І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет69/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

Таптасқан сөздер
– атау сөздер. Бұлар заттың өзін, сипатын, ісін айырып 
атау үшін қажет; таптасқан сөздер жеке тұрып хабар беру үшін емес, бірнешеуі 
қосылып барып, хабар беру үшін жасалған.
Таптаспаған сөздер
– заттың өзін, ісін, сипатын, түйдегін жазбай атау үшін 
қажет. Олар хабарлауыш сөздер, жеке тұрып-ақ хабар беру үшін жасалған. Бұлар 
құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем, не сөйлемдер 
жинағы.
Таптасқан сөзді сөйлемдерде бұлар одағайланып тұрады – одағай. Оның 
түрлері мыналар:
1. Шаруашылық одағайлары. 
2. Қатынас одағайлары. 
3. Көңіл одағайлары. 
I. Шаруашылық одағайлары
. Тіл адамдар арасында жұмсалады, ол 
адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы. Шаруашылық одағайы тілге тән сөз 
емес, өйткені ол адамдар арасында қолданылмайды. Адамнан басқа жан-
жануарларға қолданылады. Шаруашылық одағайының мысалы: 
жылқыға 
айтылатын одағайлар

құру-құру!
(шақырғанда); 
құр-құр, лық-лық
(асауды 
тоқтатқанда), 
маһ-маһ
(жемге шақырғанда), 
кіш-кіш
(суарғанда), жазуға 
келмейтіндері де бар.
Сиырды шақырғанда – 
ау-хау
; тәуір көргенде – 
әукім-әукім
; қайтарғанда – 
өк 
(әк)
, суарғанда – 
шәуім-шәуім
; саууға шақырғанда (
шәуім-шәуім
); боразданың 
басына шыққасын жегулі өгізге – 
соп-соп



Түйені шақырғанда – 
көс-көс, кәуіс-кәуіс
; қайтарғанда – ..........
*
, шөгергенде – 
шөк-шөк!
; суарғанда – 
сорап-сорап
.
Қойды шақырғанда – сыбыс береді, қайтарғанда – 
шәйт! қош!
суарғанда – 
құрай-құрай!
Ешкіні шақырғанда – 
шөре-шөре!
қайтарғанда – 
шек-шек! 
Итті шақырғанда – 
кәһ-кәһ! күш-күш! көйт-көйт! 
Аң құсын қайта шақырғанда – 
паһ-паһ! қайт-кел! 
Мысықты шақырғанда – 
мыш-мыш
; тәуір көргенде – 
мышым-мышым

қайтарғанда – 
пырс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет