БИЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК
Жұматай КӘКІМЖАНОВ Сәрсенбінің сәтінде Қоста-
най облысының әкімі Архимед
Мұхамбетов Қазақстан және
Өзбекстан үкіметтері басшы-
ларының қатысуымен өткен
«Агроөнеркәсіптік кооперация,
өнеркәсіптік кооперация, өнер-
кәсіп және туризм саласындағы
өңірлік бизнестің ынтымақтас-
тығы» тақырыбындағы 2-ші ай-
мақаралық ынтымақтастық фо-
румына қатысты.
Үкіметаралық жиында Қос-
танай облысына ерекше назар
аударылғанын айта кеткен жөн.
Былтыр біздің аймақ пен Өзбек-
стан Республикасының аймақта-
ры арасындағы сыртқы сауда ай-
налымы 34,9 %-ке өсіп, 150 млн
АҚШ долларына жетті.
Форумның қорытынды оты-
рысында Ташкент облысының
хокимияты мен Қостанай облы-
сының әкімдігі арасында 2020-
2021 жылдарға бағытталған
өзара ынтымақтастық туралы ме-
морандумға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында өн-
дірілген автомобильдерді сату
және экспорттау үшін «Avtosanoat
invest» ЖШҚ, «СарыарқаАвто-
Пром» ЖШС және «Аллюр ком-
пания тобы» АҚ арасындағы бір-
лескен кәсіпорын туралы келісімді
іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарына қол қойылды.