Сабаққа дайындық
Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетіне қатысты
түрлі суреттерді сынып қабырғаларына іліп қой-
ыңыз. Суреттер: қыш ыдыстар, алтын тәті, шөккен
түйе бейнелі жүзік, қола қазандар, темір пышақ пен
жебенің ұштары, қола айна, құмыра, әшекейлер, қыш
ыдыстар, моншақтар және т.б.
Сабақтың деректі материалдары
Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан та-
былған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергер-
лік өнерін мейлінше айқын сипаттайды. Үйсін тай-
паларының құнды ескерткіштерінің бірі – Қарғалы
үңгірінен табылған диадема. Диадема – тәж тәрізді
әшекейлі бас киім. Үйсіндер адам бармайтын биік,
қараңғы жерлерге бақсы-балгерлерді жерлегендік-
тен, диадема бақсы әйелдікі деген болжам бар. Екі
бедерлі алтын тіліктен жасалған диадеманың ұзын-
дығы – 35 см, ені – 4,5 см. Көгілдір, қызыл қоңыр,
қызыл тастармен әшекейленген диадемада әртүрлі
аңдардың, жануарлар мен адамдардың бейнелері
орнатылған. Ортасында бір-біріне қарап тұрған екі
қанатты тұлпар бейнеленген. Сол жақта – қанатты ба-
рыс үстінде әйел мен бұғы келе жатыр. Оның артқы
жағында ешкі, айдаһарға мінген адам бейнесі бар. Та-
былған заттардың ішінен айыр өркешті түйенің мүсіні
салынған екі жүзік, таутекелердің он мүсіні, адамды
кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырғалар, көп-
теген қаптырмалар бар. Бұл бұйымдардың барлығы
алтыннан жасалған.
Металл бұйымдарының құрамы мен шеберхана-
лардың қалдықтары металлургияның түрлі салала-
ры – темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің да-
мығанын дәлелдейді. Шеберханалардың өнімдеріне
қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзел-
дерінің бөлшектері, ауыл шаруашылығы құралдары,
темірден соғылған бұйымдар кірген.
Қаңлы қабірлерінен, әдетте, қанжарлар, семсер-
лер, пышақтар, жебелердің ұштары, сауыт табақ-
шалары табылды. Темір тағалар, шегелер, ілмектер,
қапсырмалар, түсті металдан жасалған бұй-
ымдар – сырғалар, алқалар, білезіктер, айылбастар,
инелер, біздер кездеседі.
(Ақпарат e-history.kz сайттағы материалдар негізін-
де дайындалды.)
Достарыңызбен бөлісу: |