Қазақстан республикасы білім жғне ѓылым



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата11.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#149178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Картография

Карта классификациясы
Карта классификациясы дегеніміз қандай да бір құбылысты немесе затты
олардың жалпы белгілері бойынша бөлу.
Карта классификациясы əр түрлі белгілерге байланысты болады жəне оны
сақтау мен қолдану үшін рациональды тіркеу жүргізеді. Классификацияның
негізгі белгілері: масштаб, арналуы, аумақты қамтуы, қолдану тəсілі, басылып
шыққан жылы, мазмұны.
Масштаб бойынша
классификация масштабтын əсерінен картаның
ерекшелігі мен мазмұны анықталады. Олар толықтығымен , айқындылығымен,
сонымен қатар құру əдістері бойынша ерекшеленеді. Масштаб бойынша
карталардың бөлінуі:
Ірі масштабты карталар ........................1:200 000 жəне одан ірілері
Орта масштабты карталар .....................1: 300 000 тан 1:1000 000 дейін
Ұсақ масштабты карталар .....................1: 1 000 000 ұсақтары
Топографиялық карталардың масштабқа бөлінуі:
Ірі масштабты пландар ......................... 1:500, 1:1000, 1:2000
Топогафиялық карталар
Ірі масштабты..........................................1:5000, 1:10 000
Орта масштабты......................................1:25 000, 1:50 000
Ұсақ масштабты..................................... 1:100 000 1:200 000
Ірі масштабты карталарда
жергілікті жердің нақты бейнелерін
көрсетеді. Олар жергілікті жерді детальді зерттеу үшін, картада бағдарлау үшін
жəне нақты дəлділікті талап ететін əр түрлі өлшемдер мен есептерді орындау
үшін қызмет етеді.
Орта масштабты карталар
дəлділікпен бейнелерді бейнелеуден ірі
масштабты карталардан ұтылады. Оларды аумағы үлкен алаңдарды жалпы оқу
үшін жəне солған байланысты өлшемдер мен есептерді алу үшін қолданды.
Ұсақ масштабты карталар
жергілікті жердің көптеген (значительно)
кішірейтілген бейнесін береді, сондықтан оны бөлек құбылыстар, олардың
сипаттамасын өз ара байланысын көруге немесе жалпы оқу үшін қолданады.
Арналуы бойынша
географиялық карталар керекті мақсаттарын шешу
үшін арналады. Анықтамалық, оқулық, əскери, аэроновигациондық, теңіздік,
жолдық, туристік. Бөлек картографиялық модель ретінде атластар, глобустар
жəне электореды карталар қарастырылады.
Аумақты қамтуы
бойынша географиялық карталар мынадай топтарға
бөлінеді:
Жер шары картасы, бүкіл жер шарын қамтиды
Жарты шар картасы (мұхиттар, құрғақтар, оңтүстік жəне солтүстік )


15
Материктер мен мұхиттар карталары
Топтасқан мемлекеттер картасы
Мемлекеттер жəне олардың бөлік карталары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет