553 Тіл асты безі Тіл асты безі
(gl. sublinguale) күрделі альвеолярлы-түтікшелі без. Өндіретін
өнімінің сипатына байланысты
аралас бездерге жаткызылады,
іиырышты — нәруызды, шырышты кұрамы басымырак болады. Везде секреторлык аяккы
бөлімдердің үш түрін ажыратады:
нәруызды, аралас және шырышты. Нэруызды секреторлык, аяққы бөлімдердін мөлшері көп емес ( 16.7-суретті
караңыз). Бездің негізін
аралас аяққы бөлімдер кұрайды. Тіл асты безінде
секреторлык жасушалардан кұралған айшыктар жак асты безіндегіден гөрі
жаксырак дамыған. Тіл асты безінде айшыктарды кұрайтын жасушалардың,
кұлак маңы және жак асты бездеріндегі аттас жасушалардан айтарлыктай
айырмашылыктары болады. Олардың секреторлык түйіршіктері муцинге
реакция береді. Бүл жасушалар бір мезгілде нәруызды және шырышты өнім
өндіреді, сондыктан олар
серомукозды жасушалар (серомукоциттер) деп ата-
лады. Акырғылар
серомукозды аишықты түзейді. Серомукоциттерде түйіршікті
эндоплазмалык тор жаксы дамыған. Олар жасуша аралык секреторлык
түтікшелермен жабдыкталған. Бездің таза шырышты аяккы бөлімдері,
кұрамында хондроитинсульфат В және гликопротеидтер болатын, айрыкша
шырышты жасушалардан түзелген. Миоэпителиоциттер аяккы бөлімдердін
сырткы кабатын кұрайды.
Тіл асты безінде ендірме өзектердің жалпы ауданы өте аз, өйткені
эмбрионалдык даму кезеңінде олар түгелге жуык шырыштанып, аяккы
бөлімдердін шырышты секреторлык аяккы бөлігін калыптастыруға катысады.
Жолакты өзектер тіл асты безінде нашар дамыған, олар өте кыска, кей
жерлерде мүлдем болмайды. Бүл өзектер, баска сілекей бездерінің аттас
өзектеріндегідей, базальды жолактығы аныкталатын призмалык немесе
текшелі эпителиймен жабылған.
Жолакты өзектерді каптап жаткан эпителийлік жасушалардың цитоплаз-
масында, экскрецияның көрсеткіші деп кабылданатын, ұсак көпіршіктер бо
лады.
Тіл асты сілекей безінің
бөлікшеішілік және
бөлікше аралық шығару
өзектері екі кабатты призмалык, ал сағасында көп кабатты жазык эпителий
мен жабылған. Тіл асты безінде дәнекер тіннен кұралған бөлікшеішілік және
бөлікше аралык тоскауылдар күлак маңы немесе жак асты бездеріндегіге
карағанда жаксырак дамыған.