тастап ересек түріне айналады. Камчат крабы - (Paralithodes camtschatica)
кәдімгі крабтарға ұқсас, бірақ та олардың алға карай иілген құрсағы жұмсақ,
асимметриялы. Моллюскалардың бақалшағын ешқашан пайдаланбайды.
Карапаксы жақсы дамыған, жүректәрізді, көлемі 26 см-ге дейін жетеді. Кеуде
аяғының соңғы жұбы қысқарып, карапакстың бүйір
қақпағының астына
иілген, сөйтіп желбезекті тазалау қызметін атқарады. Жапон, Охот, Беринг
теңіздердің жағалауларыңда кездеседі.
Келте құйрықтылар немесе крабтардың (Brachyura) құрсағы
келтеленген, сегменттерінің саны азайған, симметриялы құрылысты және
баскеуде бөлімінің астына иіліп жатады.
Мұртшалары қысқа, карапаксы
жалпақ, дорзовентральді бағытта қысыңқы. Кеудесіндегі алдыңғы жүру
аяқтарының ұшында үлкен қысқышы бар. Бұларға теңіз крабтары Carcinus,
Caneer, тұщы су крабтары Potamon, Егіосһег және құрлықта тіршілік ететін
Uca туыстарының өкілдері жатады.
Онаякты шаяндардың практикалық маңызы зор. Олардың көбісі бағалы
тамақ өнімі ретінде қолданылады. Мысалы, өзен шаяндары (Potamobius,
Astacus), омарлар (Homarus), лангустар (Palinurus), креветкалар (Crangon,
Pandalus) және крабтар (Cancer, Callinestes).
Бұрынғы КСРО-да орасан ірі
камчат крабынан (Poralithoides camtschatica) консервілік өнімдер даярлайтын
крабоконсервілік өнеркәсіп күшті дамыған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: