76
Қиял-ғажайып
ертегілер.
Жанрлық
ерекшеліктері.
Олардың
сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Ежелгі замандардағы түсініктер
мен наным – сенімдердің көрінісі. Әлеуметтік процестердің бейнеленуі мен
образдар жүйесі. Бас қаһарман және оның оқиғалар топтастырудағы қызметі.
Оқиғаның сапарнамалығы /«Ер Төстік», «Адам білмес тас», «Күн астындағы
Күнекей қыз»/, фантастикалық және мифтік кейіпкерлер. Тақырыптың
құрамының әр түрлілігі. Әлеуметтік теңсіздік пен арман – тілегін /»Ұшқыш
кілем», «Ұр тоқпақ», «Жеті өнерпаз», «Жігіт пен өнерлі қыз» т.б./, жауыздық
пен қас күштерге қарсы күресті /«Жалмауыз кемпір», «Алтын сақа»,
«Жақсылық бір Шіңкілдек» т.б./ бейнелеуі.
Сюжеттердің халықаралық сипаты және оларды жүйелеу мен
классификациялау. Сюжеттердің көрсеткіштері /указатели/. Қиял – ғажайып
ертегілердің көркемдік –
эстетикалық бітімі, композициясы, іс – әрекеті,
оқиғалардың бір сызықты /однолинейность/ дамуы, кездейсоқтығы мен
баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар.
Батырлық ертегі.
Бұл топтағы ертегілер туралы В.М. Жирмунский,
М.О.Әуезов, Е.М. Мелитинский, С.Ю. Неклюдов, С. Қирабаев пікірлері.
Батырлық ертегілердің тақырыбы – ерлік пен үйлену және неше түрлі
құбыжық – жауыз күштерімен соғысу екендігі. Негізгі мотифтері:
кейіпкердің
ғажайып тууы, өсуі. Некелік сынақтан өтуі, жаумен соғысуы
және оның жеңуі. Қиял – ғажайып ертегілері мен көне эпосқа қатысы. «Ер
Төстік», «Керқұла атты Кендебай» ертегілерінің идеялық – көркемдік
ерекшелігі, сюжет пен композициясы.
Новеллалық ертегі.
Жанрлық
белгілері, қиял – ғажайып ертегілермен
байланысы. Шытырман оқиғалы болатындығы және ондағы қиялдың
/вымысл/ атқаратын қызметі. Тақырыбы үй іші, ерлі – зайыптылардың
адалдығы /«Уәзірдің қызы», «Мархума»/,
пайдалы кеңес беру, ғибрат айту
/«Әке өсиеті», «Үш өсиет», «Әділ патша туралы ертегі»/, әртүрлі қиын
сәттерде жол табатын ақыл мен тапқырлықты /«Аяз би», «Балтекей бидің
соты»/ дәріптеу болып келетіндігі. Композициялық құрылымы, көп эпизодты
болуы, оқиғалардың өтетін жері мен кейіпкерлері.
Сатиралық ертегі.
Жанрлық сипаты. Қоғамдық – әлеуметтік
қатынастар мен теңсіздіктердің, тұрмыс – тіршіліктің бейнеленуі. Сатира мен
юмор. Аңқаулық пен қулық.
Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері.
Әділетсіздікті әшкерелеу: бай, молда, қарақшы образдары. Стильдік
ерекшеліктері: сюжеттік құрылымы мен тартымдылығы, күлкілі жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: