Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет76/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

 
Айтыс 
Жанрдың сипаттамасы мен зерттелу тарихы. Айтысты мазмұны мен 
тақырыбына, түріне қарай жіктеу. Әдет – ғұрыппен, салтпен байланысты 
айтылатын айтыстар: бәдік, жұмбақ, жар – жар айтыстары. Бәдік наным – 
сенімге, жар – жар үйлену салтына байланысты айтылуы. Бұлар тек дағдылы 
жолды атқару ретінде ғана орындалатын айтыс жанрының ең көне түрі. 
Айтыс үлгісіндегі орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, мысал өлеңдерінің 
осы жанрға қатысы. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс – айтыс 
формаларының түрлері. Қыз бен жігіт айтысы: «Біржан мен Сара», 
«Кеншібай мен Айсұлу», «Манап қыз бен Молда Мұса» т.б. Айтыстың 
айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының 


79 
даралық сипаты, әдебиетке ұласуы. /Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет, 
Жамбыл, Ұлбике, Ырысжан, Майкөт т.б айтыстары/ Айтыста саяси – 
әлеуметтік мәселелердің көтерілуі теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қоғамдық 
кемшіліктердің сыналуы, ащы шындықтардың айтылуы. Ақындық шеберлік 
пен тапқырлық. Айтыстың қазіргі сипаты мен дамуы. Айтыс – сынның өткір 
құралы екендігі. Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.
Балалар фольклоры
Балалар фольклорының өзіндік ерекшелігі мен зерттелу тарихы. 
Идеялық – көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі. Халық педагогикасымен 
байланысы. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
Бөбектерге арналған өлеңдер: бесік жыры, сәблік салт жырлары. 
/Бесікке бөлеу, бесікті аластау, тұсау кесу, өс – өс, т.б. уату өлеңдері./ 
Айтылу себебі мен мезгілі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. 
Балалардың өзі орындайтын өлең- жырлар: арнау – тілек, өлеңдер, 
сұрамақ, тақпақтар, мазақтама, қызықтамалар, өтірік өлеңдер. Жыл 
мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына арналып айтылатын арнау – тілек, 
өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі. Сұрамақ пен мазақтама, 
қызықтама өлеңдерінің танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік 
өлеңдердің көркемдік шарты. Жаңылтпаш пен мазақтау өлеңдерінің 
тәрбиелік мәні.
Ойын өлеңдері: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық ойындар. 
Олардың атқаратын қызметі мен құрылысы. Өлең ойындар: тәжікелесу, 
жаңылтпаш, жұмбақтар, балалар айтысы. Бұл топтағы жырлардың ойын – 
сөзге, өлеңге негізделуі. Диолог пен әзіл-оспақ. 
Жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы, өтірік өлеңдер мен ертегі, 
аңыз әңгімелер жанрларының балалар мен үлкендер фольклорына 
ортақтығын. 
Балалар 
фольклорының 
поэтикасы. 
Жинақылық, 
қарапайымдылық, ойнақылық, дыбыстық үйлесімдер. Көркемдік бейнелеу 
құралдары мен тәсілдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет