5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет240/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
 
Өткен сабақтарда оқушылар сарматтардың тұр-
мыс-тіршілігі, қоғамдық құрылысы, археологиялық 
ескерткіштері туралы білім қалыптастырды. Бұл 
тақырыпта сарматтардың халықаралық аренадағы 
орнын анықтайды. Сабақ барысында сарматтардың 
басқа елдермен қарым-қатынасын анықтап, түрлі 
авторлардың жазбалары негізінде дәлелдер кел-
тіреді.
Оқушыларды оқу мақсатымен таныстырыңыз. 
Оқушылардың назарын сарматтар мекендеген ау-
мақты айқын көрсететін картаға аударыңыз. Оқушы-
ларға сарматтар кімдермен шегаралас, жақын ор-
наласқанын анықтатыңыз. Сарматтардың басқа 
елдермен қарым-қатынасы көбінесе осы жақын, 


6-тарау. 
Сарматтар
151
шегаралас орналасқан елдермен бейбіт немесе 
соғыс түрінде болуы мүмкін екенін түсіндіріңіз.
Тұжырымдаңдар 
Оқушылар сарматтар мен скифтердің қатынасы 
туралы мәтінмен танысады. Бұл елдер көрші ор-
наласқандықтан, тығыз қарым-қатынас жасағанын 
түсінеді. Мәтіннен сарматтар мен скифтердің қа-
рым-қатынасын сипаттайтын үш сөйлемнен аспай-
тын тұжырымдар жазады. Сарматтар мен скифтердің 
алғашында бейбіт қатынас жасағанын, кейін сармат-
тардың үстемдігін анықтайды, қарым-қатынастағы 
өзгерісті дерек арқылы дәлелдейді. Соңында жұп-
пен кем дегенде екі жағымды және екі жағымсыз 
фактілерді анықтайды, дәлел келтіреді. Бұл тапсыр-
маны орындауды мынадай түрде ұйымдастырыңыз:
Жағымды факт_______________________________________
Дәлел_________________________________________________
2. Жағымды факт____________________________________
Дәлел_________________________________________________
Жағымсыз факт______________________________________
Дәлел_________________________________________________
2. Жағымсыз факт___________________________________
Дәлел_________________________________________________
Жауаптары. 
Екі жағымды факт: бейбіт қатынас
әскери қызмет, сауда жасау, бірге парсылармен соғы-
су, грек қалаларының дамуын қолдау. Екі жағымсыз 
факт: қарым-қатынасты өзгерту, скифтердің жерін 
тартып алу, халқын қырғынға ұшырату, тонау.
Анықтаңдар
Оқушылар сарматтар мен Рим империясы ара-
сындағы қарым-қатынастар туралы мәтінмен таны-
сады. Сарматтар мен Рим арасындағы қарым-қаты-
настың өзгеріп отырғанын, яғни кейде бейбіт, кейде 
жаулаушылық сипатта болғанын түсінеді. Мәтінмен 
жеке жұмыс жасай отырып, өзгерістерді анықтап
сарматтардың үстемдігін түсінгеннен кейін көршісі-
не бес-алты сөйлеммен әңгімелеп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет