Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет73/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

ӘОК 636.3.03.(574) 
 
Рузиева У. У., Құлатаев Б.Т. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
«АЛАТАУ ДЕЙРИ» ЖЕКЕ ШАРУА СЕРІПТЕСТЕГІ ІРІ ҚАРА МАЛДАРЫНЫҢ
БУАЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
Андатпа
Мақалада буаз биенің қан сарысуындағы гормондардың антигендiк құрылымын 
иммунодифузиялық преципитация реакциясымен анықтаған ыңғайлы. Малдардың 
буаздығын антидененi бейтараптау реакциясымен анықтаған тиімді. 
Кілт сөздер: 
ірі қара тұқымы, ұрпақтар, төл алу, буаздығы, тірі салмағы,
ұрықтандыру.
 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы-ның өркендеуіне малдардың төл 
сандарының көбеюінің қосатын үлесі зор. Елімізде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді 


52 
арттырып, мал өнімділігін көтеру, мал басын көбейту мәселелерін іс жүзіне асыруда 
малдың буаздығын ерте анықтау әдістерін жетілдіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп 
отырылуы керек. Қазіргі таңда ірі қара мал саны қарқынды түрде өсу үстінде, оған негізгі 
себеп, ірі қара мал тұқымдарын (әсіресе етті бағыттағы тұқым) шетелдерден сатып алуда 
болып тұр. Селекциялық-асылдандыру жұмыстарының жанданып, жақсара бастауы, 
сапалы өнім өндіруге, әрі малдың жаңа тұқымын шығаруға ықпал етуде.
Етті ірі қара мал шаруашылығында малды ұстау, оларды асырап күту үш 
технологиялық әдістен тұрады: сиырды байламай бос жіберіп, емін-еркін бұзауымен бірге 
ұстау, бұзауды өсіріп-жетілдіру немесе жайып-семірту және сиыр етін алу үшін 
бордақылау.
Қазақстанда, әр өңірдің ауа-райы, табиғаты, жер жағдайына байланысты, етті ірі қара 
малдың алты тұқымы аудандастырылған, 12 асылтұқымды мал өсіріп-өндіретін зауыт және 
38 асылтұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Оларда 76 мың бас асыл тұқымды етті ірі 
қара малы өсіріледі, оның 22 мыңы аналық сиырлар [1]. Республикамыздың асылтұқымды 
ірі қара мал зауыттары мен шаруашылықтарында ұзақ жылдардан бері жүргізілген 
селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде қазақтың ақбас сиыр тұқымының 
мол өнім беретін зауыттық сүлелері шығарылды.
Мұндай жұмыстар осы сиыр тұқымын еліміздің басқа да өңірлерінде көбейтіп, 
таратуға өз ықпалын тигізеді [2]. Шығыс Қазақстанның асылтұқымды «Қалбатау» мал 
зауытында қазақтың ақбас сиыры тұқымы зауыттық сүлесі - тоқал сиырының 
бұқашықтарын өсіріп-дамытуды зерттеген [3]. Елімізге шетелден әкелініп жатқан етті ірі 
қара мал тұқымдарын атап өтер болсақ, ол Францияның көп жеріне тараған 6 етті ірі қара 
мал тұқымдары: шароле, лимузин, обрак, салерс, аквитандық және госкон тұқымдары. Бұл 
ел жыл сайын әлемдік саудаға 1,3 млн. бас ірі қара мал сатады, оның 40-50 мың басы 
асылтұқымды мал [4]. 
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша елімізде 
2011 жылдың аяғына есептегенде 5702,4 мың ірі қара,18091,9 мың қой мен ешкі, 1204,2 мың 
шошқа, 1607,4 мың жылқы, 173,2 мың түйе және 32,9 мың құс болды. Ірі қара малының 
саны жағынан ең алдыңғы орындарда Оңтүстік Қазақстан (840 мың бас), Алматы (828 мың 
бас) және Шығыс Қазақстан (745 мың бас) облыстары екен. Барлық етке сойылған малдың 
және құстың түрі бойынша (тірі салмаққа есептегенде) алғашқы орындарда Алматы (16 мың 
тонна), Оңтүстік Қазақстан (15 мың тонна), Қостанай (12 мың тонна) және Ақтөбе (10 мың 
тонна) облыстары болған [5]. 
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда бір ғана компания (EPD – компания «BIOBEEF», 
Канада) өздерінің тіркеу, тізімге алу және индексті есептеу, бағалау қызметін ұсынуда. Бір 
айта кететін нәрсе, 1992 жылы жүргізілген мал тұқымдарының санағы бойынша қазақтың 
ақбас сиырының жалпы саны 1 млн асса, ал 2012 жылдың басында 78,2 мың бас 
асылтұқымды мал қалған, оның ішінде 24 мыңнан астамы аналық сиырлар [6].
Бұқалардың тұқымының құндылығын анықтауда, сиырларды, олардан алынған 
ұрпақтарды бонитировкадан өткізу, олардың тұқымының құндылығының индексін 
анықтауды, малдың генетикалық тұрғыдан дамуын жылдамдатады [7]. 
Буаз биенің қан сарысуындағы гормондардың әсері және малдардың буаздығы 
бойынша жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, әлі де көптеген 
мәселелер анықталмауда. Бұл басты мәселелерге малдардың буаздығын ерте анықтау 
әдістерінің әлі де толық жетілмегендігі жатады.
Малдардың буаздығын анықтау негiзiнен сылап-сипау, тік ішекке қол тығу, т.б. 
әдістерімен жүргізілді. Аталған әдістердің өзіндік кемшiлiктерi бар.
Атап айтқанда, сылап-сипау әдісінің малдың буаздығын алғашқы айларында 
анықтауға мүмкіншілігі жоқ. Себебi, малдардың буаздық белгiлерi алғашқы айларда 
көмескі және айқын емес.


53 
Ал, тік ішекке қол тығу көптеген қиыншылықтар тудырады. Оларға тік ішекті 
жарақаттап алу, буаз малдың жатырын сипалау барысында іш тастау, т.б. келеңсіздіктері 
жатуымен қатар, бұл әдісті барлық мал мамандары жете меңгере алмайды. Осыған 
байланысты малдардың буаздығын ерте анықтауға жаңа және тиiмдi әдістер енгiзу өзекті 
мәселе болып саналады.
Осы уақытқа дейiн микробиология, вирусология, т.б. салаларында кеңінен 
қолданылып жүрген иммунологиялық әдістер зоотехника саласында әлі де кем қолданылып 
келедi. Бұл жағдайлардың себептерiне буаз биенің қан сарысуындағы гормондар-дың 
антигендiк құрылымының толық зерттелмеуi, сезімталдығы жоғары, қойылуы жеңіл және 
өндірісте тиiмдi керi гемагглютинация реакциясын қоюға қажетті эритроциттi 
диагностикумдар алу әдістерінің игерілмеуі және кеңінен енгiзiлмеуi жатады. 
Сондықтан, малдың буаздығын иммунологиялық әдістермен анықтау үшін, 
серологиялық реакциялар қоюға қажетті сезімталдығы жоғары антигенді диагностикумдар 
мен антиденелі иммунды қан сарысуларын алу жұмыстары жүргізілуі қажет.
Буаз биенің қан сары суындағы гонотропты гормондарға қарсы сезімталдығы жоғары 
иммунды қан сарысуын алу барысында иммундеу сүлбелерінің әсері антиген құрамы мен 
оны енгізу амалдары және адъюванттың ықпалы т.б. көптеген әдістердің әсерін зерттеуді 
қажет етеді.
Алынған сезімталдығы жоғары иммунды қан сарысуын буаз биенің қан сарысуының 
антигендік құрылымын анықтауға және серологиялық реакциялардың нәтижелерін 
бақылауға қолдану мүмкіндіктері зерттелу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет