8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет3/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Қымбатты 
жерлестер!
Сіздерді Алғыс айту күнімен құт-
тықтаймын! 
Отанымыздың бейбітшілігі мен гүлденуі 
жолында табыс пен бақ-береке тілеймін!
Қазақстан халқы облыстық 
Ассамблеясының төрағасы, 
Қостанай облысының әкімі
А. Мұхамбетов.


БАС РЕДАКТОР ӘЛЕМІ
Жанұзақ 
АЯЗБЕКОВ
Ел сөзі
6
28 ақпан 2020 жыл
2
*
Бақытты адамдар кезекте дөрекі сөйлемейді
көлікте ұрыспайды, әріптестері туралы өсек айтпайды. 
Бақытты адамдардың әлемі бөлек. Оларға бұл керек емес.
*
Америкалықтардың кез келген жерге отыра қалып, 
көшедегі көгалды жерге жата кететін бір жаман әдеті 
бар. Менталитеті сондай халық. Мысалы, Марк Цукер-
берг әйелі екеуі көшенің бір қалтарысына жайғаса қалып, 
жүрек жалғап отыр екен. Дәл осындай әдеттерін үлгі 
етіп алмай-ақ қояйықшы, ағайын. Нағашы апам көшедегі 
бір жерге шоқиып отыра қалсаң, тұрғызып жіберетін. 
Көрінген жерге тізе бүгіп отыра кету – тексіздіктің, көр-
генсіздіктің белгісі дейтін.
*
Қайғысыз – адамды сүйе білуге, адаспай – білімдар 
болуға, қорықпай – батырлыққа жетуге болмайды. (Кон-
фуций)
*
Ақиқатты тануға ақылы жетпегеннен адамшылық 
күтпе (Лао Цзы).
Бұрын бірге туған ағайын, қарындасы түгілі, руынан 
біреудің жаман аты шықса қайнап шығатын қандағы 
намыс енді боксшының бір уыс қолғабын паналап қана 
жалған өмірін жалғастырып жатыр. Соны намыс дейтін 
болдық. Тіпті қазір жартылай жалаңаш сахнаға шығатын 
арулар байқауында «пәлен ару түген облыстың намысын 
қорғады» дейтін тіркестерді көреміз. Намыс байқұс өлмес 
үшін мұндай жерде де жүр қазір. «Әй, намыс! Мұнда не 
ғып жүрсің? Бүйткенше өлсеңші» дейді ғой бір күні оған 
біреу. Өлгені де сол шығар. Иә, намысты ерлер әлі де бар 
екеніне шүбә келтірмейміз. Бірақ, намыстың қолданылар 
аумағы қаншалық тарайса, намысты қазақтың соншалық 
жоғалып бара жатқаны да (Ұларбек).
*
"Ақылды керексіз ұштай берсең топастандырып 
аласың", – депті Лихтенберг.
*
Қазақта сахна жоқ, қуыс-қолтықсыз, делдалсыз, 
өнердің туу сәтінен бастап, оның орындалуына дейінгі 
барлығы тұтынушысының көз алдында ашық өтіп жа-
тады. Бұл жағынан алғанда, қазақ өнеріне жететін де-
мократиялық сипаты бар өнер аз, бірақ, бұл – искусство 
емес. Өйткені, искусство адамға ғана тән болса, ал им-
провизация Көктің төрінен «тартылатын» (суырылатын) 
және «өнетін» құдіреттің бір бөлшегі болып табылады. 
Сол себепті де, далалықтар саз өнеріне қатысты «тарту» 
ұғымын пайдаланады: домбыра тарту, қобыз тарту, сы-
рнай тарту. Мұның түбінде, саз сарынын Көктің төрінен 
суыртпақтап тарту үдерісін мағыналау жатыр. Бұл табиғи 
тарту, аспапта «ойнау» емес. 
*
Ертедегі ғалымдардың бірі: «Шыншыл деп та-
нылған адамға өтірік айтуына рұқсат (яғни, оның айтуы 
мүмкін). Ал, өтірікші деп танылған адамға шын айтуға 
болмайды, яғни өтірікшіге рас айтады деп сенуге бол-
майды», – деп айтқан екен. Расында да, шыншыл деп 
танылған адамның үнемі шын айтатыны сонша, тіпті, 
ол бір мәрте өтірік айтып қойса да оған халық сенеді. 
Ал, өтірікші адам жиі өтірік айтуының салдарынан бір 
мәрте шындықты айтса да оған ешкім сенбейді. Оның 
сөзін ешкім растамайды.
*
«Қазақтың орысқа құлай берілгендігі, орысша ак-
центсіз сөйлеуге тырысып, құбылуы қандай жиіркенішті, 
қандай өкінішті опасыздық» (Майя Плисецкая) 
*
Біреу қазақтың бүгінгі өмірдегі олқылығын айтса 
болды, жалған намысқа бой алдырып, жан-жақтан талап 
шыға келеміз. Бүгінгі қазақтың отбасында 30-ға келгенше 
әке- шешесінің көмегімен өзі ғана емес, бала-шағасымен 
өмір сүріп, қиындық-кедергілерінен өз бетінше өте ал-
майтындар бар.
*
«Залым адамнан, тіпті туысыңыз немесе жақы-
ныңыз болса да аулақ жүріңіз» депті 5-ші ғасырда өмір 
сүрген епископ Иоанн Дамасский.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет