Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет18/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жолдасым  вагоннан  қарғып  түсті  де,  поезға  сүт,  айран,  жұмыртқа  алып 

шыққан әйелдердің қасына барды одыраңдап. 

– Апалар, амансыздар ма, бәріңізге мың сәлем! – деді ол бас иіп. – Айран бар 

ма? 

– Бар, шырағым, бар, - десті әйелдер. 



Жолдасым  бір  банка  айранды  басына  бір-ақ  көтерді.  Содан  соң  түбінде 

қалған  жұғының  жинап  алып,  бетіне  жақты.  Қап-қара  жігіттің  беті  ала 

бажалақ боп шыға келді. 

– Мұның не, шырағым, – деді айран иесі қартаң әйел таңданып. 

–  Мұным  –  қуанғаным,  апа.  Сұрапыл  соғыстан  аман  келіп,  туған  жерге 

табаным  тиіп,  сіздей  апамның  қолынан  айран  ішкеніме  қуанғаным.  Туған 

елдің  дәмін  татқаныма  қанғаным,  айранның  қалғанын  бетіме  жаққаным  – 

балалық күнім есіме түсіп, еркелегенім, апа. Сізге еркелегенім, Қазақстанға, 

халқыма еркелегенім. 

Әшейінде  сөзге  олақ,  кеудесі  орден  мен  медальға  толы  аңқылдақ  батыр 

жолдасымның сол бір сөзі керемет шешен болып шықты. 

–  Алда,  бақыр-ай,  елді  сағынған  екен  ғой,  -  деп  сол  жерде  әйелдердің  бәрі 

тегіс жылап жіберді. 

– Қай жердікісің? 

– Шешең бар ма еді? – деп әркімдер сұрап та жатыр. 

–  Талдықорған  облысыныкімін.  Өзіңіздей  келген  шүйкедей  ғана  қара 

домалақ  шешем  бар  еді.  Соған  асығып  келемін,  –  деді  Тәкен  кемпірлердің 

біріне қарап. 

– Алда, бақыр-ай. 



20 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет