217
бойына белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау,
шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс
таңдай алу дағдыларын сіңіре отырып, өмір бойы білім алуға дайын екенін түсінеді[2].
Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен
тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы Ұлттық жоспарда берілген төрт негізгі
механизмнің бірінші түрін өз практикамызда қолдандық. Осы механизм түрлеріне тоқталайық[3].
Ақпараттық, білім алушы өз бетінше ақпараттар көздері арқылы білімін көтеріп отыруы,
сол арқылы танымдық қабілетін ұштау керек. Тоғызыншы сыныпта «Қазақстанда табиғаттың
қорғалуы» тақырыбында «Қызыл кітап» тақырыбында баяндама жасау тапсырмасын
орындағанда, оқушылар қосымша кітаптар, ғаламтор жүйесіндегі ақпараттарды саралап, ерекше
маңызды мәліметтерін ұсына алды. Оқушының ақпараттық технологияны еркін игеруіде үлкен
рөл атқарды. Себебі, оқушылардың баяндаманы ұсынуы бейнефильм, таныстырылым, эссе,
ақпараттық хат күйінде болды. Білім алушы бұл бағытта ойлау, елестету, қабылдау, танымдық,
шығармашылық қажеттіліктерін дамытты. Берілген мәліметтердің негізгі, маңызды бөлігін
саралау, оның түйінді шешімін шығару арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыстарға
бағыттаймыз.
Коммуникативтік,
оқушының қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қатынас
жасау. География сабағында терминдерді үш тілде оқулықта ұсынылған. Сонымен қатар,
тапсырмаларда да терминдердің үш тілде берілуі сұралған. Оқушылармен бірге терминдік
сөздерді үш тілде қарастырамыз. Мысалы: «Қазақ гидронимдері» тақырыбында тапсырма былай
берілді: Картаның көмегімен гидронимдерді ата, сипаттамасын жазып, таңдаған гидронимдердің
транслитерациясын үш тілде жазыңыз. Оқушылар жұмысқа ерекше кірісіп, сабақ барысында
жылдам орындады, қабілеті төмен оқушылардың да белсене араласуы, ағылшын тілінде
білмеген терминдерін ғаламтор арқылы табу ретімен орындады. Және де гидронимдердің
транслитерациясын үш тілде жазылуын кескін картада орындаған жұмыстар болды.
Коммуникативтік, өзара қарым қатынасты үш тілде жүргізу, оқушылардың қызығушылығын
арттырады.
Әлеуметтік, қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай білу.
География сабағында
экологиялық мәселелерді шешу, жағдаяттар беру арқылы тапсырмаларды орындау. География
пәнінде барлық курстарда экологиялық тақырыптар бар. Бірізділік, жүйелік болу мақсатында
тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай, жергілікті проблемалар бойынша берілді. «Майқұдық
ауданындағы аула тазалығын қалай сақтауға болады?» проблемалық сұрақ бергенде әрбір оқушы
өз ауласындағы проблемаларды көтеріп, оның шешу жолдарын айтты. 2018 жылы осы сабақтағы
проблеманы шешу мақсатында жоба дайындалып, қалалық деңгейде оқушылар қорғап, ІІІ
орынға ие болды. 2018 жылы 10 сынып оқушылары қоқыстың экономикалық бағытта
жарамдылығын дәлелдей отырып, облыстық конкурста ІІІ орынға ие болды және Республикалық
конкурсқа жолдама алды. Экологиялық жағдай проблемасын оқулықтағы тақырыпты оқи
отырып, мектеп ішіндегі проблемалар көтерілді. Оқушылар экологиялық акцияға қатысып,
Айтуғанов Батырбек және сыныптастары 2019 жылы блогер болып, қалалық, облыс деңгейінде
акцияларға белсене араласты. «Қоқыстан шыққан пайда» деп мектепішілік акция өткізілді.
Оқушылар макулатура жинап, оны өткізді. Экологиялық бағытта
сабақта алған білімдерін
практикада қолдану біз үшін үлкен нәтиже болды. Себебі, 2020 жылғы түлегіміз Айтуғанов
Батырбек университетте де осы бағытта жұмыс жасап жатыр.
Тұлғалық, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім-білік-дағдыларын игеру,
болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу.
География пәнінде барлық мамандыққа шолу өткіземіз десем артық болмайды. Қазақстанның
шаруашылығын өткенде әрбір өнеркәсіптің орналасқан жері мен еңбек ресурсына тоқталамыз.
Себебі, кәсіптік бағдар беру мақсатында, мамандықтардың ерекшелігі туралы оқушыларда
сұрақтар туады. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мамандықтардың маңыздылығы мен оның
қиыншылығын, пайдасын ашып айтамыз. Бұл сабақтар конференция, кейде дебат күйінде
өткізіледі. Себебі, әрбір оқушының ата-анасы маман иесі. Ата-анадан естіген, көргендерін ортаға
салады. Картаға шолу, қалаларға визуалді саяхат жасау кезінде оқушылдардың географияға
деген қызығушылығы артады. «Мен болашақта қандай мамандықты таңдаймын?» деген сұраққа
оқушылар өз мақсаттарын айтады. Немесе, «Машина жасау кешені» тақырыбын өткенде, «Мен
218
машина жасау зауытын ашамын» проблемалық тақырыбында оқушылар зауытты қай жерге
орналастыру дан бастап, оның тиімділігі мен экономикалық шығынын анықтауға тырысады.
Әрбір
оқушының жауабын қабылдап, проблемалық сұрақ қою арқылы кемшілігін өзі анықтаға
бағыттадық.
Азаматтық, қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең
меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсіну. Жаңартылған
география оқулықтарында тақырыптарды ашу кезінде Қазақстанның нысандарын мысалға
аламыз. Мысалыға, 9-сыныптағы «Көші-қоны» тақырыбында көші-қонның себептерін
анықтағанда, табиғи-климаттық түрін сипаттағанда, қазақтың әдеп-ғұрыптары, кезіндегі көшпелі
халықтың ерекшелігін айта отырамыз. Оқушылар көші-қонның себептерін өздері анықтай
отырады. Мысалы, «қыстау»- қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды,
оты мол жерлерде орналасады.Қыстау аймағы шарбақпен қоршалып, айналасына ор қазылып,
қора жайлары болады. «Көктеу» - көктемгі қоныс, шөптің
жаңадан қаулап шыққан кезінде,
көктем айларында мал жайылатын өріс. «Жайлау»- жазғы қоныс, суы мол, шөбі шүйгін, маса-
сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. «Күзеу»- мал баспаған, оты мол, қыстауға
жақындау жайылым таңдап алынған жер.
Міне, осылай терең, салт-дәстүрімізді айта отырсақ, салт-дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа
жеткіземіз деп айта аламыз. Тоғызыншы сыныпта Қазақстанның географиясын толық
өткендіктен, материалдар өте көп, қазақ жерінің географиясын толық сипаттауға уақыт
жеткіліксіз. Туған жеріміздің, географиясын толық сипаттау бағытында «Өлкетану» оқулығын да
қосымша қолданамыз. «Өлкетану» оқулығы, Қарағанды жері бойынша жазылғандықтан,
жергілікті
жерді мысалдарға алған кезде, 5-7 сыныпқа арналғандығына қарамастан, сабақта
қолдандық.
Технологиялық,
ақпараттық
технологияларды
сауатты
пайдалану.
География
сабақтарында ақпараттық технологияларды міндетті түрде қолданамыз, электронды карталар,
«Microsoft Excel» парақшасы бойынша диаграммалар сызу, әсіресе 10-11 сыныптарды. «Microsoft
Word» мәтіндер жазу, диаграммалар сызу. CorelDRAW бағдарламасын да ішінара қолдандық.
10-11 сыныптарда деректер базасын жинақтау «Microsoft Excel» парақшасында жинақтау өте
тиімді, яғни маңызды деректерді бөлек жинақтау және диаграммасын сызуда қиындық
тудырмады. 2019 жылы 10-сыныптарда сабақ барысында өте жақсы қолдандық, биыл 10-
сыныптар қашықтықтан оқыту жүйесінде отырғандықтан оқушылардың бірең-сараңы игеріп
отыр. Сабақ барысында таныстырылым жасау, жарнамалық видеолар дайындау. Биыл 11
сыныптарда «Брендинг» дайындау жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтижесін келесі оқу жылында
конференцияға алып шыға аламыз.
Пәндік
құзіреттілігі, география пәні бойынша өз білімін дамыта отырып, өзін
белсенділікке, шығармашылық тұрғыдан ойлауға, шешім қабылдай алуға, өз кәсібін дұрыс
таңдай алуға дайын тұлға тәрбиеленеді. Әрбір жеке тұлға өмір бойы білім алуға дайын тұруы
керек.
Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі ата-аналардың балаларды оқыту мен
тәрбиелеуге белсене қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық
сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты
әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Өкінішке орай, барлық ата-аналар бұл бағытқа көңіл
аудармайды. Яғни, ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп,
қол үшін беруі,
олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға
көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуы тиіс.
Қорыта келгенде, В.Сухомлинскийдің «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек. Ол бала солай
бола алады», дегендей шәкіртке жан-жақты терең білім беріп қана қоймай, жүрегіне
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат-жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз[3].
Достарыңызбен бөлісу: