Қазақстан республикасы білім жғне ѓылым


əлеуметті – экономикалық карталар



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата11.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#149178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Картография

əлеуметті – экономикалық карталар
1. халықтық (халықты орналастыру, халық құрамы, миграция т.б)
2. экономикалық
3. мəдениет
4. денсаулық сақтау
5. саяси əкімшілік
6. тарихи


16
Техникалық
1. жер асты комуникация
2. инженерлі құрылыс
3. жобалау карталары
4. мелиорация
6. орманорналастыру
7. жергеорналастыру
Негізгі əдебиет:
1. [8-9. 13-16]
2. [108.112]
Қосымша əдебиет:
1. [4-15]
2. Жалпыгеографиялық, тақырыптық жəне топографиялық карталар.
Бақылау сұрақтары.
1. Карта масштабы деген не?
2. Картада масшабтын қандай түрлері көрсетіледі?
3. Географиялық карталар қандай ішкі мазмұн элементтерден тұрады?
4. Карталар қандай негізгі белгілер бойынша классификацияланады ?
5. Карталар мазмұны бойынша неше топқа бөлінеді?
№3 Дəріс. Картаның мазмұн элементтері.
Карта элементтері – ол картаның құрылытын бөліктері, оған кіретін
картографиялық бейнелер, легенда жəне картаның сыртқы безендіруі.
Картографиялық бейненің - негізгі элементі, яғни карта мазмұны, олардың
орналасуы, қасиеттері, өз ара байланысы, динамикасы.
Жер бетінде өз орнында орналасқан құбылыс пен объектілер картада
бейнеленеді.
Жалпыгеографиялық карталарда
құбылыс пен объектілер
мынадай
мазмұн элементтерден тұрады: елді мекен, əлеуметті-экономикалық жəне
мəдени объекттер, жол торабтары, бедер, гидрография, жасылжелек жəне
топырақ, саяси əкімшілік шекаралар.
Елді мекен
- карта мазмұны элементтерінің маныздысы болып келеді және
басқа элементтермен байланысты.
Елді мекен пункттерінің бөлінуі:
-орналасу түрі бойынша қалалық жəне ауылдық елді мекендер. Қалалық
орнықталу өз кезегімен қалалық жəне поселкілік болып бөлінеді.
- əкімшілік манызы бойынша (əкімшілік орталықтары, астаналар)
- халық саны бойынша
Қала типтес орнықталуларға; қалалар, қала типтес поселкілер кіреді. Осы
топтағы басқа елді мекендерден қалалар өте тығыз салынған үйлерімен жəне
есік алды учаскелерінің жоқтығымен ерекшеленеді.Қалалар мен поселкілер
планировкасы мынадай болып ерекшеленеді; Регульярлы планировка (3-сурет)
кварталдардың формалары дұрыс фигуралармен беріледі, регульярлы емес


17
планировка (4-серет) қала аумағы бойынша бекітілген плансыз шашыранқы
орналасқан, шахматты планировка (5-сурет) көшелері өз ара перпендикульярлы
орналасқан, радиалды планировка (6-сурет) көшелері центрге бағытталған,
аралас планировка (7-сурет) қаланың бір бөлігі радиалды, екінші бөлігі
шахматты болады.
3-сурет. Регулярлы планировка 4-сурет.Регулярлы емес планировка
5-сурет. Шахматты 6-сурет. Радиальды 7-сурет. Аралас
планировка планировка планировка
Ауыл типтес орнықталулар салынған үйлер өздерінің қосымша
учаскелерімен болады.
Ауылдық типтегі үйлердің орналасуы мынадай болады: (7- сур.),
какварталдық дұрыс кварталдарды көрсетеді және көшелері перпендикульярлы
орналасады. (8- сур.) қатарлық бір рядқа созылып жеке меншік шерлерімен
қоршалған. (9-сур.) учаскілік ретсіз шашыранқы орналасқан.
8- сурет Кварталдық 9- сурет Қатарлы 10- сурет Учаскілік
планировка планитровка
Елді мекеннің орналасу жағдайлары
.
Елді мекен - өзен бойында, жар бойында, көл мен теңіз жағалауында,
жолдардың қиылысуында, таулы аудандарда және төмен жазықты жерлерде
орналасады. Бұнын бәрі түрі мен мінездемесін көрсетеді. Ірі масштабты
карталарда елді мекен атауларының астына неше үй бар екенің көрсетеді.


18
а) жыралар бойында б) су бөктерінде в) тау бөктерінде г) шашыранқы
11-сурет. Елді мекен пункттерінің орналасуы
Орта және ұсақ масштабты карталарда тек қана елді мекен топтарын,
халық санын қаншадан бастап нешеге шейін берілетіні көрсетіледі. Бұндай
жағдайда сан шкаласы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет