І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет32/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

ен
» – кішірейту. 
-
Да
жалғауы: «
да
» – «
тағы
» сөзінен қысқарған. 
Тағы=ру=бала
. «
Ұру
» (
ұрық

да, 
бала
да адамдар арасындағы дәнекер болған
-да
жалғауы да сөйлемдегі 
мүшелер арасындағы дәнекер «
да
» – парсыша 
бала
деген сөз. 
З. Егіз дегендегі 
з
коллективті білдіреді. 
Жалғыз (жалқы)



Мен

Менен – мелен – меллен – бір+ле+ин
. Мұндағы 
ін
бұрын 
инструментальный (көмектес) падеж болған. 
Қолма қол
деген күрделі сөздегі 
ма
бұрынғы 
мен

Йадағын = аяқпен

Жіктеу
. Бұл – есімге тура жалғанады, етістікке тура жалғанбайды; демек ол 
алғашқыда септікке ұқсап келіп, кейін жік жалғауы болып кетуі мүмкін. Мысалы, 
келіп = келубан (келіппін); «барған»

Мен, мі; 
(менім ?) 
=кес

айлан – әйленкес

=кес
– парсының үстеуі (жұрнағы) ; парсыша –
. Мысалы, 
арба – кеш, пайда – кес

=лан
: Бұл – әрі 
көптік,
әрі 
белгілік 
көрсеткіші. 
Жекелік
. Бұл әрі бірлік (даралық), әрі белгісіздік. 
«
Мынау
» деген сөздің соңында қазірде «
у
» бар. Ол «
у
» бұрын 
=қу / =ку, 
=ғу/=гу 
деген қосымша болған. 
«
Масақ
» сөзінің 
мас
түбірі 
бас
деген сөзден өзгерген (
м//б
) сөздің соңындағы 
=ақ
– қосымша, кішірейту қосымшасы. 
Құрлы (ғұрлы)
қосалқысы деген сөз. 
Жапсыр: жап + с + ыр (жабыстыр)

Алмалы (қ)
дегенді ұйғырлар 
алмалық
дейді. 
Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден құралады? 
Лингвистика оны нендей ғылым деп жүр? Қазақ халқынан бұрын да талай 
жыл жасап, әлденеше жүз жыл бұрын туып, өзінің қандай ғылым екенін білмейтін 
пән бар. Осы өзі бар, – бірақ не екендігін білмей, қарайтын мәселенің көлемін 
білмей, басқа пәндерден іргесін аша алмай: психология адамның жанын қарайтын 
ғылым делініп келеді (көбінесе). Осы күнгі рух психика мағынасында болмай, 
барып тұрған мистика, спиритизм – жан деп келді. Қазірде де маңдайын түзеп алды 
деуге болмайды. Бірақ диалектикалық материализм әдісін ұстанғаннан бері жүріп 
өткен жолындағы бұлтарыстарын білу үшін, өткендегі тарихына қарау керек 
болды. Тарих пәнінің өзі де қоғамның шын тарихы деп нені түсіну керектігін 
білмей келді. Осындай тұйыққа тірелудің себебін іздегенде буржуазия ғалымдары 
ғылым дағдарысының барлығы грамматика жайындағы жоғарыдағы сұраққа жауап 
таба алмағандықтан деп білді. 
Грамматика өз алдына ғылым деп танылған соң және ол бірнеше 
ғылымдардан құралып пайда болған деп білгесін, алдымен грамматикаға кіретін 
ғылымдардың бәріне ортақ жалпы қасиетін ашып алу керек еді; әрі мұның бәрін де 
осы жалпы қасиет желісімен матастырып, өзара біріктіріп басын қосу керек еді; 
сондай-ақ тіл ғылымының басқа тарауларымен грамматика пәндерінің арасында 
қандай айырмашылық барын ашу керек еді. Буржуазия тіл ғылымы өскен сайын 
бұл шешілмеді, қайта шиеленісе берді. 
Грамматика = фонетика + морфология-синтаксис деу салт болып кетті. 
Бұның өзі ежелгі гректерден, тағы басқалардан қалған бұрынғы әдет болатын. Бұл 
ұшын тілдің басқа тарауларынан айырып алып, бірін-біріне қосқанда табан тірері 
не екенін буржуазия ғалымдары білмейтін еді. Бұл жай табиғи құбылыс болатын-
ды. Өйткені ол дәуір тіл ғылымының өспеген кезі еді. Сондықтан ғалымдар 


грамматиканы логиканың бір тарауы деп түсінетін; басқа ілімдерден 
бөлектелмеген соң, оның ішкі жіктері де ашылмаған болатын. 
Лингвистиканың өзіне сай зерттеу әдісі туып, ғылым болғаны ХІХ ғасырдың 
басынан, үнді-еуропа тіл ғылымы шыққаннан кейін ғана еді. Алайда мұның да 
ескіше жолмен жүруі көбірек болды, соның бірі грамматика мәселесі. Ол кезде ескі 
көзқарастарға әлі тиісті баға берілген жоқ еді. Үнді-еуропалықтар жақын тілдер 
арасындағы дыбыс өзгешелігін қараумен болды. Сөйтіп, үнді-еуропа тілі ғылыми 
грамматиканың салыстырма түрін шығарды. Бұл сол тұстағы ғылымның ең 
көрнекті табысы болғанымен, шын мәнінде салыстырмалы грамматика емес, 
фонетика еді. Негізінде фонетика ол замандағы ғылым үшін тексеру объектісі 
болмай, етікшінің бізі сияқты іс құралы ғана болатын. Фонетикаға айырықша көңіл 
бөлудің себебі де сондықтан еді. Ғалымдар ХІХ ғасырдың соңғы жартысындағы 
техникалық прогресті сөйлеу дыбыстарының құбылысын тексеруге пайдаланады: 
олар дыбыстың физиологиясын, акустикасын қалдырмай зерттеді. Экспериментал 
фонетика көмекші ғылым да жасап шығарды, яғни бір дыбыстың түрлі жерде 
түрліше естілетінін, тіпті құлақ сезбейтін дыбыстардың да болатынын ашты. Бірақ, 
фонетиканы лингвистиканың басқа бөлімдерінен бөліп қарағаннан кейін олардың 
еңбектері далаға кетті деуге болады; дыбысты адам баласы әлденеше түрлендіріп 
айтатындықтан, оның үдесіне жете алмады. 
ХІХ ғасырда жаратылыс ғылымы ілгеріледі; оларды зерттеуге түрлі метод 
қолданылады. Объектив әдісімен іс істеу тілшілерге де жұқты. Бұрын тіл логика 
негізді әдіспен зерттелетін еді (сағызша созыла беретін белгілі өлшеуге келмей, 
көбіне субъектив жорамалға сүйенетін). Табиғат ғылымдарынша нақты ғылыми 
әдістермен, дәлдеп өлшеуге келетін әдістермен зерттеу керек деп фонетиканы 
экспериментке айналдырған болса, кейін осы фонетикада өзін-өзі ақтаған 
техницизм әдісі грамматиканың басқа тарауларына да жарайды деген көзқарас 
туды; морфология мен синтаксисті логикалық зерттеуден құтқармақ болып, бұған 
да объектив критерий іздей бастады. Бірақ (грамматикалық құрылымдардың) 
сыртқы белгілеріне сүйенуден формализм туды. Сөйтіп морфология жеке 
сөздердің формасын, синтаксис сөз тіркестерінің формасын тексеретін ғылым деп 
танылды. Бұл екеуін жалпы тіл формасы жайындағы ғылым деп танып, бұрынғы 
грамматика деген атақты осыған берді. Сонда «Грамматика нені қарайтын ғылым» 
болып шықты? Демек, басқа тараудан бөлініп грамматика форманы қарайтын зат 
болып шықты; лексикология, семантика, фонетика сияқтылар бұл өлшеуге 
келмейтін болғандықтан, грамматикадан бөлек ғылым болып қалып, грамматика 
дегеніміз тек морфология мен синтаксис болып саналды. Синтаксистің өзі де 
бұрынғы ұғымдағы сөйлем жүйесін тексеретін синтаксис емес, сөйлем болып 
құрылсын мейлі, немесе жәй әшейін сөз тіркестері болсын мейлі, әйтеуір тіркескен 
сөздердің тіркесу формасын қарайтын ғана ғылым болды. 
Сөйлем дегеніміз бұрын логика сөйлеміне, психология коммуникациясына 
тура келетін, сөзбен айтылған лебіз болатын (аяқталған ойды білдіретін сөздер). 
Формалистер «ой» десе-ақ зірк ете қалатын болды («ғылыми» өлшемнен шығып 
кетпек қой). Формалистер: «сөйлем ойда болса болар, бірақ сөзде болмайды», – 
дейді. Мәселен Петерсон: «Кісі жақсы» мен «жақсы кісінің» айырмасы жоқ, тең 
мағыналы тіркес дейді. Шындығында бұлардың біреуі сөйлем де, енді біреуі 
сөйлем емес қой. Бірақ аталған ғалым баяндалатын ойдың аяқталғанына немесе 


аяқталмағанына қарамай, тіркескен сөздердің байланысына ғана қараған 
(Мағынаны мүлде жауып қоятындарын осы ғалымдардың басқалары ультра-
формалист деп атайды). Орыстағы мұның геройы – Петерсон (У – П – С). Бұл 
ғалымдардың бірқатары (орташа формалистері) сөйлемді түгел жоғалтып 
жібермей, «сөйлем – сөз тіркесінің бір түрі; мұның да формал белгісі бар, ол белгі – 
дыбыс заңы (интонация)» дейді.
2
Бұлар да синтаксисті сөйлем жайындағы ғылым 
демей, сөздердің тіркесу формасын қарайтын ғылым дейді. Сөйлем сол 
тіркестердің түрі ғана болып табылады. Бұл идеяның геройы орыста – 
Пешковский. 
Форманы жүйелі түрде ұсынушы батыста Фердинанд де Соссюр, Ресейде 
академик Фортунатов болды. Ресей лингвистері бұл жөнінде алда келеді. Петерсон, 
Пешковский – өрбінділер (солардан өрбігендер). Грамматистердің сынына 
фонетика толмаған соң, оны грамматикадан шығарып тастаған. 
Формашылар 
методологиясының 
тірегі 
– 
үнді-европашылардың 
салыстырмалы жолы еді. Сөйте тұра, олар фонетиканы грамматикаға кіргізбей, өзі 
мініп отырған бұтағын өзі кескен «қожаға» ұсаған. Сөздеріміз жалаңаш қалмау 
үшін Пешковскийді сөйлетейік: «Грамматиканың жеке сөздердің формаларын 
зерттейтін бөлімі морфология болады», «Грамматиканың сөз тіркестерінің 
формаларын зерттейтін бөлімі синтаксис болады»... 
Сонда грамматиканың өзі тіл формаларын тексеретін тіл ғылымының бөлімі 
болып шығады. 
Тіл ғылымының басқа бөлімдері дегеніміз: 1. Фонетика (дыбыстар 
жайындағы ілім); 2. Семасиология – сөздердің мағынасы жайындағы ілім 
(грамматикалық мағыналары еместері); 3. Лексикология – сөздер жайындағы ілім 
(тілдің сөз байлығы). 
Әдетте тілдің дыбысын сөздің грамматикалық құрамынан бөлек зерттеу 
(чередование мәселесінде), формаларды өздерін құрастырып тұрған дыбыстан 
бөлек зерттеу мүмкін емес болғандықтан фонетиканы грамматикаға кіргізе 
тексерген (Қара: Пешковский. Орыс тілінің ғылыми синтаксисі, Мәскеу, 4 
басылуы, 1934 жыл, 34 бет). 
Осы пікір әлі де үстемдік етуде. Шапироның орта мектепке арналған стабил 
оқымдығында: «Грамматика нендей ғылым?» деген сұрауға былай деп жауап 
береді. – Грамматика екі тараудан құралады, оның бірі – морфология да, екіншісі – 
синтаксис. Ал, әдетте, грамматиканың жанына дыбыс жүйесін – фонетиканы да 
қосып қояды. 
РСФСР-дың осы күнгі оқу халық комиссариатының жоғары дәрежелі 
педагогикалық мектепке арнап шығарған тіл ғылымының (пәнінің) програмында 
грамматиканы: «морфология мен синтаксистен құралатын ғылым» дейді, 
фонетиканы бөліп алып, баяғы Ф. де Соссюрдің екі бөлген ізімен «фонетика және 
фонология» деп екіге айырған. Мұнда да фонетиканы грамматиканың тарауы деп 
танымай, грамматиканың қанжығасындағы нәрсе деп қараған. 
Шапиро бірде мағынашыл, бірде формашыл. Ол эклектизм жолымен кетеді. 
Грамматика жөніндегі бұл пікір орныққанымен тіл ғылымының бірауыздан 
шығарған тұжырымы емес, басқа да пікірлер бар: проф. Богородицкий (үнді-еуропа 
2
Саз аз емес пе ? (Ш. Х. С.) 


тілдерінің ғалымы, грамматика мәселесінде психологизм ағымын қолдаушы) 
«Орыс тілінің жалпы курсы» деген кітабында (Қазан, 4 басылуы, 1913 жыл, 4-5-6-
беттер) грамматиканың нені қарайтынын, нендей пәндерден құралатынын айта 
келіп, былай дейді: «Грамматика тіл ілімінің бір тарауы. Ол үш тараудан 
(бөлімнен) құралады – фонетика, морфология, синтаксис». Сөйтіп фонетиканы 
грамматиканың бірінші бөлімі дейді. Грамматиканың составын (құрамын) ашады, 
бірақ ол пәндер арасындағы ортақ қасиеттерді айтпайды; грамматикаға 
қосылмайтын басқа тараулардың (лексикология) қандай айырмасы барын 
атамайды. Оның түсініктерінде грамматика нендей ғылым? дегенге жауап жоқ, 
қандай тараулардан құралады дегенге ғана жауап бар. 
Тағы бір пікір: Фердинанд де Соссюрдің (Швейцария французы, атақты 
білімпаз) айтуынша грамматика тілдің бір дәуірдегі қалпын бейнелейді, екінші 
сөзбен айтқанда Ф. де Соссюрдің статика лингвистика дейтіні осы грамматика. 
Сондықтан тарихи грамматика болуы мүмкін емес дейді. Тілдің бір дәуірдегі 
қалпын баяндайтын болғандықтан, тіл қалпының ішіне тілдің сөздігі де кіретін 
болғандықтан Ф. де Соссюр лексикологияны да грамматиканың бір тарауы дейді. 
(Ф. де Соссюр. «Жалпы лингвистиканың курсы», орысша аудармасы. Мәскеу, 1933 
жыл, 129-130-131-беттер). Бұл кісі фонетиканы грамматикаға қоспайды, бірақ 
жаңадан бір тарау қосады. Осы негізбен конкрет грамматика жасап берген жоқ, 
шәкірттері де оны істеген жоқ. Бірақ Карцевский «Орыс тілінің пысықтауыш 
курсы» дегенді осы негізде құрмақ болды, басқа грамматикадан ол да өзгеше 
болып шықпады. Ф де Соссюрдың бұл әрекетінен іс шығар емес болды, себебі ол 
былай дейді: «Тілдің бір дәуірдегі қалпын көрсетіп тұрған білгірлердің бәрі де не 
синтагма теориясына, не ассоциация теориясына табан тірей білулері керек еді. 
Қазір-ақ бұрынғы грамматика бөлімдерін осы екі группаға (топқа) айыруға болады. 
Сөз өзгерту құбылысы – бұл сөйлеушінің санасындағы ассоциация; сөз өзгерту 
ассоциация грамматикасына жатады; екінші жағынан ең көп таралған ұғым 
бойынша сөз тіркестерінің теориясы деп аталатын синтаксиске, синтагматикаға да 
қарайды. Себебі сөз тіркестері қашан да болса ең кем болғанда екі бөлшекті 
ілгерілі-кейінді орналастыру болып шығады. Синтагматика құбылысының барлығы 
бірдей синтаксиске қатысты болмайды, бірақ синтаксис құбылыстарының бәрі де 
синтагматикаға жатады» (Жоғарыдағы кітаптың 131-беті). 
Сөйтіп Ф. де Соссюр сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис құбылыстарынан 
бөлек қарағысы келеді, бұл екеуін грамматиканың екі бөлімі дегісі келеді, демек 
бұдан іс шықпайды, өйткені сөз өзгерту құбылыстары деген синтаксистің кәдесін 
өтеу үшін, бір сөзбен екінші сөзді байланыстыру үшін жұмсайтын тілдің амалдары 
ғана. 
Жоғарыдағы сұрауға үш түрлі көзқарас барын білдік: 
1. Формашылдар: грамматика екі пәннен құралады, бұған фонетика кірмейді, 
лексикология да кірмейді. 
2. Психологистер: Грамматика үш пәннен құралады, бұған фонетика кіреді, 
лексикология кірмейді. 
3. Ф. де Соссюр: грамматика үш пәннен құралады, бұған фонетика кірмейді, 
лексикология кіреді. 


Бұл грамматиканың қандай пәндерден құралатындығы жайындағы пікір. Ал 
грамматиканың нендей пән екендігіне келсек, бұның жауабы алғашқы сұраудың 
жауабынан да гөрі алашұбар: 
1. Формашылдар: грамматика тілдің формасын зерттейді. 
2. Психологистер: (Богородицкий) бұл сұрауға жауап бермейді, білмейді. 
3. Ф. де Соссюр: грамматика тілдің бір дәуірдегі күйін түгел баяндайды. 
Шапиро: грамматиканың құрамын формашылдарша түсіндіреді, оның қандай 
пән екендігіне келгенде тілдің құрылысын қарайтын ғылым дейді, мұнысында (бұл 
қисында) фонетика болмай шығады; материалсыз құрылыс бола ма? 
Шапиро құрылыс теориясын Маррдан алған, бірақ нендей құрылыс екендігін 
өзі де түсінбеген, сондықтан дыбыстарды шығарып тастаған; грамматика 
морфология мен синтаксистен құралады, бұған дыбыс кірмейді деген қисынды ол 
формашылдардан алған. 
Шапироның пайымдаулары жоғарыдағы ағымдардың біреуінікі де емес, 
өзінікі де емес, қойыртпақ. 
Ал 
жоғарыдағы 
формашылдарға 
келсек, 
олар 
тіл 
құрылысына 
лексикологияны да кіргізген, сөйте тұрып, грамматиканы өз алдына көрсеткен 
(бұлардың қойыртпағы тым қою). 
Міне, сөйтіп бір сабаға құйылған пікір жоқ. Ал, грамматика – бар ілім, осы, 
жазушысы бар, бірақ сұрауға жауап жоқ. Бұл парадокс сияқты нәрсе. Бірақ амал 
қайсы, хал осындай! 
12 февраль 1937 жыл. 
Грамматика тараулары жайындағы жоғарыда айтылғандарға толықтыру 
есебінде мына төмендегі таблицаны береміз. 
А. Тіл ғылымының
таза өзі 
а) грамматика – әдебиет тілінің де, 
халық тілінің де грамматикасы; 
бұларды әрі осы күнгі қалпы 
жағынан, әрі тарихи даму жағынан 
қараймыз. 
б) лексикология немесе сөздік. 
Сөздерді және олардың мағынасын 
(әдебиет тілінің де, халық тілінің 
де), бұлардың осы күнгі қалпын да, 
бұрынғы жазба түрын де қарайды. 
1. Фонетика 
2. Морфология 
(әрі мағына 
жағынан, әрі 
форма жағынан) 
3. Синтаксис 
Б. Тіл ғылымының
қолданылуы 
а) мәдениет тарихы мәселелерінде; 
б) оқыту – педагогика істерінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет