мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың
императивтері мен механизмдері көрсетілді.
Мәңгілік Ел идеясы - қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан
еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология
болатынына сенуге болады.
Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты
мақаласы жарық көрді. Терең де мағыналы зерттеулер мен ұсыныстар тарихымызды
тереңдете түсу үшін басты бағдар болмақ. Әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосқан ата-
бабаларымызды өз дәуірінің озық ұрпағы деуге негіз бар. Осыны тарихи деректермен
безбендеген Ұлт көшбасшысы қазақ жері – түркі әлемінің
алтын бесігі екендігін баса
айтады. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт –
бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы
басталады» деуінің түп-төркінінде зор мағына бар.
Мақаланың бірінші тармағында:
1.Атқа міну мәдениеті;
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия;
3.Аң стилі;
4.Алтын адам;
5.Түркі әлемнің бесігі;
6.Ұлы
Жібек жолы;
7.Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны.
Ал, екінші тармағында:
1. Архив- 2025;
2.Ұлы даланың ұлы есімдері;
3.Түркі әлемнің генезисі;
4.Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі;
5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;
6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі,- бастау алған.
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа
міну
мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен
мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі –
«аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері - «Алтын адам»
жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік
экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің
ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи
жәйт қана емес, сонымен қатар әрбір Қазақ үшін де аса
қымбат құндылықтар болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: