І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет33/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

Е с к е р т у
: Синтаксис – абстракт. 
Сұраулар
:
1. Лексиканы неге грамматика демейміз? 
2. Ана үшеуін неге грамматика дейміз? (үшеуі дегені фонетика, морфология, 
синтаксис болуы керек). 


3. Грек заманынан (Александровскийден бері бұл үшеуін сол заманның 
өзінде неге грамматика деп атаған, олар логика жолымен жүруші еді ғой?) 
4. Тіл ғылымының басқа тарауларын грамматика демеуіміздің себебі не? 
Грамматика Айса тумастан 200 жыл бұрын пайда болған деседі, дұрыс па? 
Грамматика деген не? 
(
Шолу

Мына менің қолымдағы зат – бор. Онымен жазуға болады. Ол қара тақтаға ақ 
болып жұғады. Ал, 
бор
деген сөз осы зат жөнінен мағлұмат беруші атау. Мұнда екі 
элемент бар: біреуі – субъект, екіншісі – предикат. Латынның 
суб+ъектум
сөзі 
қазақша «бастауыш», орысша «подлежащее» деп аталады. 
Бұл оның сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай берілген атауы. Басқаша 
айтқанда, бастауыш – істі істеуші, ал латынның «предикат» сөзі – орысша – 
«сказуемое», қазақша – «баяндауыш». Латынның «субстанция» деген сөзі «суб» – 
зат; «станция» – сипаттылығы, өз беттілігі бар зат немесе соның мәні – 
«сущность». Сонда «субстанция» = негіз = предмет. Мұның аты – есім = 
«существительное», «субстантив». 
Объект = істелуші; ол латынның «об+ъектум». Сөйлемдегі мүшелер осы екі 
топтың, яғни субъект мен предикаттың біріне жатады. Мұндай сөйлем 
«психологическое предложение» деп аталады. Ол заманда тіл білімі логика 
шылауында болған. Сондықтан сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш деп 
атаған. Бұлайша тану – Аристотельден қалған логика жол. Орыстардың 
«подлежащее», «сказуемое» дегендері де – сол логиктердің термині. Біз соларды 
әлі күнге пайдаланып келе жатырмыз. Бірақ кейде терминдік атау ескіден қалған 
сөз болғанымен, оны тұтынатын ғылым өсіп, жаңа мәнге ауысып кететінін есте 
ұстауымыз қажет. 
ХІХ ғасырда табиғат ғылымдарының, техниканың өсуі тіл іліміне де мықтап 
әсер етті. Математика, физика саласындағы нақтылы танымдар сияқты тіл 
құбылыстарын білуге де дәл өлшеуіштер керек деген көзқарастар қалыптасты. 
Шындығында бұл дұрыс емес еді. Ашығын айтқанда, мұның өзі тілді объектив 
жолмен тексерем деп барып, жаңылысу болатын. Осы қателіктің нәтижесінде 
формализм ағымы келіп шықты. Сол қисынға сүйеніп, орыстар барлық сөздерді 
сыртқы тұлғасына қарап таптастыратын болды; оларша, сөз септелсе, есім болады, 
жіктелсе, етістік болады, түрлі родтық белгіге айналдыруға көнсе сын болады 
деген. 
Формалистердің көрнекті өкілдері Швейцарияда Ф. де Соссюр болса, 
Ресейде Фортунатов еді. Ал осы формашылардың өзі екі түрлі болатын: әсіре 
формашылар=ультро формалист; орташа формалист=умеренний формалист, 
болмаса экзист. 
Акад. Самойлович түрік грамматикасын формал жолға салды (танымы 
формаға негізделді); Петерсон сырттан оқитын орыс кітабын осы жолмен жазды. 
Формашыларша, фонетика грамматикаға кірмейді. Мысалы: 
оқимын
деген бір 
сөзде объектік те, субъектік те, предикаттық та элементтер бар; бұл – пәлсәфә 
жағы. Шынында, сөз біткеннің бәрі де адам үшін объект. Солай бола тұрып 


адамның өзі де бір-біріне объект те, субъект те бола алады. Себебі адам көп және 
бұрынғы тұрмыс оларды бір-біріне сондай қатынасқа келтірген. Сөйлемдегі 
сөздердің бір-біріне объект те, субъект те болуы осындай тарихи шарттастыққа 
(историческая обусловленность) байланысты. 
Атрибут; өз беттілігі жоқ, тек қана біреудің меншікті белгісі. 
Объект – өзінен тыс деген сөз. Тақырып – субъект, сол тақырыпқа қатысты 
нәрсе – объект. Суб – заттың көзге көрінбей тұратын мәні; станция – сол заттың 
көрінісі (
Осы терминдердің арабша баламалары да берілген, бірақ біз оны 
жазбадық, кейінен толықтыра кетпекшіміз
– Е. Ж., М. М.). 
1. Фердинанд де Соссюр. 
Тіл болу үшін уақыт пен орынның бір болуы шарт. Мысалы, біз қазақ тілі 
жөнінде айтатын болсақ, белгілі бір территориядағы белгілі бір жылдарда тіршілік 
еткен белгілі бір халықтың нақты тілі жайында айтқан боламыз. Өйткені тіл бас-
аяғы шектеулі бір ғана заманда жасалмақ емес, ол талай замандарды басынан 
өткереді. Тілді синхроника (син – біргелік, хроника – заман) жолымен тексеру 
деген сөз бірнеше замандардың нәтижесін бір заманға әкеліп, сәйкестігін қарау 
болып табылады. Ал бір замандағы тіл фактысын қосып (жинақтап) айтсақ, онда 
грамматика болады... 
«Историческая грамматика» деген болмайды-мыс. Өйткені барлық 
замандарға лайықты грамматика жоқ. Бір тілдің лексика арқылы білдіретін ұғымын 
екінші тіл грамматика арқылы білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет