Жарнама жасаңдар Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларды бір-
неше топқа бөліңіз. Оқушылар берілген сурет және
мәтін мәліметтері негізінде сарматтардың өнерін
жарнамалайды.
1. Сармат өнері қалай дамыды?
2. Зергерлік өнер қалай дамыды?
3. Қандай бұйымдар жасады?
4. Сармат алтын жәдігерлерінің ерекшеліктері
қандай?
Бұл тапсырманы орындау кезінде тапсырма
мазмұнының толық ашылуы, креативтілік және ұй-
ымшылдық талаптарын ескеріңіз. Оқушылар қой-
ылым, сурет, постер, слайдты көрсетілім және т.б.
түрінде жарнамалар дайындауы мүмкін. Соңында
топтар сарматтардың өнері туралы жарнамасын
ұсынады. Топтар бір-біріне баға береді.
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылар бір-бірінен сармат ескерткіштері тура-
лы сұхбат алу кезінде жұптық бағалауды, жарнама
жасау тапсырмасында топтық бағалауды ұйымда-
стырыңыз. Сонымен қатар оқушылардың өз жау-
аптарына деректер негізінде дәлелдер келтіре алу
дағдыларын бағалауға болады. Салыстыру тапсыр-
масында оқушылар әрбір қорымнан екі жәдігерді
атайды.
Қосымша тапсырмалар 1. Оқушылар сармат жәдігерлері туралы қосымша
деректер келтіреді.
2. Оқушылар сармат жәдігерлерін сақ жәдігер-
лерімен салыстырады.
3. Белгілі бір тақырып бойынша постер жасау үшін
мынадай критерийлерді басшылыққа алу қажет:
– көрсетілетін тақырып нақты әрі өзекті болуы
тиіс;
– негізгі идеялар ықшамдалып, оған сәйкесінше
дәйектер келтіруі тиіс;
– сөздер, сөйлем мөлшері шектеулі болуы тиіс;
– тақырыпқа сай иллюстрациялар/тірек-сызба-
лар/инфографика бейнеленуі тиіс.
4. Зияткерлік карта ойды жүйелеуге, қорытын-
дылауға қолдау көрсетеді. Оның басты идеясы –
әртүрлі ойлардың бір-бірінен қаншалықты өрбіп
шығатынын көрсету. Зияткерлік картаны жасау кри-
терийлері:
– көрнекілік;
– негізгі ойлардың анықталуы;
– оқиға желісінің ретімен өрбуі;
– тиісті мәліметтердің/фактілердің болуы;
– зияткерлік картаның тілі түсінікті, ақпараты нақ-
ты, жеңіл оқылуы тиіс.