14
Енді әлеуметтік лингвистиканың біршама танымал болған
пәндік анықтамаларына
талдау жасай отырып, оның зерттейтін
нысанына тоқталайық.
Көрнекті филолог
О.С.Ахманова
«Лингвистикалық термин-
дер» атты сөздігінде «әлеуметтік лингвистика» немесе «социолин-
гвистика» терминін екі мағынада түсіндіреді:
1.Тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байла-
ныстарды зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел язы-
кознания, изучающий причинные связи между языком и фактами
общественной жизни).
2.Тілдің әлеуметтік саралануын, яғни оның түрлі әлеуметтік
диалектілерін зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел
языкознания, изучающий социальную
дифференциацию языков,
т.е. различные его социальные диалекты) [1].
Осында келтірілген соңғы анықтамаға қарасақ, мұнда әлеу-
меттік диалектология сөз болған. Ал әлеуметтік диалектологияны
әлеуметтік лингвистиканың бір бөлігі ретінде танушылық бар.
Демек, мұндай жағдайда әлеуметтік диалектологиядан (кәсіби го-
ворлар,
кооперативтік жаргондар, арго т.б.) ғана емес, тілдердің
әлеуметтік саралануының барлық түрлері
қарастырылатын кең
көлемді пәнді түсіну қажет.
Ал алдыңғы анықтама әлеуметтік лингвистиканың тіл және
қоғам атты басты проблемасын дұрыс көрсетеді. Бірақ онда тіл
мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы
себепті байланыстың
бағыттары ашып көрсетілмеген.
Әлеуметтік лингвистиканың тағы бір анықтамасын 60-жыл-
дардың соңында академик
Достарыңызбен бөлісу: