КӘСІПКЕ ҚОЛДАУ Әлібек ЫБЫРАЙ Қостанайда оңалту және бан-
кроттық рәсімдердің, салық және
бюджет заңнамасының кейбір
өзгерістеріне байланысты семи-
нар-кеңес өтті. Онда мемлекеттік
кіріс комитетінің өкілдері қоста-
найлық кәсіпкерлерге заңнама-
дағы кейбір өзгерістерді түсін-
дірді.
Кездесуге елордадан келген
қонақтардан өзге Солтүстік Қа-
зақстан облысының өкілдері қа-
тысты. Осылайша, ликбез бірден
екі өңірді қамтыды.
– Өткен жылдың соңында
«оңалту және банкроттық рәсім-
дерін, салық және бюджет заңна-
масын жетілдіру мәселелері тура-
лы» заңға қол қойылғаны белгілі.
Осыны жан-жақты түсіндіру үшін
біз арнайы келдік. Яғни, осы жыл-
дан бастап күшіне енген өзгерістер
туралы айтпақпыз. Бірінші кезек-
те – шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін салық пен тексе-
рулерден үш жылға босату мәсе-
лесі. Айта кету керек, бірқатар
өзгерістер дайындалып жатыр,
олардың негізгі блогы Парламент
Мәжілісінде бекітілді. Бірақ бұл
бөлек әңгіме, – деді ҚР Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті салық салу және жеке
кәсіпкерлік түрлері басқармасы-
ның басшысы Гүлмира Смағұлова.
Ол кейбір кәсіпкерлер әлі күн-
ге дейін қандайда бір жеңілдік қа-
раластырылғанын білмейтіндігін
айтты. Заңға енгізілген өзгеріс-
терге байланысты елдегі кәсіп
иелерінің 75% -і мораторийге тап
болмақ.
Ал ҚР МКМ оңалту және
банкроттық басқармасының бас-
шысы Айгүл Уәлиева банкротқа
ұшырайтын кәсіпкерлер жауап-
кершілікке тартылатынын айтты.
– Кейбір процедуралар жеңіл-
детілсе де, төлем қабілетсіздігін
арттыруға бағытталған шаралар
арқылы әдейі банкроттыққа ұшы-
рату – қылмыстық әрекет болып
саналатындығын ескерте кеткен
жөн, – деді А.Уәлиева.
Семинар соңында коми-
тет өкілдері қатысушылардың
сұрақтарына жауап берді.