Байланысты: zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)
шық, -кен қосымшалары туған,
шаға қысқарған. Осы күнге шейін түрікпендер баланы
шаға дейді, монғолдар
шаған дейді.
Екі тілдің арасындағы байланысқа қарап, салыстыра отырып тіл тарихын
білуге болады.
Орақтың түбірі «
ор » екенін ескеріп,
пышақ дегендегі -
ақ қосымшасын қопарып алып,
пыш түбірін қалдырып, оның мағынасының
піш ,
піс (инені пісіп алды) деген етістіктермен жақындығын ескеріп, ақырында
орақ дегендегі
ақ пен
пышқы дегендегі
-қы қосымшаларының еңбек құралын атайтын
аффикс екенін білеміз де,
пісетін, кесетін, пішетін, тесетін құралдар жайындағы
ұғымдар бұрын бір болғандығын байқаймыз. Ол заманда бірінің орнына бірінің
жүре беретіндігін, келе-келе мағыналарымен бірге сол сөздердің өзі де лайықты
түр тапқанын аңғарамыз (
біз бен
піс ), бір айырмасы есімдерде
з -ның, етістіктерде
с қосымшаларының болуы ғана;
біз, піс ;
кез(дік), кес . Алтайда
кездік дегенді
кестік дейді.
Кезе: кез+е .
Қасық дегендегі -
ық қазық дегендегі
-ық сияқты, бұл да
қазудан алынған. Чувашта
пышақ дегенді
пізе дейді. Мұндағы
е пышақтың
соңындағы -
ақ жұрнағына тең:
піз-піс ; Біздің етік тігетін
бізіміз , осы
піс . Біздегі
шапқы, жонғы дегендегі -
қы, -ғы , татардың
пышқы сөзінде кездесетін
-қы ; Бұл
қосымша біздің
пышақ дегеніміздегі
-ақ . Түрік
сүңгі дегенді
сүңгек дейді, ол
сүйек мағынасында. Бұндағы
-ақ пен
-ек пышақтағы -ақ (құрал үстеуі). Сөздің шығуын
зат міндетімен салыстыру керек.
Пышақ, пышқы, біз дегендер – бір күнде шыққан
емес, әр кезеңнің жемісі. Бұған қарап отырып, бізге жақын тіл мен өз тілімізді
салыстырғанда
масақ сөзінің басқаларда
бачақ болуын, соңындағы
-ақ қосымшасын алып тастағанда түбірде
мас қалатынын көреміз, сөйтіп ерте заманда
м, б, в, п дыбыстарының бірлікте болғандығын еске аламыз:
жап, жауып, жабу, жамыл . Өзбектің
иағ деген сөзін білгендіктен қазақтың
жауқазын деген сөзін
білеміз:
жау+қаз+ын, – иағ+қаз+ын (
иағ – май , тамақ болатын зат, нәрсе деген
зат). Бұл сияқтыларды тексергенде дыбыстардың өзгеру заңдарын білу де керек;
ғ дыбысының
в болып өзгеруін мынадан білеміз;
тағ, бағ, бұғ сияқты сөздер қазақ
тілінде
тау, бау, бу болып айтылады.
Дыбыс өзгерістерін білу үшін бізбен тілдес елдердің дыбыс заңдарын білу
қажет. Қазақша
бас, аяқ, әділ ; чувашша
бұус, атақ, еділ .
Бас дегендегі
а дыбысы,
чувашта
ұу ;
бас – пус, басы – пузи, қаз – қас . Дауыстыдан бұрын
с өзгеріп
з болады. Қазақтағы
кесер дегенді алтайда
кезер дейді. Демек, оларда үнді мен үнсіз
дыбыстар осы күнге дейін бір фонема болғанын көреміз. Қазақ арасында әлі күнге
дейін
жұмысты бітір деудің орнына
жұмысты пітір деушілер бар. Бұл да
б-п
дыбыстарының бір фонема екендігін білдіреді. Чуваштар
ат дегенді
ұт деп;
ата дегенді
(ат+а) ұт+а, уда деуінде де көп мән бар.
Чуваш етікті
ад+ы дейді, тәуелденгенде
адысы дейді.
Ай-ақ – кішкене ат
деген сөз. Өзінен басқаны біліп келіп, кейін өзін білген адам. Ат пен итті бұрын
білген, аяқты кейін білген:
ат-ад; атта – ат бол, ад+ын; ыдыс – ыд-ад .
Аяқ: ай – ат (ад, ай); ақ – ыдыс .
Аяқ ыдыс демек. Татарлар
итік дейді. Демек
а-е-и бәрі бір
фонема болғандығы байқалады.
Ыдыс -тың да
ат -қа байланысы бар. Өйткені ыдыс
бұрын малдың (аттың) тұяғынан жасалуы керек. Ол заман ат пен оның тұяғын
айырған ба: (бүтін мен бөлшек аралас жүрген заман ғой). Осы күнге дейін
қой -ға
оның барлық бөлшектері кіреді. Біздің
құдық деген сөзімізді татарлардың
құйы деуі, кейбір елдердің
құйығы деуі, біздің
аяқ деген сөзімізді олардың
азақ (cабақ
азағында) деуі (татарлар), якутта
атақ деуі;
айғыр сөзін