Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектеп оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
2. Сулейменова С. А. Математиканы оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер//Молодой ученый.
— 2016.
3. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы/ А.Қ.Әлімов.-
Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2014.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Педагогикалық шеберлік орталығы» 2016ж
Балабекова К. К. , Касабаева Ж. Н.
КММ “№48ЖББМ”, Қарағанды қ.
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ТАПСЫРМАЛАРДЫ САБАҚТА ТИІМДІ
ҚОЛДАНУ
222
Қазіргі кезде мектеп бітірушіге қандай дайындық керек деген мәселеге көзқарас өзгеруде.
Мектеп пәндік білім мен білік дағдыларын қалыптастырумен қатар оқушыларды алған
білімдерін нақты жағдайларда пайдалану дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі керек. Дәл
осы құбылыс функционалдық сауаттылық болып табылады. Функционалдық сауаттылықтың
айрықша белгілері көрсетілген:
1) күнделікті мәселелерді шешуге бағыттау,
2) тұлғаның нақты жағдайдағы мінезінің сипаттамасы; өйткені ол өзін нақты әлеуметтік
жағдайларда көрсетеді;
3) бұл әрдайым оқу және жазу дағдыларының бастапқы (негізгі) деңгейі.
Оқу сауаттылығы-функционалдық сауаттылықтың бір түрі. Заманауи қоғамдағы өмірге
деген дайындықтың маңызды параметрі ретінде қарастырылатын оқу сауаттылығының негізі -
мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Оқу сауаттылығы-оқушылардың
мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға кері байланыс жасай алуы, мәтіннің мазмұнын өз
мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне
араласуы үшін дамытуы.
Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды Блум таксономиясы
принципі бойынша құрастырамыз: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу және бағалау.
Тапсырмалар оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін проблемалық жағдайларды
шешуге бағытталған.
Тапсырмалар мен сұрақтарға оқушылар жауап іздей отырып, мектептен алған
білімдерінің өмірде қандай пайдасы бар екеніне жауап алады. Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыра отырып, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда, әлеуметтік ортада
қолдана алуға үйрете аламыз.
Сабақтарымызда Блум таксономиясы негізінде құрастырылған тапсырмалар үлгісін
назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.
Мысалы, 5 – сыныпта «Әлемдегі ірі кітапханалар» тарауын қорытындылау сабағында
төмендегідей тапсырмаларды беруге болады.
Кітапхана картасы
1. Сізге пән мұғалімі ағылшын тілінен кез келген бір кітап оқуды тапсырды, кітапхананың қай
бөліміне барасыз?
2. Іздегеніңізді кітапхана сөрелерінен таба алмасаңыз, кітапхананың қай бөліміне жүгінесіз?
3. Сіз ұнатқан кітапхана қызметкері үйге алып кетуге рұқсат бермесе, не істейсіз?
4. Жаңа кітаптар қайда орналасқан?
5. Жаңа кітаптардың не себепті бұл бөлімде орналасқанын түсіндіріңіз. (Ықтимал жауаптар:
1)Адамдар кітапханаңа кіргенде жаңа кітаптарды көреді. 2) Жаңа кітаптар басқа кітаптардан
бөлек тұр, сол себепті оны табуға оңайға соғады. 3) Жаңа кітаптар көрінетін жерде орналасқан.)
6-сыныпта «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тақырыбын өткенде,
төмендегідей тапсырмаларды қолданған тиімді.
Мәтін
Далалы сарышұнақтары ыстыққа бейім жаратылған. Дене температурасы 10°C дейін түссе де,
өздерін еш жайсыз сезінбейді. Ол – дала тышқаны. Жаз бойы 16 килограмнан астам шөп пен
астық жейді.
223
Сарышұнақ – дәнді дақылдардың зиянкесі. Олар жайылымдық жерлерді, азықтық өсімдіктерді
жойып, қарқынды ауыл шаруашылығына зиян тигізеді. Сонымен қатар, оба, сарып (бруцеллез)
ауруларын таратады. Алайда жануарлардың терісі бағалы.
1-
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты кестеге бөліп жаз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
2-тапсырма. Егер сізге «Қызықты деректер» деген айдарды дайындау жүктелсе, мәтіннің қай
сөйлемін қолданар едіңіз?
А) Сарышұнақ – дала тышқаны.
В) Сарышұнақ – дәнді дақылдардың зиянкесі.
С) Сарышұнақтың дене температурасы 10 °C-қа дейін түссе де, өздерін жайсыз сезінбейді.
D) Сарышұнақ өсімдіктермен қоректенеді.
3-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтерді пайдалана отырып, сарышұнаққа қатысты шаруашылық,
мамандық иелерінің көзқарасын сәйкестендіріңіз.
Функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында 9-сыныпта «Биотехнология
жаңалықтары» тақырыбындағы сабағымызда жоспарланған тапсырмаларға мысал келтіреміз.
Мәтін
«Биотехнология» терминін алғаш рет 1917 жылы венгр ғалымы К. Эреки енгізді.
Биотехнология тірі ағзалардың жасушаларын өзгерту арқылы биоөнімдерді жасау мен
пайдалануды көздейді. Биотехнологияның дамуы азық-түлік тапшылығын жою, энергетика,
минералды ресурстар, қоршаған ортаның жай-күйін және денсаулық сапасын жақсартуға
көмектеседі. Мысалы, үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын
тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді.
Қазіргі уақытта адам дүниеге келген сәтінен бастап-ақ, генетикалық паспортын жасауға
мүмкіндік беретін технологиялар бар. Бұл жағдайда адам өмірінде кездесетін бірқатар ауруларды
ескертуге немесе оның өршуіне тосқауыл қоюға зор мүмкіндік туады.
1-
Мәтінді оқып,кестені толтырып жаз
Білу
Мәтін не туралы?
Биотехнологияның дамуы қандай
мүмкіндіктер береді?
Түсіну
Биотехнологияның мүмкіндіктері
адам
өміріне
қандай
ықпал
жасайды?
Қолдану
Биотехнологияның
мүмкіндіктерін
қай жерде қолдануға болады?
2-тапсырма. Тіркестерді баған атауларына байланысты сәйкестендіріп, биотехнология
мүмкіндіктері адамзаттың дамуына қандай әсер етететіні туралы айтып бер.
1.Азық-түліктерді шығару
А)Денсаулық сапасы
2.Дәрі-дәрмектерді жасау
В)Тамақтану сапасы
3.Жануарлардың асыл тұқымдары
С)Мал шаруашылығы
Осындай оқу сауаттылыған арттыратын тапсырмалар мен сұрақтарға оқушылар жауап
іздей отырып, мектептен алған білімдерінің өмірде қандай пайдасы бар екеніне жауап алады.
Сонымен қатар, танымдылық қабілеттері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды
әрекет қалыптасады. Бүгінгі таңда оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда аянбай еңбек
етуіміз қажет. Ол үшін әр сабағымыз қызықты, оқушыны жалықтырмайтын, пәнге деген
қызығушылығын оятатындай болуы керек. Сонда ғана оқушыларымыз ізденімпаз, белсенді,
224
болашақта өзінің алған білімдерін қолдана алатын тұлға ретінде қалыптасатынына септігін
тигізбек.
Достарыңызбен бөлісу: |