Əлеуметті-экономикалық жəне мəдени объекттер
:
өндірістік,
ауылшаруашылық
және
әлеуметтік-мәдениет
объектілері - бұларға
өндірістер,кең қазба орындыары, жерқұбырлары,электро жүйе сызығы,
байланыс жүйесі, аэродромдар, ауылшаруашылық және әлеуметтік-мәдениет
және тарихи объектілер кіреді.
Жол торабтары
:
жол байланыстарына темір жол, рельсіз жолдар, су
жолдары , әуе жолдары болып бөлінеді.
Жол байланыстардын барлық түрі еліміздін ауыл-шаруашылығында және
әскери жұмыста өте маңызды орын алады. Сондықтан картада бұл элементтерді
бейнелеуде маңызды көңіл аудару қажет.
Әр-бір жол өзінше болып жеке-жеке бөлінеді.
Темір жол жол саны бойынша: бір кольейлі, екі кольейлі және көп
кольейлі, ені бойынша жінішке және кең кольейлі, тарту мінездемесі бойынша
электрофицрленген және бумен тарту.
Жағдайы бойынша: істеп тұрған, салынып жатқан және жиналып
тасталған. Картада темір жол мінездемесі шартты белгімен бейнеленеді.
рельсіз жолдар: олар автострада, жақсартылған шоссе, жай шоссе,
жақсартылған грунтты жол, грунтты жол, ормандық және егістік жолдар болып
бөлінеді.
Су жолдары - теңіздік және өзендік. Картада пристань және өзеннің кеме
жол бөліктерін көрсетеді. Кемежол каналдары. Теңіз жол байланыстарын
қисық сызықпен кемелердің портқа кіру жолы көрсетіледі. Бұл сызық бойында
ұзындығы киллометрмен көрсетіледі.
Әуе жол байланыстары - әуе жолын сызық көмегімен аяққы пунктердің
байланысын көрсетеді.
Гидрография
:
Гидрографияға мынадай су объектілері кіреді: Теңіз,өзен,
каналдар, көлдер, бұлақтар, құдықтар, арықтар, су қоймалары.
Өзендердің, көлдердің, теңіздердің жағалау сызығы: қалыпты және
айқын, тұрақты және тұрақты емес.
Гидрографияны бейнелеуде толық мінездемесің беру үшін әр түрлі
19
шартты белгілер қолданылады. Теңіз, көл, өзендердің жағалау сызығы толық
сызықпен ал бір қалыпты емес жағалаулар үзінді сызықпен беріліп теңіз бен
каналдардың ағу жылдамдығы, ені, су сапасы мен құрамы және де басқа
мінездемелері беріледі. Ірі және маңызды су объектілеріне географиялық
атаулары беріледі.
Бедер объектілері
:
Бедерді картада бейнелеуде оның сипаттама
формасын , бағытын, түсу қисықтығы және оның бөлініп кететінің көрсету
қажет. Картада бедердің бірнеше тәсілін бейнелеуге болады штрихпенен,
бояумен кескіндеу, штрихпенен көрсету, горизонтальмен көрсету. Бедердің
жеке формалары ерекше шартты белгімен бейнеленеді. (жыралар, жарлар,
төгінділер). Жер бетіндегі жеке нүктелердің теңіз деңгейінен жоғары
нүктелердің биіктігі көрсетіледі.
жасылжабынды жəне топырақ:
саяси əкімшілік шекаралар:
Саяси-әкімшілік шекаралар
- мемлекеттік шекара, әкімшілік шекара,
қорықтық шекара және қоршаулар болып келеді.
Жасылжелек және топырақ элементтеріне
- саз, орман, бұтақ, дала, сор,
құм т.б. кіреді.
Ормандар құрамы бойынша шыршалы, жапрқты болады және аралас
болады. Орман массивтері әр түрлі болып келеді.
Саз балшықтар өзінің жабындысына қарай ағаш, бұтақ немесе шөп өсіп
тұрғанына қарай бөлінеді. Құрылысы бойынша өтпелі және тпесіз болады.
Шалғындық: сазды, суғармалы, бұтақты, және орманды болады.
Дала: шөпті және жартылай шөпті.
Сор: өтпелі және өтпесіз болады.
Құмдар: таулы, грядты, таулы және т.б түрлері болады.
Карта мазмұнының элементтері өзінің нақты шартты белгісімен
бейнеленеді.Шартты белгілерді қолдану карталарды құрастыруда және көптеген
сұрақтарға жауап береді.
Көптеген объектілерді бейнелеуде олардын контурын беріп сосын ішін
шартты белгімен толтырады.
Егер карта масштабында қандай да бір объект бейнелене алмаса онда оны
масштабына байланысты нақты шартты белгісімен бейнелейді.
Тақырыптық жəне арнайы карталарды картографиялық бейнелерден
құрылатын екі бөліммен айырады. Біріншіде – географиялық негіз, яғни
жалпыгеографиялық мазмұн бөлігі, ол тематикалық жəне арнайы мазмұн
элементтерді еңгізу мен байланыстыру үшін, сонымен қатар карта бойынша
бағдарлау үшін қызмет етеді. Екіншіден тематикалық жəне арнайы мазмұн
(мысалы-аумақтың геологиялық құрылысы немесе навигациялық обстановка
).
Қандай да карта болмасын негізгі элемент – легенда, яғни картада
қолданған шартты белгілер жəне оларға арналған түсініктеме жазулар.
Топографиялық карталарға арнайы шартты белгілердің кестесі құрылған. Олар
стандартталған жəне масштабқа қатысты барлық карталарда қолданылады.
Көптеген тематикалық карталарда белгілер унифициаланбаған, сондықтан
20
легенданы карта бетінде орналастырады. Ол белгілерге түсініктеме
береді.Күрделі карталарда легенданың ақпараттығын арттыру үшін, оны кейде
кестелі форма түрінде көрсетеді.
Картографиялық бейнелер математикалық негізде құрылады, оның
элементтері: картографиялық тор, масштаб,геодезиялық негіз болып келеді.
Ұсақ масштабты карталарда геодезиялық негіз элементтері көрсетілмейді.
Математикалық негізбен карта кампоновкасы тығыз байланысты, яғни
картографияланатын аумақты картографияланатын парақ бетіне орналастыру,
оның рамкасын анықтау, сыртқы рамкасын безендіру жəне қосымша
мəліметтерді орналастыру.
Карталар үшін рамка түрлері əртүрлі. Олардың көбісінде рамка бір
жінішке сызықпен картографияланатын бейнелердің шектелуін көрсетіп ішкі
рамка деп аталады. Оған параллельді екінші рамка сызылып сыртқы рамка деп
аталып картаның көркемділігі үшін қызмет етеді. Ішкі жəне сыртқа рамкалар
арасында рамкаға шығатын параллельдер мен меридиандар (градуста немесе
минутта) көрсетіледі.
Ішкі рамка екі жақын орналасқан параллельді сызықтардан тұрады, екі
параллель мен меридиандардын шығыстарының арасында градустар мен
минуттардың бөлінулері жүргізіледі. Ондай рамкалар градустық рамкалар деп
аталады.
Жеке
карта
группаларына
рамка
мінездемесі
қатал
өз
инструкциасымен беріледі. Оған топографиялық және теңіздік карталар кіреді.
Мысалы топографиялық карталарда градустық бөліну ішкі рамка
бойынша орындалмайды, ал ішкі рамкаға параллельді арнайы құрылған
градустық рамкалармен орындалады. Топографиялық карталардың рамкалары
құрылуы бойынша күрделі жəне картамен жұмыс орындау үшін қажетті
математикалық негізге қатысты мəліметтерден тұрады. Теңіз навигация
карталарының ішкі рамкалары үш сызықтан тұрады, ал аралары арасында
градустардың, минуттардың жəне минуттар бөліктері (доли)көрсетіледі.
Сыртқы рамканы жінішке немесе жуан суреттік бейнелеуге болады.
Кейбір карталарда өте қатал түрде бір немесе бірнеше сызықпен көрсетуге
болады, ал кейбір карталарда тек қана ішкі рамка көрсетіліп сыртқы рамка
көрсетілмеуі де мүмкін.
Рамкалардың көп таралған формасы тікбұрышты болып келеді.
Трапеция түріндегі рамка формалары топографиялық жəне шолу –
топографиялық карта парақтары үшін қабылданған, себебі көп парақты
карталардың бөлек парақтарға разграфкасы оның ішкі рамкасы болып келетін
меридиан мен параллельдердің сызықтары бойынша орнатылған.
Жердің жарты шарын бейнелеуде рамканы дөңгелек түрінде бейнелейді.
Картографияланатын аумақтын масштабына байланысты карталар бір
парақта немесе көп парақты болып шығады. Карталарды парақтарға бөлу карта
разграфкасы деп аталады.
Парақтарға бөлу меридиан мен параллельдерге сəйкес келетін сызықтар
бойынша немесе карта рамкаларының тікбұрыштарына параллельді сызықтар
бойынша жүргізіледі.Көп парақты карталардың əр бір парақтарына сан , əріп
21
түрінде тез тауып алу үшін атаулар беріледі. Разграфка жүйесін білімді білу
үшін көп парақты карталарды тез табу үшін əр параққа белгі (номенклатура)
беріледі. Топографиялық карталарда оң, сол, шығыс, батыс сыртқа
рамкаларының ортасында көрші прақ номенклатурасы жазылады.
Карта компановкасы: картаграфияланатын аумақты карта парағында
орналастыру, оның рамкассын анықтау, сыртқы рамканы безендіріп
орналастыру жəне қосымша мəліметтер карта компановка терминімен
анықталады.
Топографиялық карталар, топографиялық-шолу карталары меридиан
мен параллельдер бойынша қабылданған əрқашан ортаңғы меридиан парағының
солтүстік-оңтүстігіне бағытталған. Карта рамкасының ішінде тек қана аумақтын
бейнесі ғана үздіксіз болады жəне сол бейнелердің жалғасы барлық көршілес
карта парақтарында жалғасады. Карта атауын, парақ номенклатурасын,
масштабын, анықтамалық мəліметтерді жəне қосымша мəліметтер бекітілген
үлгі бойынша орналастырылады яғни ол берілген картаға стандартты. Карта
компановкасының стандарттылығы құру шартымен жəне көп парақты карта
парақтарын қолдануына жауап береді.
Негізгі əдебиет:
1. [16-18. 148-182]
2. [112-118]
Қосымша əдебиет:
1. [4-15]
2. Жалпыгеографиялық, тақырыптық жəне топографиялық карталар.
Бақылау сұрақтары.
1. Карта компановкасы деген не?
2. Карта разграфкасы деген не?
3. Гидрография элементтеріне нелер кіреді?
4. Елді мекендер қалай кассификацияланады ?
5. Жол торабтары қалай кассификацияланады?
№4 дәріс. Картографиялық генерализация.
Картографиялық генерализация деген – картада бейнеленетін объекттерді
оның арналуына, масштабына, мазмұнына және картографияланатын аумақтын
негіздеріне қатысты таңдау және жинақтау.
Генерализация термині латынының generalis деген сөзінен шығып жалпы,
ең манызды дегенді білдіреді. Процесстің мақсаты болып картада негізгі
объекттердің сипаттамасын, оның сипаттамалық негіздерін және өз ара
байланысын өткізуден тұрады.
Генерализация – барлық картографияланатын бейнелерге жүргізілетін
қасиет, ол ең ірі масштабтарға да жүргізіледі. Жергілікті жерді ең бірінші рет 1:
1000 масштабқа түсірістің өзінде топограф интуитивті бедердің, жасылжелектің,
жол торабының қандай детальдарын түсіріс планшетіне еңгізу керектігіне, ал
қайсылары болар-болмас немесе берілген масштабқа еңгізілмейтініне
22
генерализация жүргізеді. Картаны камералды құруда ортанғы содан кейін ұсақ
масштабтарда да детальдарды және нақтылықты қабылдамай бейнелерді
әрқашан қысу керек. 1:100 000 масштабында жергілікті жердің бір квадрат
километірі картада бары жоқ 1см
2
аланың алып жатады, онда тек қана негізгі
елді мекендерді, басты жолды, өзенді көрсетуге болады. 1:1000 000 та алаң 1
мм
2
қысылады және онда тек қана бір елді мекенді сақтап қалуға болады, ал
одан да ұсақ масштабтарда – 1:10 000 000 оған да орын қалмайды.
Жер бетінің 1 км
2
әр түрлі масштабты карталарда қалай бейнеленетінің
қарастырайық. 1 :1 000 карта масштабында ол 1 м
2
болады, ал 1:10 000 карта
масштабында - 1 дм
2
болады, 1 : 100 000 карта масштабында - 1см
2
болады
және 1 : 1000 000 - 1 мм
2
болады. 1: 1000 масштабтағы бейнелердің бәрін ұсақ
масштабтарға көрсету мүмкін емес. Сондықтан масштаб кішірейген сайын ірі
масштабтағы бөлек элементтер көрсетілмейді. Сондықтан масштаб кішірейген
сайын керекті элементтерді таңдап талдап көрсетеді.
Генерализация объекттердің сандық және сапалық сипаттамаларын
жинақтап, кеністікте орналастыруда детальдардын негізгі түрлерін нақты
бейнелеуде қолданылады.
Генерализация факторлары.
Генерализация факторлары: карта масштабы,
оның арналуы, тақырыбы және түрі, картографияланатын объекттің негізі мен
зерделенгендігі, картаны безендіру графикасы. Факторлар генерализацияға
жақындауды, оның шарты мен сипаттамасын анықтайды.
Картаның арналуы
. Картада тек қана оның арналуына ғана қатысты
объекттерді көрсетеді. Картаның арналуына жауап бермейтін басқа
объекттердің бейнеленуі картаны қабылдауға кедергі беріп картамен жұмыс
жасауды қиындатады. Егер мысалы мектептік оқулық саяси-әкімшілік картасы
сынып тақтасында көрсету үшін арналса, онда тек қана ең негізгі мазмұн
элементтерін сақтайды (үлкен қалалар, шекаралар және т.б). Оларды жинақтап
артық детальдарсыз ірі белгілермен бейнелейді. Ал егер сондай картаның
арналуы анықтамалық болып және үстелдік болып қолданылса, онда ол
берілген масштабқа максимум мүмкіндікпен әкімшілік бөліну, елді мекен
пункттері, жол торабтары жайлы мәліметтер мазмұнынан құрылуы керек.
Масштаб әсері.
Ірі бейнеден ұсаққа өтуде карта алаңы қысылып масштаб
әсері пайда болады. Жоғарыда айтылғандай ұсақ масштабта барлық детальдар
мен толықтылықты көрсету мүмкін емес, сондықтан оларды талдау, жинақтау,
алып тастау керек.
Бір мезгілде масштабтын кішірейуімен кеністікте қамту үлкейеді, ол
генерализацияға келіп соқтырады. Ірі масштабты карталарға маңызды
объекттер (мысалы жергілікті жер ориентирлері), ұсақ масштабты карталарда
өзінің манызын жоғалтады яғни оны алып тастау қажет. Елді мекен пунктерін
бейнелеуде ірі масштабтан ұсақ масштабқа өтуде мазмұнының өзгерісін
қарастырып көрейік.
Ірі масштабты карталарда елді мекен толық мінездемесімен, айқын
көшелерімен, бұрылыстарымен, бау-бақшаларымен және жеке тұрған үйлеріне
шейін көрсетеді. Масштаб кішірейген сайын бұрылыстарды, қосымша
23
көшелерді алып тастайды. Жеке үйлер мен бау-бақшаларды көрсетпей оның
бәрін квартал ішіне кіргізеді. Ары қарай масштаб кішірейген сайын елді мекен
шашкалармен немесе пунсонмен бейнеленеді.Пунсонды елді мекен тұрғынына
және типіне қарап белгілейді.
12 ші суретте төрт әр түрлі масштабта елді мекен көрсетілген.
а) суретінде 1: 25 000 масштабтағы карта көрсетілген ал б) суретінде 1 :
50 000 масштабқа елді мекен құрастырылған.
Масштаб шарты бойынша бұл карталарда елді мекен өзгерісі қатты емес.
Кварталдардың бәрі конфигурациасымен қайталанған. Көшелердің бәрі
көрсетілген. Ал 1 : 100 000 в) сурет масштабында осы елді мекен кәдімгідей
қысқартылып көрсетілген. Бұл жерде елді мекеннің жалпы контуры сақталған
және басты магистраль көрсетілген. Жолдармен қатынасатын көшелер ғана
қалдырылған. Енді г) суретінде елді мекен 1 : 1000 000 масштабында
бейнеленген. Масштаб шарты бойынша бұл елді мекен пунсонмен бейнеленген.
Негізгі магистраль пунсонның нақты ортасына жақындайды. Қалған жолдар да
пунсонмен беттеседі.
12-сурет. Елді мекен генерализациясының мысалы: а) масштаб 1:25 000,
б) масштаб 1:50 000, в) масштаб 1: 100 000, г) масштаб 1:1 000 000
Егер елді мекен теңіз жағалауында орналасса онда пунсон теңіз жағалау
сызығымен беттесуі қажет. Ал егер елді мекен тура жағалауда орналаспаған
болса онда пунсонды жағалау сызығын 0,3 - 0,4 мм ары орнатуға болады.Егер
елді мекен жағалаудын екі жағасында да орналасса онда пунсонды бейнелеп
жағалау сызығын үзіп жіберіп ары жалғастырамыз. Пунсонның орнықты орны
бедермен және жасыл желекпен байланысты болуы керек. Қажет кезінде
24
пунсонды емес ал өзінің саз балшық, жасыл желек немесе басқа контурларды
кішкене жылжытады. Жолдар пунсонға қатты тақалуы қажет.
Картада барлық елді мекен атаулары беріледі. Сондықтан елді мекен
пунктін орналастыру үшін талдау жүргізіледі. Атаулар картаның оңтүстік пен
солтүстік рамкаларына паралельді орналасады. Атауларды елді мекен пунктінің
тура центрінің оң жағына орналастырады. Жеке жағдайларда егер оң жағында
элементтерден орын болмаса онда атауды сол жағына немесе төмен әлде
жоғары орналастырады.
Карта тақырыбы және типі-
картада қандай элементтерді үлкен
толықтылықпен көрсету, сонымен қатар жинақтап немесе мүлдем алып
тастауды анықтайды. Геологиялық немесе топырақтық карталарда гидро
торабын детальды көрсету маңызды себебі ол карта тақырыбымен тығыз
байланысты. Бірақ жалпы ориентирлеу үшін жол мен елді мекен пункттерінің
кейбіреулерін ғана қалдыруға болады, ал әкімшілік шекараларды мүлдем алып
тастауға болады. Экономикалық тақырыптық карталарда керісінше елді мекен
пункттерін , жол торабтарын және әкімшілік бөлінуді толықтылықпен көрсету
міндетті. Ал керісінше өзен торабын жинақтап кеме жүзуге жарамды ғана
өзендерді ғана сақтап көрсетуге болады.
Әр түрлі карта типтерінде әр түрлі генерализация болады.
Картографияланатын объекттердің негіздері.
Бұл фактордың әсері картада
сипатталған объект элементтерінің есте қалар ерекшелікті көрсету. Мысалы,
далалық және шөлейт аудандарда ұсақ көлдердің біреуін де қалдырмай
барлығын көрсету өте маңызды, себебі ол қуаншылық (кеуіп кеткен) аумақтарда
өте маңызды. Ал мындаған ұсақ өзендер кездесетін тундралы ланшафтарда
олардың көбісін генерализация кезінде алып тастауға болады, мұнда аумақтын
көлдерінің жалпы сипаттамасын дұрыс бейнелеп көрсету маңызды.
Объекттің зерделенгендігі.
Объект бейнеленуінің зерделенгендігі
жеткілікті болғанда максималды толық болуы мүмкін. (карта масштабы мен
арналуы үшін), ал фактілі материалдардын жетіспеушілігінде ол жинақталған,
схемалық болып келеді. Зерделік факторы картографиялауға қолданылатын
сапамен және мәліметтердің толықтығымен тығыз байланысты. Сондықтан
гипотетикалық және болжау карталары толық емес мәліметтерден құрылып,
объект жеткіліксіз зерделенген және оның таралу занының мәліметтері толық
емес болғандықтан нақты генерализациаланған. Гипотетикалық карталар
схемалық болуы керек.
Картаны безендіру.
Көп түсті карталар бір түсті карталарға қарағанда көп
белгілерді көрсетуге мүмкіндігі бар. Баспаның жақсы сапасында және фондық
бояуды, значоктарды, штриховкаларды дұрыс таңдауда бір картада алтыға
дейін өз ара жабатын қабаттарды картаның оқылуына ешқандай әсер етпейтін
қылып біріктіруге болады. Бір түсті картада немесе шектелген краска
түрлерімен ондайды орындау мүмкін емес, сондықтан карт мазмұнына
генерализация орындау қажет.
Генерализацияның сипаты мен дәрежесін келесі шарттар бойынша дұрыс
орналастыруға болады:
25
1) әр түрлі географиялық ландшафтар мен жергілікті жердің
географиясына сипатталған әр түрлі элементтердің шығуының және сыртқы
негіздерінің жақсы білімінде.
2) картада бейнеленетін барлық элементтерді дұрыс классификациялау,
барлық карта мазмұнын біркелкі қамтамасыздандыру классификацияның өз ара
байланысы және өз ара шарттары
3) барлық картаның мазмұның бейнелеу үшін бейнеленетін қасиеттерді
дұрыс таңдау (шартты белгілердің сипаттамасы мен размері, базендіру
бояулары).
Негізгі әдебиеттер:
1[ 148-182]
Қосымша әдебиеттер:
2[133 -169], 3.Карталар мен атластар
Бақылау сұрақтары
1. Картографиялық генерализацияға анықтама бер.
2.Карта масштабы неге әсер етеді ?
3. Карта генерализациясы не үшін орындалады?
4. Гидрография элементтерін генерализациалауда неге қарайды?
5.Анықтамалық және оқулық карталарда генерализация сипаттамаларының
айырмашылығы немен түсіндіріледі?
№5 дәріс. Картада рельефті бейнелеу.
Физикалық жер бетінің əр бір учаскелері əр түрлі формалы болып келеді.
Жер бетінің кеңістік формаларының жиынтығы рельеф деп аталады.
Рельеф географиялық ортаның ең басты элементтерінің бірі. Ол
жылудың, ылғалдың, химиялық элементтердің миграциялық сипаттамасын,
топырақтардың орналасуын жəне жер бетінің жасыл жабындысына үлкен əсер
етеді.
Сонымен рельеф құрылымы аумақтың ландшафтық негізін анықтайды.
Рельеф сипаттамасынан елді мекен пункттерін, жол торабтарын, өндірістік
жəне энергетикалық құрылымдарды сонымен қатар ауыл шаруашылық
өндірістерін орналастыру қатты байланысты болады.
Əскери əрекеттерде рельефтің негізгі учеті құпия жылжу мүмкіндіктерін,
маскировканы жəне өту шартын анықтау үшін қажет.
Картада рельеф формасын жəне оның əр түрлі ерекшеліктерін шығару
үшін ғана емес, сонымен қатар оның абсолютті жəне биіктік қатынасының, еңіс
бұрыштарының, бөліну дəрежелерінің сандық сипаттамаларын алу үшін қажет.
Яғни картада рельефтің бейнеленуі айқын жəне өлшемді болуы керек. Картада
бір мезгілде үш өлшемділіктің формасы: ұзындығы, ені жəне биіктік көрсетілуі.
Теңіздің ортаңғы деңгейінен атықталатын жергілікті жердің нүкте биіктігі
абсолютті биіктік деп аталады. Жергілікті жердің бір нүкте биіктігінің екінші
нүкте биіктігіне қатыстығы қатысты биіктік деп аталады жəне ол сол
нүктелердің абсолютті биіктік айырмашылықтарына тең болады.
26
Картада рельефті көрсету үшін əр түрлі тəсілдерді қолданады, бірақ
олардың бəрі бір уақытта рельеф бейнеленуінің пластикасымен өлшемділігін
бермейді. Топографиялық карталар жергілікті жердің əр түрлі сипаттамасын
алу үшін арналған. Картада рельефтің бейнеленуі толық, дəлді жəне өлшемді
болуы тиіс. Мұндай талапты горизонтальəдісітолық орындайды. Сондықтан
жаңа заман топографиялық карталарында рельефті горизонтальдар көмегімен
бейнелейді жəне қосымша сипатталған жергілікті жердің нүкте биіктіктерін,
рельефтің бөлек элементтерін жəне формаларын шартты белгілермен
бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |