршаусыз, ешқандай қауіпсіздік 

шаралары қолданусыз ашық аспан астында жатуының өзі тек қор-

шаған ортаға емес, сонымен қатар, жануарлар əлеміне де өзіндік 

зиянын  тигізуде.  Жануарлар  өзіне  жемтік  іздеу  барысында  сон-

дай ашық алаңда еш қоршаусыз шашылып жатқан қалдықтармен 

қоректенуі  əбден  мүмкін,  жəне  ол  жануарлар  ағзасына  кері  əсер 

етіп, олардың тіршілігінің тоқтауына себепкер болады. Осылайша, 

өндіріс  қалдықтары  өздерінің  улы,  зиянды  қасиеттерімен  ауаны, 

жер қыртысын ғана ластап қоймай, флора мен фаунаға, тіпті, жа-

нуарлар тіршілігіне өзіндік кесірін тигізуде. Ал бұндай жағдайлар 

орын алмас үшін өндірістік қалдықтар мəселесін  шешу жолдарын 



38



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет