Әдебиеттер:
1.
Құрман Н., Есенова Г. Қазақ тілінен коммуникативтік жаттығуларды қолдану
әдістемесінің ғылыми-әдістемелік негіздері. — Ақтөбе, 2010. — 144 б.
2. Беспалько В. П. Педагогика технологиясы. А., 1998.
Алдангарова У. С.
,
Казыбаева Ж. К.
Қарағанды қ. №82 ЖББМ
ПІКІРТАЛАС – ТАПҚЫРЛЫҚТЫҢ БАСТАМАСЫ
Оқушылардың арасында пікірталас ұйымдастыру әріден қалыптасқан үрдістердің бірі.
Бұрыннан құлаққа таныс терминдердің қатарындағы пікірталас термині орыс тілінде
диспут, дискуссия, полемика, дебаты, прения болып жіктеліп түсіндіріледі және олар тек
екі адамның сөз таластыруы ғана емес, мақсаты түрлі сипатта, түрлі жағдайда көрініс
беретін айтысудың жеке-жеке салалары болып есептеледі. Мысалы, дискуссия – бір
мәселені әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырып, салыстырып, шындықты анықтау,
Білемін
Үйрендім
Үйренгім келеді
162
дұрыс шешімді табу. Сондықтан дискуссия оның қатысушылары өздері бір қорытындыға
келетіндіктен, сендірудің сенімді тәсілі болып есептеледі.
Диспут латын тілінен алғанда, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл термин алғашында
ғылыми дәреже алу үшін жазылған ғылыми туындыны жұрт алдында қорғауды білдіреді.
Бүгінде басқаша мағынада, яғни жұрт алдында ғылыми немесе қоғамдық маңызды
тақырыпқа айтысуды білдіреді. Ал полемика (қазақша бұл да пікірталас, біз ішінара бұл
терминді айтыс, айтысу баламасымен бердік) өткізудің мақсаты сәл басқашалау. Бұл сөздің
шығу төркіні ежелгі грек сөзі polemikos «жауынгер», «дұшпан» т. б. Полемика тек қана
айтыс-тартыс емес, екі айтыскердің қып-қызыл майданға түсуі, бір-біріне қара сөзбен дес
бермей қарсы тұруы, тайталасуы. Бұдан шығатыны бір мәселе бойынша өз ұстанымдары
бойынша қарсыластардың күресі, яғни, жұрт алдында өз пікірлерін қорғап, оппоненттерінің
пкірін жоққа шығару болып табылады. Осыдан белгілі болғандай, полемика дискуссия мен
диспуттан осы бағыты бойынша ерекшеленеді. Дискуссия, диспуттың қатысушылары
қарам-қайшылықты пайымдауларды талқылай келе бір пікірге тоқталуды, ортақ шешім
табуды, шындықты табуды көздейді. Ал полемиканың мақсаты басқаша: қарсыласын
қалайда жеңу, өзінің ұстанымында тұрып оны бекіту. Полемика – бұл сендіру жайлы
ғылым. Ол ойды сенімді, талас келтірмейтін дәлелдер арқылы бекітуге үйретеді. Полемика
жаңа көзқарастарды тудырғанда, жалпы адамдық құндылықтарды, адам құқығын
сақтағанда, қоғамдық көзқарастарды қалыптастырған кезде қажет. Ол белсенді азаматтық
ұстанымдарды тәрбиелеуге қызмет етеді.
Сөйтіп, сөз таластырудың бірнеше түрі бар. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде
оларды әртүрлі белгілеріне байланысты жүйелеуге тырысқан. Бірақ та бүгінгі күнде сөз
таластырудың жіктелімі (классификация) жоқ. Сөз таластырудың сипатына, ерекшелігіне
байланысты негізгі факторларға мыналар жатады:
айтыстың мақсаты,
қатысушылардың саны,
айтысты жүргізу формасы.
Адамдар әртүрлі себептерді басшылыққа ала отырып, бір ғана мақсатты көздемейді.
Осыған байланысты мақсатына қарай айтысудың (сөз таластыру) бірнеше түрі болады:
ақиқат үшін сөз таластыру,
біреудің көзін жеткізу үшін,
жеңіске жету үшін, сөз жарыстыру үшін. Қысқаша айтқанда, сөз
жарыстыру ақиқаттың түбіне жету үшін, қандай да бір ойды тексеру, негіздеу үшін болуы
мүмкін. Дұрыс шешімге келу үшін, полемистер бір мәселені әртүрлі көзқарас тұрғысынан
қарастырады. Олар қандай да бір ойды мақұлдамауға не кедергі келтіретінін білу үшін оны
шабуылдан қорғайды немесе өз пайдасына байланысты қандай дәлелдемелер барлығын
анықтау үшін оппоненттің айтқандарына қарсы шығады.
Бұндай сөз таластыруда дәлелдер мұқият іріктеліп, талданады, қарсы жақтың
ұстанымдары мен көзқарастары салмақтап бағаланады, яғни, өз мәнісінде шындықты
бірлесіп тергеу жүргізіледі. Әрине, мұндай айтыс тек осы мәселені білетін шешімі
қызықтыратын құзырлы адамдардың арасында ғана болуы мүмкін. Мұндай айтыс күмәнсіз
пайда әкелгенімен бірге, шындық үшін айтысу ерекше әсем сипат алады, ол қатысушыларға
нағыз рахаттану мен қанағаттану сезімін сыйлайды, оларды ақылдың шыңына жетуге
итермелейді. Бұл түсінікті де.
Айтыса білу қабілеттері дамиды, шындықты анықтауда өздеріне деген сенімділік
пен мүмкіндіктер пайда болады, өзінің ақыл-ойына деген сенімділігі артады, бекиді.
Мұндай ақыл-ой күресі үстінде адам қанаттанып, өзін жақсы сезінеді. Тіпті өз ойыңнан
айнып, жеңілуге тура келгеннің өзінде де, жеңілуден болатын жағымсыз сезім кейінге
ығысады. Айтысудың мақсаты білімді тексеру ғана емес, оппонентті сендіру де болуы
мүмкін. Осыған байланысты екі маңызды кезеңді бөліп алуға болады. Айтысқа түсуші
қарсыласын өзі терең сенген нәрсесіне сендіреді. Бірақ ол өзі қорғап тұрған ойының
шындығына сенбеуі мүмкін. Айтысудың мақсаты тексеру не сендіру емес, жеңіс болуы
163
мүмкін. Оған полемистер әртүрлі себептермен жетеді. Біреулер оң қадамдарын сақтаймыз,
қоғамдық мүдделерді қорғаймыз деп есептейді. Олар өздерінің ойларына сенімді болып,
соңына дейін өз ұстанымдарында қалады. Кейбіреулерге жеңіс өздерін мақұлдату үшін
керек. Сондықтан оларға айтысуда табысқа жету, айналадағылардың жоғары бағасы, өзінің
ақыл-ой қабілеттерін білдіру, шешендік өнері, жеңілмейтін айтыскер атағы маңызды. Енді
үшінші біреулер жай ғана жеңіске жетуді жақсы көреді. Олар әсерлі жеңіске жетуді
қалайды. Олар жеңіске жету үшін әртүрлі әдіс, тәсілдерді пайдаланудан қысылмайды.
Айтысуда сөз жарыстыру үшін керек болатын жағдайлар да кездеседі. Бұндай
айтыскерлер үшін не туралы айтысады, кіммен айтысады, не үшін айтысады, бәрібір. Олар
ақты – қара, қараны – ақ деп дәлелдеп, шешендігімен жарқырап көрінсе ғана болды. Егер
сіз қандай да жағдайды теріске шығарсаңыз, олар міндетті түрде оны жақтап шығады.
Осындай айтыскерлерді жастардың арасынан аз кездестірмейміз. Келтірілген айтысудың
жіктелімдері мақсатына қарай шартты түрде алынған. Өмірде оларды әрқашан осылай
шектеумен аяқталмайды. Сөйтіп, айтыскер жеңіске жете отырып, оппонентін өз
ұстанымының дұрыстығына көзін жеткізуге тырысады. Ал қарсыласты сендіру шындықты
іздеуге, ұсынылған жайларды дәйектеуге, дұрыс шешім қабылдауға әкеледі.
Қиын мәселелерді талқылауда пікірталасқа оған қатысатын адамдардың саны да әсер
етеді. Осы белгілері бойынша оларды үш түрге (монолог-пікірталас, диалог-пікірталас,
полилог- пікірталас), үш негізгі топқа бөлуге болады.
Сондай-ақ, айтысушылардың тыңдаушылары бар да, жоқ та болуы мүмкін.
Тыңдаушылардың болуы, олар айтысуға қатыспаса да, айтысушыларға әсер етеді.
Тыңдаушылар алдында жеңіске жеткен адамда үлкен қанағаттанғандық сезім болады, ал
жеңілу әлдеқайда ауыр тиіп, жағымсыз әсер етеді. Сондықтан айтысқа түсушілер
тыңдаушылар көзінше міндетті түрде олардың қатысып отырғанын, олардың реакциясын
ескеріп, қажетті дәлелдерді мұқият таңдайды, өз қарсылығын жиі көрсетіп отырады.
Қоғамдық өмірде тыңдаушылар үшін айтыстар аз болмайды. Пікірталас ақиқатты анықтау
үшін емес, бір-бірінің көзін жеткізу үшін, шешуі күрделі мәселеге көңіл аударту үшін,
тыңдаушыларға белгілі бір дәрежеде әсер қалдырып, көңілін аудару үшін болуы мүмкін.
Пікірталас барысына ой жарыстырудың формасы да өз ізін қалдырады. Пікірталас ауызша
да, жазбаша да болуы мүмкін. Ауызша түрдегі пікірталас, ережеге сай, уақытқа байланысты
шектелген және кеңістікке байланысты тұйықталған болады: олар сабақ үстінде,
мәжілістерде, отырыстарда, т.б. әртүрлі іс-шаралар кезінде өтілуі мүмкін. Ал пікірталастың
жазбаша формасы әлдеқайда уақытқа байланысты ұзаққа созылып, айтысуға түсетіндердің
арасындағы байланыс ортақтастырылған болады.
Пікірталастың ауызша түрінде, әсіресе ол тыңдаушылар көзінше өтетін болса,
адамның сырт келбеті мен психологиялық сәттер - айтыскердің өзін сенімді ұстауы,
реакциясының жылдамдығы, ойлаудың ширақтығы, тереңдігі - маңызды рөл атқарады.
Ынжық, ұялшақ адам, әдетте, сенімді қарсыласпен салыстырғанда жеңіліс табады.
Сондықтан жазбаша түрдегі пікірталас ауызшаға қарағанда ақиқатқа жету үшін әлдеқайда
дұрыс. Дегенмен оның да өзіндік кемшіліктері бар. Ол кейде тым ұзаққа созылып, бірнеше
жылдарды құрайды. Сондықтан оқырмандармен қатар қатысушылардың өздері де кейбір
жағдайлар мен тұжырымдарды ұмытып, естерінде жаңғырта алмай жатады. Кейде
пікірталас бірнеше баспасөз бетерінде жүргізіліп, оның барысын қадағалау қиынға түсіп
жатады.
Пікірталастар ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін.
Ұйымдастырылған пікірталастар алдын-ала жоспарланады, дайындалады, мамандардың
жетекшілігімен өткізіледі. Айтысқа түсушілер ертерек айтыстың тақырыбымен танысуға
мүмкіндік алып, өз ұстанымын анықтайды, қажетті дәлелдерді жинақтайды, қарсыластың
айтуы мүмкін сөзіне жауап әзірлейді. Бірақ пікірталас аяқ астынан да шығуы мүмкін.
Бұндай жағдай оқу үдерісінде де, жиналыстар мен отырыстарда да, тұрмыстық қатынас
жағдайында да болуы мүмкін. Ұйымдастырылмаған пікірталастың өнімділігі әлдеқайда аз
болады. Бұндай айтыста дәлелдер жеткіліксіз келтіріліп, ойламаған дәйектер ұсынылады,
164
«піспеген» тұжырымдар айтылады.
Пікірталаста табысқа жету, маңызды дәрежеде мәселені шешудегі жеміс айтысқа
қатысушылардың құрамына да байланысты болуы мүмкін. Олардың мәдени деңгейі, ақыл-
ой деңгейі, өмірлік тәжірибесі, құзырлылығы, айтысу дағдылары мен тәсілдерін білуі, жұрт
алдында айтысу ережелерін білуі де маңызды рөл атқарады.
Шешендік қазақ халқының өзіндік ерекше ұлттық қасиеті ретінде мәдениетінде де,
тарихында да қалыптасқан өнер. Жұрт алдында сөйлеуде шешендікке баулудың белгілі бір
ұстанымы мен заңдылықтарын таныту керек. Шешендікке үйретуде оқушыларды
дүниетанымдық қабілеті мен білімділігінің алғашқы орынға шығатындығын айта кету
керек. Дегенмен бұл өнерге үйрету жеке пән болып оқытылмағанмен, оны тиімді меңгеруді
жүзеге асыру үшін, алдымен, жүйелі ұйымдастырылған практикалық іс-әрекеттер жасалып,
оқушылар өз бетімен жұмыс істеуін дұрыс ұйымдастыру, оқушылардың ізденіс
белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыс дұрыс іріктелуі керек болады.
Теориядан тәжірибеге ауысудың белгілі бір кезеңдері бар екенін ғалымдар (В.Оконь,
А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов, П.Я. Гальперин т.б.) атап көрсеткен болатын. Ол
кезеңдерді былайша танытады:
1. Шешендік өнердің заңдылықтарын меңгеруге қажетті білік-дағдылардың мәнін, атауын,
ғылыми негізін түсінуі аса маңызды кезең.
2.Оқушы алған ақпаратты білім мазмұны арқылы ережелерге өзіндік көзқараспен қарап,
соны түйсіне отырып, өзінше ереже жасауға дағдыланады. Мысалы, белгілі бір шешендік
сөздер үлгісіне орай өз шешімін айтуы: «не терең, не тайыз, не ауыр, не жеңіл?» сияқты
сұрақтарға жауап беруі.
3.Осындай үлгілерге еліктеу нәтижесінде қалыптасқан дағдыларын жаңа сатыға көтеру.
Мұнда белгілі бір шешеннің сөзін орындау сәті, белгілі бір тақырыпқа байланысты
шешендік сөз үлгісін даярлау сияқты сәттер орындалып, соның нәтижесі бағаланады.
4.Арнайы ұйымдастырылған пікірталастарда, диспуттарда, кездесулерде сөз сөйлеу,
қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерге байланысты баяндама жасау, қазақтың салт-
дәстүріне байланысты түрлі шешендік сөз тудыру (құттықтау, беташар жасау, тұсаукесер
жырын шығару, қыз бен жігіттің айтысы, бата беру т.б.).
Сөйлеу шеберлігіне жетуде, алғашқы кезеңдерде, көргендерін жүйелі түрде баяндай
алуы; оқиғаны, фактіні сипаттауы; оқиғаға, фактіге бағасын білдіруі де жатады. Сөйлеу
барысында түрлі тілдік амалдарды, сөзжасам, тіл бірліктері, сөз тіркестері, сөйлем құрау
ережелері, интонация, сөздердің орын тәртібі т. б. тілдік категорияларды жеткілікті
меңгеруі де шешен сөйлеуге қойылатын талаптардың бірі.
Сондай-ақ тілдің көркемдік құралдары – метафора, метонимия, синекдоха, гипербола,
кейіптеу; лексикалық көркемдік құралдар – тұрақты сөз тіркестері мен мақал- мәтелдер;
стилистикалық синтаксис әдістері – қайталау, антитеза, инверсия, градация, риторикалық
сұрақ, риторикалық дауыстау т.б. сөз барысында тиімді дәрежеде қолданылғанда ғана тиісті
нәтиже беретіні даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |