«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
24
25
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ӨЗАРА БАҒАЛАУ
БОЛАТОВА Ә. М., АСЫЛОВА Д.
10 сынып оқушылары, Қ. Ыдырысов атындағы мектебі, 
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
ТОГТОХ С. 
жетекші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
Қ. Ыдырысов атындағы мектебі, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
Жаңартылған білім мазмұны - оқушы бойындағы қабілетті 
жетілдірудің кепілі. Жалпы сындарлы оқытудың мақсаты – 
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін 
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда игілік көзіне жарата 
білуі. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының 
тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы 
болып табылады. Сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің 
қатысуын талап етеді [1, 9 б.].
Әр баланың біліміндегі кемшіліктерді емес жетістіктерін атап 
көрсету арқылы балаға нені оқу керектігімен қалай оқу керектігін 
көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалуы, баланың 
әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, 
жан-жақты болып ескерілуі маңызды. Осы әрекеттер арқылы 
оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы 
жағдай туғызады. Аталған әрекеттердің барлығы қалыптастырушы 
бағалау барысында жүзеге асады. Қалыптастырушы бағалау – бұл 
баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Ол критерийлерге сәйкес 
бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді. Жаңартылған 
білім мазмұнында тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы 
бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі - өзін-өзі бағалау 
және өзара бағалау [2, 25-28 б.].
Оқушылардың өзара бағалауы ынталандырылып, өзін-өзі 
бағалауға деген құқығын біледі, үдеріс пен оқыту нәтижесіне деген 
жауапкершілігі артып, өзін-өзі бақылауы күшейеді. Мұғалімнің 
қызметі төреші, бақылаушыдан көмекші, кеңесшіге ауысады. 
Бағалау үдерісінде мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті үзілмейді, 
керісінше жаңа білімді игеру ынтымақтастығы жалғаса түсіп, кері 
байланыс орнайды. Өзін-өзі бағалау үдерісі тиімді өту үшін, ең 
алдымен оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі қажет. 
Мақсат кең және оқушыға қол жетімді түрде тұжырымдалу керек. 
Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты, 
бақыланатын өлшемді мақсатқа жауап беру керек. Оқушылардың 
өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға 
болатындығын түсіну қажеттілігі бағалау үдерісін шынайы және 
бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек. Өзара 
бағалау үдерісі Драхмен мен Суэтстің айтуынша, кері байланыс пен 
құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде 
мұғалімдердің сынына қарағанда тиімді болуы ықтимал [3, 140 б.].
Диалог барысында өзінің мықты және осал жақтарын сырт 
көзбен көруге мүмкіндік береді.Сыныптастарын бағалау маңызды 
рөл атқарады, себебі ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға 
өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік беріп, сынды қабылдауға ықпал етеді, 
өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады. 
Алайда бұл оқыту үшін бағалау қағидаттарына сүйенгенде табысты 
болмақ. Талпынғандар ғана білім алады демекші, оқу сапасын арттыру 
үшін, кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс 
істеуі қажет екендігін білген абзал. Мысалы біз қазақ тілі сабағында 
төмендегідей тапсырмалар орындаймыз. Және мұғалім ұсынған 
бағалау критерийілері мен дескрипторды негізге ала отырып өзімізді 
бағалаймыз, бір-бірімізді бағалаймыз. Бағалау критерийлері: Мәтінге 
жоспар құра алады. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени 
тақырыптарға байланысты диалогтегі көтерілген мәселені түсіндіре 
алады. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға 
байланысты монологтегі көтерілген мәселені түсіндіре алады.
Жазылым тапсырма. Мәтін «Қазақ халқының амандасу салты». 
Мәтінді түсініп оқы. 
Ой мәйегін анықта. Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құр. 
Бағалау критерийі: Мәтіндегі кілтті сөздерге сүйеніп, қарапайым 
жоспар құра алады. Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды. Бөлімдерді 
бөлімшелерге бөледі. Кілтті сөздерді сұрыптайды. Кілтті сөздерден 
кесекті ой түйеді. Қалыптастырушы бағалау. Ұлттық нақыштағы 
смайликтер арқылы бір-бірімізді бағалаймыз.
Сурет 1
Тыңдалым алды тапсырмалары 1. Төлеген Айбергеновтың 
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің әр сөзіне зер салып тыңдаңдар. 
Тыңдалым кезіндегі тапсырма. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет