Қ. Ж. Өткен бір сабақта лексиканы грамматикаға кірмейді деуіміздің себебі
не? Олай дейтініміз – грамматика даяр нәрсені қарамайды, ал лексика – даяр
материал. Тіл (өзіне керектің) даярын, даяр емесін біледі, сөз мүшелерін біледі, ал
біз солардан құрап аламыз (Алматыдан үй салатын екі мекемені мысалға
келтіреді). Демек, лексика бұрыннан дербес сөз болып, даяр болып тұрған соң
грамматикаға кірмейді.
Әріп материалы әзір.
Буын материалы әзір.
Сөз материалы әзір.
Шылау таптың материалы әзір. (Жалаңы болсын, жайылмасы болсын).
Грамматика сөз құраудың (речь) техникасын, әдісін қарайды.
Морфология лексиканың керегін, синтаксистің керегін құрайды. Осы
екеуінің керегін құрайтын морфология, екінші сөзбен айтқанда, сөз бұйымының
жасалу техникасын қарайды; сөз материалының түр сипатын қарайды (а/ж).
Фонетика синтаксис пен морфологияға және лексикаға керек; осы үшеуінің
қызметін атқарады (
Достарыңызбен бөлісу: