Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет19/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Шешеңнің жүрегі жарылып-ақ кетер-ау сені көргенде. 

Осылай деп әйелдер қолдарындағы бар жұмыртқа, бар сүт, айранын Тәкенге 

ұсынды. 


–  Туған  жердің  дәмін  таттым,  маған  сол  болады,  –  деді  Тәкен  әйелдердің 

ұсынғанын алмай. 

Жұрт оған қарамады. 

– Жолдастарына бер. 

– Соларға дәм татыр. 

Тәкен бет-аузы айғыз-айғыз болып, әйелдерді вагонға бастап келді. 

– Алыңдар, жігіттер! Туған ел ырзығы! Алыңдар!.. 

– Ішіңдер. 

– Дәм татыңдар, – деп жатыр әйелдер. 

Әйелдер әкелген тамақтарын бәрімізге тегін бөліп берді. Біреу ақша төлемек 

болып еді, қартаң ана ренжіп қалды: 

–  Төрт  жыл  соғыста  аштан  өлмеген  біз  соғыс  біткеннен  кейін  өледі  деп  пе 

едіңдер? 

Қойыңдар,  қарақтарым,  ақшаларыңды  қозғамаңдар.  Әлде  жат  жерде  жүріп 

елдеріңнің қонақжай салтын ұмытып қалып па едіңдер? 

Бұл сөзге жауапты тағы да Тәкен берді. 

– Жоқ, апа, ұмытқамыз жоқ, – деді ол. - Онда біз мұны халықтың майданнан 

жеңіспен келген жігіттерге шашқан шашуы деп қабылдайық. 

– Е, жөн. 



21 

Әдеби KZ 

–  Сөйтіңдер,  –  деп  әйелдер  разы  боп  қалды.  Осы  кезде  біздің  поезымыз 

гудок беріп, ілгері қозғалды. 

Зымырап  келе  жатқан  поездың  есігінен  етектегі  елге  қарап  отырған  менің 

есіме  данышпан  Жиренше  түсті.  Хан  қасында  көп  жүріп  ел  аралап,  орда, 

сарайларда ұзақ-ұзақ қонақ болып үйіне қайтқан кедей Жиреншенің сирағы 

жаман  лашығына  сыймай  сыртқа  шығып  жатса  керек.  Хан  ордасындағыдай 

мамық  төсекте  емес,  лашық  ішіне  төселген  өлең  шөптің  үстінде  рақаттана 

керіліп жатып шешен: «Шіркін, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деген 

екен дейді. 

Мен жолдасымның бетіне қарадым. 

– Тәкен, үйіңе жетуге асығып келесің бе? – дедім. 

– Е, үйіне жетуге кім асықпаушы еді, – деді ол. 

Мен оған ауылға баруға асықпайтынымды, Алматыға қалып, оқуға түсетінімді 

айттым. 

–  Сенің  оқуыңа  болады.  Ал  менің  басыма  ешбір  оқу  қонбайды,  -  деп  ол  өз 

басын жұдырығымен тоқылдатып қойды. - Мен барамын да елдегі бір жақсы 

қызға  құлындай  шыңғыртып  құрық  саламын.  Маған  одан  басқа  оқудың 

керегі жоқ. 

Мен күлдім. 

–  Күлме,  -  деді  ол.  –  Оқуда  да  жақсы  қыздар  көп  болады.  Аузыңды  ашып 

босқа қарап жүрмей, сен де солардың бір тәуірін нысанаға ал. 

«Сөйтіп,  мен  кеше  ғана  эшелоннан  түстім,  қыздар.  Бүгін  міне  сендердің 

орталарыңа  келдім.  Мен  сендердің  ағаңмын,  бауырыңмын,  досыңмын, 

қыздар. Мен сендердің бәріңді де жақсы көремін!..» 



22 

Әдеби KZ 

Аудитория  есігінің  сыртынан  шылдыраған  қоңырау  дауысы  естілді.  Бірінші 

лекция бітті. 

Құс мұрын оқытушы жайлап орнынан тұрып, есікке қарай аяндады. Әшейінде 

қоңырау  соғылса-ақ  ешкідей  секеңдеп  есікке  қарай  алдымен  жүгіретін 

қыздар, сабақ үстінде өзара іштей уәделескендей, ешқайсысы селт етпестен 

парталарында сіресіп отырып қалды. 

 

 




23 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет