Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет108/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   271
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
В.А.Сухомлинский «Павлыш орта мектебі», Мәскеу-1969 ж. 
2.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. Ақорда 2012. 


219 
3.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы. 
Бактыбекова Ж.К 
№11 ЖББМ, математика пәні мұғалімі 
Жезқазған қ. 
 
ЗАМАНАУИ САБАҚ: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА 
БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы өзекті мәселеге айналып отырған оқушылардың 
сауаттылығы. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман 
ағымына, жасына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. 
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, 
дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік 
бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді 
қолдануына үйрету. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалып 
жатыр: 
ғылыми зерттеу жағын қамтамасыз ету; 

білім беру мазмұнын жаңарту; 

оқу-әдістемелермен қамтамасыз ету; 

оқушылардың білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу. 
Функционалдық сауаттылықты дамыту-оқушылардың алған білімдерін өмірде тиімді және 
әлеуметтік бейімделу процесінде пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзіреттіліктер жүйесін 
меңгеруі болып табылады. Негізгі құзіреттілік- бұл мемлекеттің оқушыға білім беру нәтижесі 
түрінде қоятын талаптары. 
Мектеп бітіруші түлектің бойында мынадай негізгі құзіреттіліктер қалыптасуы тиіс: 

проблеманы шешу қабілеттілігі; 

өмір бойы білім ала білуі; 

ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті; 

әлеуметтік іс-әрекет жасауға қабілеті; 

өзін-өзі жетілдіру; 

азаматтық жауапкершілікті сезінуі; 

ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеттілігі. 
Негізгі құзіреттіліктен басқа пәндік құзіреттіліктер бар: оқу пәні шеңберінде меңгерілген 
ерекше білім, дағды және іскерлік ерекшеленеді. Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің 
негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның 
қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына 
бағытталған тапсырмалар; экономикалық мазмұндағы тапсырмалар: тәжірибеге бағытталған 
тапсырмалар т.б) болып табылады. 
Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауда функционалдық сауаттылықтың мынадай 
түрлері бағаланады: 

оқу сауаттылығы; 

математикалық сауаттылық; 

жаратылыстану ғылыми сауаттылық. 


220 

Математикалық сауаттылық-әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, 
математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар,ойлы азаматқа 
тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдана білу қабілеттіліктері. 
Математикалық сауаттылық, бұл:

математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну; 

әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіру; 

дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; 

есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен 
байланыстыру; 

математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін 
қолдану. 
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, 
математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған 
мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. 
Математика -барлық ғылымдардың логикалық негізі – күретамыры ретінде 
қарастырылады, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, 
дамытады және оны шыңдай түседі. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша 
қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу
қабілетін шыңдайды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап
түсінуге көмектеседі. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық 
тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар. 
Оқушының бойында XXI ғасыр дағдыларын жетілдіру үшін функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру керек. Математикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы білім-білік 
дағдысын арттыруға іс-әрекет жасаймыз. Осы жолда мақсатқа жету үшін оқушыларға өмірге 
бейімдейтін тапсырмалар дайындау керек,сол тапсырмаларды орындауда тиімді әдіс-тәсілдер 
жүзеге асырылады. XXI ғасыр дағдысын игермей, азаматтар өз құқықтарын қорғай алмайды, 
қоғамға ықпал ететін міндеттерді орындай алмайды.
Оқушылардың бойында функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерге қазіргі 
білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты білім беру 
қиындық тудырады, яғни мұғалім, заманауи сабақ беруге дайын болу керек. Осы заманауи сабақ 
интерактивті құралдардың көмегімен жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді тиімді 
пайдалану барысында жүзеге асатын сабақ болып табылады.
Сабақтың сапасын арттыруда, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда өз 
сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудамын. Әрбір сабақта оқушыларды өмірге 
бейімдейтін экономикалық, практикалық,зерттеу тапсырмаларын оқулық есептерімен қоса 
қолданып отырамын. Мысалы, 8-сыныптың геометрия пәні бойынша «Төртбұрыштардың және 
үшбұрыштардың ауданы» тақырыбын түсіндіру барысында практикалық тапсырмаларды 
қолдану сабақты терең ұғынуға әсерін тигізеді. 
Математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма ұсыну 
Тапсырма №1 «Бағбан» 
Бағбанның 32 м сымы бар, ол жерде гүлзардың шекарасын белгілегісі келеді. Ол гүлзардың 
пішінін келесі параметрлерден таңдауы керек. 
Сұрақ. Бағбанға оның шекарасын көрсету үшін 32 м сым жеткілікті ме, жоқ па? Гүлзардың әр 
формасының қасындағы «Иә» немесе «Жоқ» сөзін дөңгелектеңіз. 


221 
Гүлзардың 
формасы 
Гүлзардың шекарасын белгілеу үшін 
сымдар жеткілікті бола ма? 
А формасы 
Иә/Жоқ 
В формасы
Иә/Жоқ 
С формасы
Иә/Жоқ 
D формасы 
Иә/Жоқ 
Тапсырма №2 «Сиқырлы фигуралар» 
Суретте қанша үшбұрыштар мен төртбұрыштар бар? Бір үшбұрыштың ауданы 10 см кв. 
А. Таблицаны толтыр: 
Үшбұрыштардың саны 
Төртбұрыштардың саны 
Ә. Берілген фигураның ауданын тап. 
Б. Кіші шаршының қабырғасын тап. 
В. Суретте кескінделген фигураның периметрін тап. 
Міне, осындай тапсырмаларды әрбір сабақта қолданып отырса, оқушылардың бойында 
өмірге деген, мамандық таңдауға деген бейімі қалыптасады. 
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол 
заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына 
жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру 
үшін мынадай жұмыстарды жүргізуіміз керек: 
сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы 
бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс 
жасауды күшейту; 
сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты 
емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту; 
математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны 
практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету; 
мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту 
стратегияларын пайдалануды үйрету. 
Функционалды сауатты тұлға-бұл, әлемнің қолданыстағы заңнамасына орай,қоғамдық 
құндылықтармен күтілетін мүмкіндіктер және қызығушылықтарына сай әрекет ете алатын тұлға. 
Функционалды сауатты тұлғаның негізгі қасиеттері: дербес, танымдық қасиеттерге ие және кез 
келген жағдайдан шығуға икемді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет