Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет76/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   271
Литература
1. Олейник О.В., Кабанюк Л.П. Проектная деятельность: методика обучения. М.:2015. 
2.Хузеева Г.Р., Быковская Е.В., Трошина А.А. Диагностика и развитие коммуникативных 
компетентностей детей младшего школьного возраста//Психолого-педагогическая служба 
сопровождения ребёнка. - ООО Гуманитарный издательский центр Владос,2014. -с.55-59.
Абдипаттаева Г. У. 
Ұлытау ауданың білім бөлімінің әдіскері 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН
 ДАМЫТУДА ПЕДАГОГТІҢ РОЛІ 
 
Елімізде білім беру жүйесі оқушының өмір сүру дағдысын қалыптастыратын, қабілетін, 
икемділігін дамытуға бағытталған, шешім қабылдай алатын, өзіндік «Мені» қалыптасуына 
мүмкіндік беретін бағдарламар енгізіліп, қызу жаңартылған мазмұндағы бағдарлама жұмысы 
атқарылып жатыр. 
Қазақстан Республикасында білімнің сапасын жетілдіру үшін негізгі бағдар ретінде 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс қимылдарды тұтастығын және 
жүйелілігін қамтамасыз ету білім беру жүйесіні басты мақсатының бірі. Бұл – Елбасының 
білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктердің бірі болатын. 
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп 
көрсетеді.
Бірінші механизм – оқыту әдістемесі мен мазмұнын түбегейлі жаңарту, яғни мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін 
мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік 
бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы 
үнемі білімін көтеріп отыруы); коммуникативтік (қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, 
жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс- әрекет жасай алу 
қабілеті); тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды 
игеру); азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, 
өзінің азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (түрлі технологияларды 
сауатты
пайдалануы).
Білім алушы осы айтылған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді 
меңгеруі тиіс. Екінші тетік – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту, яғни, функционалдық 
сауаттылықты дамыту білім- түсіну-қолдану-жүйелеу жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу 
жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Функционалдық 
сауаттылықты дамытудың үшінші тетігі- балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың 
белсенді қатысуы. Төртінші тетік – қосымша білім беру жүйесін дамыту.Оқудың 
интерактивтік,инновациялық формалары енгізілуде. Олар: балалар интерактивті сабақтары 
(ғылыми қалалар); технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б. Осылардың 
бәрі – тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушылардың бойында
шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. 


155 
Ұлттық іс-қимыл жоспары тек нақты мақсатты – алған білімді іс жүзінде қолдануды 
айқындап қана қоймайды, сонымен қатар орта білім парадигмасын түбірімен өзгертудің де 
негізі болады. Бұл дәстүрлі мектептен тиімді мектепке, одан әрі ең заманауи – баланың жеке адам 
ретіндегі рөліне негізделген және бүгінде алдыңғы қатарлы әлемдік тренд болып табылатын 
феноменалды мектеп моделіне көшу болып есептелінеді.Функционалдық оқу сауаттылығын 
дамытуда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың түбегейлі өзгерістерін талап 
етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайларда оқушы көңілін 
қанағаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік 
қарым-қатынасқа ауысуын қажет етеді. Функционалды сауаттылықты меңгерген оқушы білімді өз 
бетімен игеріп, өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарайтын болады. Бүгінгі таңда әлем, 
тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігі ұлғаяды, 
құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасайды. Белсенді түрде білім жинақтайды. Осының 
бәріне мұғалім көшбасшылық етіп, бағыт-бағдар беріп отыр. Оқушы оқу үдерісіне мұғаліммен 
бірге араласып отырады. Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін 
қоса алуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін бағалау критерийлеріне сүйене отырып, топпен, жұппен 
немесе жеке жауап берген балалардың еңбегін қалыптасу деңгейіне қарай бағалау оқушының әрі 
қарай ынталанып оқуы үшін үлкен ықпал етеді. Мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал 
ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын бағдарламаның жеті модулі: 
оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды 
бағалау; оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Жалпы білім беретін мектеп педагогтары осы модульдер бойынша 2012 жылдан бастап 
деңгейлік курстардан өтіп, өз тәжірибелерінде осы модульдермен оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамытуға мүмкіндік жасап жатыр. Деңгейлік бағдарлама енгізілгеннен кейін, 
педагогтардың білім берудегі әдістері, көзқарасы, оқыту сапасы, ұйымдастыру ерекшеліктері 
мақсатқа, күтілетін нәтижеге негізделе бастады. Педагогтың функционалдық сауаттылығын 
дамыту арқылы оқушының сауаттылығы дамиды деген сенім.Сондықтан бүгінгі өскелең ұрпақтың 
үлкен өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын қабілетін көтеріп, танып білу заман талабына 
айналып отыр. Олай болса оқушы бойына адамгершіліктің асыл қасиетін сіңіру, сапалы білім 
беріп, оның болашағын, жеке басын сыйлау педагогтың басты бірінші міндетіне айналған. 
«Адам естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді. Еңбек пен іс-әрекет үстінде қалыптасады-деп», 
А. Эйнштейн айтқандай қазіргі сабақта тек білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды 
қасиеттерін қалыптастыру керек, оқушыны жоғарғы оқу орнына түсуге ғана емес, өмірге 
дайындау қажеттігі туындап отырғаны баршамызға мәлім болып отыр.
Мысалы, математиканың теориясы мен шығару жолдарын мықты білетін математик педагог 
бар және осы педагогтың берген математикалық теориясын, есептің шығару жолын түсініп, мықты 
шығаратын,есте сақтау қабілеті, математикалық логикасы дамыған дарынды, талантты оқушы 
болады немесе тілдік қабілеті дамыған суырып салма дарынды,ақын жанды оқушы болады. 
Ондай оқушылар әр мектепте жеткілікті. Бірақ бір ғана біліммен шектеліп қалған балалар тағы 
бар. Кей жағдайда осы талантты балалар өмір сүруге келгенде, мұғалімнен, ата-анасынан тыс 
қалған жағдайда шешім қабылдай алмай өмірдің добына айналып кеткен қаншама талант иелерін 
көруге болады.Неге талантты балалар осындай күйге ұшырады? Себебі, балалар мектепте «Үздік» 
оқушы болды, үйде ата-аналарының сүйіктісі болды, ата-аналары «жақсы» оқушы, «жақсы» бала-
деп қарады. Балаға қажетті заттарын дайындап, дайын нәрсеге ие болған балалар, мектепте 
жұлдыз болып, мұғалімдердің сүйіктісіне айналды. Осыдан тәрбиеленген балалардың көпшілігі 
өмір сүруге, шешім қабылдау, ынтымақтастық, достық қарым-қатынастан гөрі, жеке басының 
қамы, маған тең келетін оқушы жоқ деген жұлдызды ойлардан шыға алмай, өмірдің добына 
айналған адамдардың барлығы талантты, қолынан өнері бар, шебер, әнші, математик, ақындарды 
да кездестіресіз. 
Оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жүйесі осы балалардың 
өмір сүруіне демеу беретін, қолдайтын, ынтымақтастықта да, бірлесіп отырып та білім алуға 
болатынын дәлелдейтін жүйе. Функционалдық сауаттылық:
 
Оқушылардың сыртқы ортамен 
қарым-қатынас жасау қабілеті; Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі
Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі; Оқушылардың білім, білік, 
дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы; Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, 


156 
проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігі; Оқушылардың жеке бас 
қабілеттерін дамытудың тетігі; Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты. Баланың 
тәрбиесі ата-ананың ғана баласы болмай, елдің жанашыры, патриоты, қорғаушысы, тұлғалық 
«Мені» қалыптасқан, басқарушылық, көшбасшылық, достық, ынтымақтастық қабілетін дамытуға 
мүмкіндік беретін жүйенің бірі осы функционалдық сауаттылықты дамыту. 
Ол үшін педагог осы бағытта өзінің функционалдық сауаттылығын жоғары дәрежеде 
дамытып, түсінген жағдайда, осы бағытта дәстүрлі бағыттан, өзгермелі заман талабына, оқушы 
қажеттілігіне қарай білім беру әдісін өзгерткен жағдайда оқушының оқуы, функционалдық 
сауаттылығы, өмір сүруге икемділігі дамиды. Қазіргі сауатты адам кім? Сауаттылығы пәнмен 
шектелмеген, бір бағытта ғана дамыған емес, жан-жақты біліммен қаруланған: адами қасиеті, тіл 
табыса білу қабілеті дамыған, үш тілді меңгерген, үш тілмен қатар үш жүздің, бірнеше ұлттың 
мәдениетін танып білген, сыйластықпен ұлттарға құрметпен қарайтын, туған елдің қадірін, 
туған 
жердің 
тілін, 
ділін 
сыйлайтын,интелектісі 
жоғары, 
адами 
ерекшелігімен 
ұйымдастырушылық қабілеті, креативті ойы ұшқыр, ынтымақшыл, бірлік пен достықтың 
жаршысы ғана сауатты адам болады деп ойлаймын. Ал педагог осы тұлғаны өмірге дайындауы 
үшін мұғалімнің бойында осы қасиеттер қалыптасқан, әр іс-әрекетінен жоғарыда айтылған 
қасиеттерді білім алушылар айтпай -ақ, жар салмай-ақ байқайтындай дәрежеде болуы шарт деп 
ойлаймын. 
Қазіргі педагогтарымыздың алдында жоғарыда айтылған міндеттер тұр. Себебі қоғам күнде 
қарыштап дамуда, өзгеруде, еліміз әлеммен қарым-қатынасы нығаюда, жастарымыз шетелдерде 
білім алып,өз елінің тарихын, дәстүрін басқа елдермен салыстыра алады, өзге мәдениеттің де өз 
тәжірибесіне, қажеттілігіне қарай қолдануына мүмкіндіктері бар. Қазіргі педагогтарымыз 
оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда осы айтылған бағыттарды дамытумен 
айналысуда. Нәтижесінің алғашқы қадамдары да бар. Жас білім алушылар орыс, ағылшын, 
француз, қытай, түрік, өзбек, қырғыз тілдерін емін игеріп, сол халықтардың да әдет-
ғұрыптарымен танысып, достық, ынтымақтасқан қарым-қатынастары дамуда. Келешек ұрпаққа 
жасалынған бағдарламарымыз өз уақытында, ұрпақтың сұранысына дөп басып келіп отыр. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту –ол өмір талабы, қоғам талап етіп 
отырған жүйе. Бұл жүйені дамытуда педагогтің ролі ең жоғары дәрежеде болып отыр. Себебі, 
барлық білімін жетілдіру курсына келген мұғалімдерге осы оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамытуы бойынша тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық 
жобалар, өзіндік жұмыстар арқылы педагогтың оқытуда функционалдық сауаттылығы дамуына 
мүмкіндік алады. Аталған іс-шаралар тек облыс көлемінде ғана емес, Республика көлемінде, 
Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, өз идеяларымен әдіс- алмасу 
мен пікір таластарға қатысып ктеді. Әрине, педагог білімін жетілдірудің түрлі формалары бар, 
қашықтықтан оқу, онлаин тәртібінде, желілік қауымдастық арқылы, оқу семинарлары арқылы т.б 
іс-шаралардың педагогтар үшін берері мол. Ол үшін педагогтың өзіндік талпынысы, ұмтылысы, 
қызығушылығы,белсенділігі, қажеттілігі, ізденісі жоғары дәрежеде болған жағдайда оқушының 
функционалдық сауаттылығы дамиды. Педагогтың білім берудегі ролі жоғарыда айтылған 
жүйеде жұмыс атқарған жағдайда жетістікке жетеді деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет