Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет80/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   271
Әдебиеттер
1.Қалимұқашева Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер: Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: 
Фолиант, 2010. -168 б.
 
Алина Б.С. 
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы КММ, Балқаш қ. 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН САЙТ ЖӘНЕ 
ИНТЕРАКТИВТІ КІТАП ТҮРІНДЕ РӘСІМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОНЛАЙН 
КОНСТРУКТОРЛАР 


165 
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде заманауи жаңа тенденциялар пайда болып, 
педагог қызметінде жаңалықтар мен өзгерістер енгізіп отырғанын байқап отырмыз. Әлемдегі 
пандемиялық жағдай – осы өзгерістер себебінің бірі болып отыр. Әр педагог, әр оқушы 
өзінің IT құзыреттерін, цифрлық сауаттылығын жетілдіруге, әр түрлі оқыту онлайн 
платформаларын үйренуіне, онлайн сабақты өткізудің қыр-сырымен танысуына тура келді. 
Мұндай жағдайда өзекті мәселенің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда 
өмір сүруге дайын, қоршаған ортада белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал 
ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған 
байланысты жеке тұлғаның алдында мынадай талаптар қойылып тұр: креативтік, 
белсенділік, 
ой-өрісінің 
кеңдігі, 
шығармашылық 
әрекетке 
қызығушылығының 
басымдылығы, жан-жақтылығы, жаһандық өзгерістерге тез бейімділігі. Ал оқушыларда 
мұндай тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – ізденушілікке баулу, оған 
ғылыми зерттеу дағдысы мен білігін игерту, яғни оқытуда зерттеу әдісін қолдану. 
Қазіргі кезде цифрлық модельдер мен құралдар оқушылардың ғылыми-зерттеу 
жұмысын ұйымдастыруға зор мүмкіндік туғызып, «баланың - өзінің интеллектуалды әлемін 
құрастырушы» идеясын ақиқатқа айналдырады. Бүгінгі таңдағы алуан түрлі цифрлық білім 
ресурстары кіші жастағы балаларға мүмкіндік бере отырып, оқушыларға әр түрлі 
құбылыстарды оқып зерттеуге, модельдер құруға және тәжірибеден өткізуге, өз күші мен 
ұмтылыстарымен өзінің интеллектуалдық әлемін көрсетуге көмектеседі. Осыған байланысты 
қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерде мақсатқа бағытталған ғылыми-зерттеу 
жұмыстары оқушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға болатын тәжірибелік 
дағдыларды дамытатын тәсілдерінің бірі болып табылады[1]. 
 
Ғылыми зерттеу дегеніміз – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект 
жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген 
объектілермен танысу. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың 
табиғи қызығушылығының, қоршаған ортаға деген құштарлығының басымдылығымен 
түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға 
ықпал етеді
[2].
Кез келген тақырыпты зерттеу барысында оқушының зерттеу жұмысының кезеңдері 
келесідей: 

Зерттеу тақырыбын анықтау – тақырып таңдау, проблеманың өзектілігі, 
жаңалылығы, зерттеу саласын, шеңберін белгілеу, әдіс-тәсілдерін анықтау, жүйелеу; 

Ақпаратты жинау, реттеу – белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды 
жинақтау, талдау (кітапхана, Интернет ресурстары, т.б.); 

Есеп беру – зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау, жобаның 
презентациясы, оны жариялау, бағалау;

Баяндама – зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру.
Осы тұста есеп беру кезеңінде жобаның презентациясы немесе зерттеу әрекетінің 
нәтижесін жариялау өте маңызды деп санаймын. Қазіргі уақытта оқушы жобаны 
презентациялау практикасын жетік игеруі қажет, себебі бұл зерттеу барысында оқушының IT 
құзыретін қалыптастырады, цифрлық сауаттылығын дамытады, жетілдіреді. Сондықтан 
оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарын қашықтықтан қалай, қандай әдістермен, қандай 
онлайн платформалардың көмегімен рәсімдеуге болады деген сияқты сұрақтарға осы 
мақалада жауап беруге тырысамын. 
Жалпы оқушы зерттеу нәтижесін баяндама ретінде дайындап, жариялайтынын білеміз. 
Ал бұл баяндаманы сайт пен интерактивті оқулық түрінде рәсімдесе ше? Жай баяндама емес, 
дайын өнім ретінде жарияласа ше?
Зерттеу жұмысы барысында оқушы әр түрлі ақпаратты, материалды жинақтайды: 
бейне, сурет, кесте, аудиожазба, мәтін, т.б. Осы ақпараттың барлығын бір жерге жинақтап, 
сайт немесе интерактивті кітап сияқты дайын әдістемелік өнім ретінде рәсімдеуді ұсынамын. 


166 
Бүкіл Интернет – үлкен кітапхана, ал әр сайт – жеке кітап деп елестетіп көрейік. Ал іс 
жүзінде сайт дегеніміз – тармақталған иерархиялық жүйесі бар парақтар жиынтығы және бір 
беттен екінші параққа өту мүмкіндігі, дискілік кеңістікте (серверде) сақталған және бірегей 
мекен-жайы (аты мен домені) бар белгілі бір мәліметтер (беттер) жиынтығы. Әрбір web-сайт 
тақырыбына байланысты мәтіннен, суреттен, аудио-, видеожазбадан тұруы мүмкін. 
Ақпаратты сайт түрінде ұсынудың артықшылығы – кез келген уақытта әлемнің кез келген 
жерінен қажетті ақпаратты Opera, Google Chrome, т.б. сияқты арнайы браузерлердің 
көмегімен шапшаң түрде кіріп көру, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. 
Қазіргі таңда сайт құру үшін арнайы білім алудың қажеті жоқ, себебі сайт құруға 
арналған арнайы онлайн конструкторлар кең таралған. Мысалы, Yola, WIX, Weebly, Tilda, 
Squarespace және Google sites. Осылардың ішінде Google sites жүйесіне тоқталып өтейін. 
Google sites конструкторы – интерфейсі қарапайым, түсінікті, үйреніп алуға жеңіл, ол 
сізге қажеттінің бәрін қамтиды және кез-келген басқа Google өнімімен оңай қосыла алады. 
Ең бастысы сізде Google аккаунты болу керек, егер сіз Google формада тест құруды білсеңіз, 
бұл конструкторда да сайт құру сізге оңай болады.
Google sites ашу үшін ең алдымен Google аккаунтымен Google дискіні ашу керек, ол 
үшін Google Chrome браузерінің оң жақ үстіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет