Миллионнанастам кәсіпкер салықтан босатылады Шұға ҚОҢҚАБАЙ 26-ақпан күні Қостанайда жаң-
быр сіркіреп, соңы көктайғаққа
ұласқан еді. Соның салдарынан
мертіккендер де көп. Бірінің
қолы сынса, бірі тобығын шыға-
рып алған. Дәрігерлердің ай-
туынша, көмекке жүгінгендер
өте көп. Жалпы соңғы екі айға
жуық уақытта көктайғақ сал-
дарынан жарақат алғандардың
саны 600-ге жуықтаған.
– Сол күні дәрігерлердің
көмегіне түскі уақытта жүгін-
гендер көп болды. Солардың
60 пайызы қолын немесе аяғын
сындырып алған. Кейбірі ауруха-
наға жатқызылды, жеңіл жарақат
алғандар үйлеріне қайтарылды.
Көктайғақтың салдарынан ба-
лалардың қауіпсіздігі үшін түс-
тен кейін сабақ болған жоқ. Мұн-
да көктайғақтан зардап шегіп,
медициналық көмекке жүгінген-
дер саны күндіздің өзінде 25-ке
жетті. Оның ішінде 17 адамның
сіңірі созылған, – дейді қалалық
ТҚСҚБД-нің штаттан тыс бас
травмотологы Алексей Солод.
Облыстық төтенше жағдай-
лар департаменті алыс жолға
шықпауды, сондай-ақ, жаяу жүр-
гіншілер жолында абайлап өтуді
ескертеді.
АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!