5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет239/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сандық білім беру ресурсы
«Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. 
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы 
мен тұрмысы» сандық білім беру ресурсы http://
play.nis.edu.kz сайтында орналасқан. Осы сілтеме 
және ресурс атауы бойынша ақпаратқа қол жеткізе 
аласыз. Сандық білім беру ресурсы ұсыныс ретінде 
беріледі. Оны қосымша тапсырма немесе оқушы-
лардың өзіндік жұмысы ретінде қолдануыңызға бо-
лады.


150
6-тарау.
 
Сарматтар
6.2.
Сарматтардың саяси тарихы (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте 
көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын 
анықтау.
Тірек сөздер
Скифия
Сарматия
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Әмірханов М.Б, Сандықбаева Ө.Д. Ежелгі 
және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. - Ал-
маты: Нұр-пресс, 2007.
3. Байпаков К.М., Баймагамбетов Ж.К. Қазақстан 
археологиясы. – Алматы, 2009.
4. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек-
көздердегі Ұлы Дала тарихы. Төрт томдық. 3-том. 
– Астана: Фолиант, 2008.
5. Ежелгі дүние авторларының шығармаларын-
дағы Қазақстан тарихы. 2-том. – Алматы: Елшежіре, 
2011.
6. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 1-том. – Ал-
маты: Қазақ энциклопедиясы, 2006.
Оқулық: Сарматтардың саяси тарихы
150-151-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
сарматтар қандай мемле-
кеттермен қарым-қатынаста болды?
Сабаққа дайындық
Сарматтардың аумағын және оларға жақын шега-
ралас елдерді айқын көрсететін карта дайындаңыз. 
Фактілерді, себептерді жазатын кеспеқағаздарды 
қолдануға болады. 
Сабақтың деректі материалдары
Сарматтар Батыс Қазақстанның далаларын ме-
кендеген кезде сақтарға, исседон, дах тайпалары-
на көрші еді. Осы тайпалардың тілі мен мәдениеті 
бір-біріне өте ұқсас болатын. Сондықтан олар бір-
бірімен тығыз қатынаста болды. 
Сарматтар Қара теңіз жағалауын мекендеген скиф-
тер мен көрші болады. Бастапқы кезде сарматтар 
скифтермен одақтық, достық қатынаста жүрді. Скиф 
саудагерлері сармат жерлері арқылы сауда жасаған. 
Сарматтар скиф патшасына жалданып, әскерінде 
қызмет етеді. Атақты парсы патшасы Дарий Скифия- 
ға жорық жасағанда сарматтар скифтерге қолдау 
көрсетіп, парсыларға қарсы соғысады. 
Сарматтардың скифтермен қарым-қатынасы б.з.д. 
III ғасырда өзгереді. Сарматтар скифтермен одақты 
бұзып, жерлерін тартып алады. Сөйтіп, Қара теңіздің 
солтүстік жағалауында, Шығыс Еуропа далаларында 
сарматтар толықтай үстемдік етеді.
Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап роксоландар, языгтар, 
аландар, сирактар, аорстар атауымен белгілі сармат 
тайпаларының бірлестігі қалыптасты. 
Батыс сармат тайпалары – языгтар мен роксо-
ландар Рим империясымен шегаралас болып, оның 
Дунай бойындағы иеліктеріне жорықтар жасап тұр-
ды. Кейде Римге жалданып, одақтас та болды. Ше-
гараның тыныштығы үшін Рим оларға алым төлеп 
тұрған. 8 мыңдық сармат жасағы Римге жалданып, 
олардың бір бөлігі тіпті Британ аралына әскери қыз- 
метке жіберілген. Кейбір ғалымдардың пікірінше, 
олардың жырлары атақты король Артур туралы 
аңыздың негізі болған.
Шығыс сарматтар – аландар, сирактар мен аорс- 
тар антик әлемімен және Кавказ арқылы Алдыңғы 
Азиямен тығыз байланыста болған. Сарматтар 
Боспор патшалығымен одақтас болып, оның патша-
ларына қызмет етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет