Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет75/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

Батырлық эпос 
Батырлық эпос.
Жанрлық белгілері мен жиналу, жариялау, зерттелу 
тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ , ноғайлы 
дәуірлері 
мен 
шапқыншылығы 
кезінде 
оқиғалардың 
бейнеленуі. 
Қаһармандық эпостың тақырыбы мен халықтық сипаты, идеялық нысанасы. 
Историзм /тарихилық/ мәселесі. Қаһармандық эпос пен көне эпостың 
байланысы, бір-бірімен сабақтастығы. «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» , 
«Қамбар батыр», «Ер Көкше-Ер Қосай», «Ер Шора» жырларының сюжеттері, 
ел қорғау, сыртқы жауларға қарсы күресу идеясы. Образдар жүйесі: бас 
қаһармандары мен олардың жаулары. Әйелдер образы, тұлпар бейнесі. 
Кейіпкерлерді 
типтендіру 
мен 
идеязациялау. 
Батырлық 
эпостың 
циклизациялық /тұтастану/ жолдары: өмірбаяндық, генелогиялық, мекендік 
/эпикалық орталық/ және мезгілдік белгілеріне қарай тұтастануы. 
М.Сеңгірбаев жыраудың «Қырымның қырық батыры» жырының циклдену 
жолдары. Эпикалық жырларды шығарушы және таратушы жыршы, 
жыраулардың өнері. Батырлық эпостардың фольклормен байланысының 


78 
болу себептері:генетикалық, қарым-қатынастың және типологиялық 
ұқсастықтар. Қаһармандық эпостардағы халықтың саяси-әлеуметтік 
жағдайының, жер-су, елді-мекен, тұрмыс-тіршілік, әдет-салт, рухани 
тынысның сәулеленуі. Қаһармандық эпостың поэтикасы. Тізбектеп жырлау. 
Негізгі мотифтер /ғажайып туылу, жедел өсу, үйлену, жекпе-жекке шығу 
соғысу, түс көру т.б./. Ұқсас жерлер /общие места/, қайталаудың түрлері. 
Ауызша жырлау дәстүрі мен стильдің формулалығы. Өлең құрылысы, 
аллитерация мен ассонанс.
Лиро-эпос 
Лиро-эпос.
Жанрлық сипаты. Жиналу мен зерттелу тарихы. Сюжеті 
мен тақырыбы, адамның жеке бастың мүддесі және махаббат еркіндігі. Әдет-
ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны, кейіпкерлер 
тағдырымен сабақтастығы. Трагедия және оның болу себептері. Образдар 
жасау ерекшеліктері. Идеялизациялау мен даралу. Қаһармандық эпостан
айырмашылығы, әлеуметтік-тұрмыстық / «Айман-Шолпан»/ және махаббат 
тақырыбы/ «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек»/. Көшпелі тұрмыс-
тіршіліктен туған жырлар мен шығыс сюжетіне құрылған қазақ дастандары 
немесе романдық эпостары / «Бозжігіт», «Тахир-Зухра», «Жүсіп-Зылиха», 
«Шәкір-Шәкірат» т.б./ . Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар. 
Көркемдік ерекшеліктері, стилі, поэтикалық, тілдік өрнегі/теңеу,эпитет т.б./, 
өлең құрылысы.
Тарихи жырлар. 
Жанрлық ерекшеліктері. Қаһармандық жырлармен 
байланысы. Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың арақатысы. Тарихи жыр 
қазақ эпикалық аңыздарының даму барысында белгілі бір кезеңдегі тың 
белес екендігі. Тарихи тұлғалар мен жыр кеціпкерлері /Олжабай, Бөгенбай, 
Абылай, Кенесары, Наурызбай, Арқалық, Досан, Бекет, Жанқожа т.б./. 
Сюжеті мен тақырыбы: Жоңғар феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына, 
ішкі қанаушыларға қарсы күреспен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. 
ХУІІ – ХХ ғасырлар арасындағы тарихи оқиғалардың бейнеленуі. Тарихи 
жыр мен тарихи өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тарихи 
жырдың поэтикасы мен стильі композициялық құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет