Түріктердің
«ер ұғлан», «қыз ұғлан»
деуіне қарағанда
«ұғлан»
деген сөз
бұрын
бала
мағынасында болуы керек.
Үрік/қорық
: бұл екі сөздің түбір бір болуы керек: (өйткені) сөз басында
үрік
дегендегі
ү
-ден бұрын бір дыбыс болған;
к
мен
қ
бұрын
бір фонема, осы күнге
дейін
ғ
–
шаларда
(бұл сөз танылмады) бір фонема.
Баһа:
деген парсының сөзін батыстағы қазақ (осы сөзді батыстан
алғандар)
баға
дейді. Ал Орта Азия арқылы алған қазақ елі
бәсі
дейді.
Қайтпаңыз
деген сөзді
қайман
деушілер де бар.
Дөңгелек – төбе – тау
– термен («
дөң
» сөзінің де бұған қатынасы болуы
керек).
Көз – күн
(бұрын).
Қол – су – әйел
– бір нәрсенің бір беті.
й=г
;
Шүй
(татарша) =
шеге
(қазақша).
Қосымшалар тарихына
Оқып дегендегі
п
әуел баста
мен
деген көмектес септіктен шыққан. «
Мен
» –
жалғау ғой, сондықтан
п
қосымшасын да жалғау ретінде қарау керек тәрізді.
Ата-еркек; «атан»
дегендегі соңғы
н
не?
Інген=ене
.
Ұйғырлар ұрғашы
сиырды
енгек
дейді. Сонда
ін+ген
дегендегі «
ін
» не? «
ген
» не? басқа бір ретте
(Маррша) «
кен
» дегендегі
к
түсіп қалып, «
ен
» қалған дейді. Бұл «
ен
» інген
дегендегі «
ін
» буынына
қатысты ма, жоқ па, араларында байланыс бар ма? Сондай-
ақ
кен
түбіріндегі
к
дыбысын буын құрамынан түсіп қалатын (сусымалы)
ғ, г
дыбыстарының қатаң варианты есебінде көрсеткен. Бұны қалай түсіну керек?!
Тәуелдік
«
ы
» бұрынғы замандағы
ол
есімдігінен жасалған: соңғы
л
дыбысы
уақыт өте келе түсіп қалып, жалғыз «
о
» дыбысы қалған. Сөздің соңғы буынында
келгенде
о
дыбысының өз қалпын сақтап тұра алмайтындығы белгілі. Бұған қазіргі
ыштан
сөзінің бір кездері
іш+тон
деген екі түбірден біріккендігі де дәлел бола
алады.
Бұнда соңғы
тон
буынының «
о
» дыбысы «
а
» болып өзгергені секілді,
тәуелдік жалғауына айналған «
о
» дыбысы да «
ы
» болып әлсіреген. Осы заңдылық
бойынша
ол+сол
деген есімдіктер кірігіп барып біріккенде соңғы
л
дыбыстары
түсіп қалып,
о+со
болған да, сөз соңындағы «
о
» езулік «
ы
» дыбысы болып
қалыптасқан. Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алмауына көне
түркілік «
йағмұр
» сөзінің қазақ тілінде жаңбыр болып айтылатындығы да (
ұ > ы
)
дәлел бола алады.
Ілік жалғауы: -ның=ны+ң
.
Мұндағы алғашқы
н
қосымшасы бір кездегі
табыс жалғауының көрсеткіші. Ол бұрын «
не
» деген сұрау болған, демек табыстық
мәндегі «
не?
». Бұл сұрау пассив мағынада тұрып, зат ұғымын берген. Зат болған
соң сөйлем ішінде оның пассив мәнде тұратыны белгілі.
Соңғы
ң
тәуелдік
жалғауының екінші жағы болуы да мүмкін; […].
Конец
-тің (
көмектестің ?! мен – менен
) соңындағы «
Достарыңызбен бөлісу: