І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет34/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

Диахроника
. Тілдің жеке фактілерін аламыз да, мысалы осы күнгі 
адамшылық
деген сөз бұрын 
адамшалық
болған, келе-келе 
-ша
өзгеріп, 
-шы
тұлғасына айналған; орыстың 
день
деген сөзі бұрын 
дин
болған, 
сон
деген сөзі 
бұрын 
сын
деген сөз болған десек, яғни заманды қуалай тексерсек, 
«диахроническое языкознание» болады. Бірақ, жеке сөздердің тарихын тексеру 
дегеніміз барлық сөздердің тарихын тексеру деген сөз емес (диа = меж, аралық; 
хроник = заман). 
Ф. де Соссюрдің айтуынша, фонетика, морфология, синтаксис дегендерді 
жинап тастап, синтагма реті, ассоциация реті деген «ретті» (қатарды) алуымыз 
керек; өйткені буынды айтқанда болсын, сөзді, сөйлемді, сөйлеуді айтқанда болсын 
оларды бірінен соң бірін тізіп айтамыз. Бұл – синтагма (құрау), дәлірек айтқанда 
синтагма қатары. Бұларды айтқанда әуелі біреуі (сөздің дыбыстары: 
с, ө, з
), кейін 
өз тәртібімен қалғандары айтылады. Демек бұдан синтагмалық қатардың уақытқа 
байланыстылығы көрінеді. Мұның үстіне бұл тізбектегі объектілердің орындарын 
ауыстыруға да болмайды. Бұл айтылғандар – морфемдерден бастап, сөйлеуге 
дейінгі элементтердің тізбегі синтагма қатары болып табылады. 
Ал ассоциация қатарына келсек, оның түзілісі мынадай. 
N1 
N2 
Ағаш 
қа 
Ағаш 
тың 
Есік 
ке 
Ағаш 
ым 
Адам 
ға 
Баласы 
ның 
Боры 
на 
Бала 
м 


Міне, осы кестеден әрі түрлі сөздің аяғына қосылған қосымшаның бірлігін, 
бір түрде екендігін көреміз, әрі түрлі қосымша таңтауда «ағаш» сөздерінің 
бірыңғайлылығын сеземіз. Осы сезуіміз қайталай-қайталай келгенде, ақырында 
бұлардың арасында белгілі бір ассоциация пайда болады. Осылайша талдай келіп, 
Ф. де Соссюр синтаксисті синтагма деп атайды, бірақ оның синтагмасы синтаксис 
емес болып шығады. Менің өз түсінуімше, бұл қисын бойынша осы күнгі 
морфология дегеніміз ассоциация қатары болып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет