Байланысты: 3 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум
Жартылай дайындалған өнімнің қышқылдығын анықтау Құрал - жабдықтар: күйдіргіш натрий
;
фенолфталеин
; 1%-
ті
спирт
ерітіндісі;
зертханалық таразы
;
фарфор күбі
;
тазартылған
су;
алюминий
пластинка.
Жартылай дайындалған өнімнің
қышқыл реакциясы бар. Əрбір ортада
шынайы жəне жалпы
қышқылдықты ажыратады. Шынайы қышқылдық
рН
шамасымен сипатталатын сутегі иондарының концентрациясы. Егер рН 7
-
ден
артық
болса, орта сілтілік реакцияға,
рН аз болса, ортаның реакциясы
қышқылдық реакцияға ие
.
Жалпы қышқылдық қышқылға əсер ететін заттар
мен қышқыл мөлшерінің жиынтығымен, амфотерлі электролиттер болып
табылатын ақуыздың
еритін қосылыстарының санымен сипатталады
.
Жалпы қышқылдылық
жартылай дайындалған өнімнің
сапасын
сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Титрленген қышқылдықтың өсуі бойынша
үдерістің осы фазада қалай өтуі туралы айтуға болады
.
Дайын қамырдың
титрленген қышқылдығы бойынша нанның қышқылдығы туралы айтуға
болады. Нан пісіруде қышқылдық Нейман (
0
Н) градусымен анықталады
.
Нейман градусы
деп талданатын материалдың 100г сілтілі қосылыстарын
бейтараптандыру үшін қажетті
сілтілік ерітіндісінің 1Н миллиметр санын
айтады
[2].
5
г жартылай дайындалған өнімді 0,01г дəлдікпен пластинкада немесе
ыдыста
өлшейді. Өлшемді фарфор келісіне
ауыстырады, 50мл сумен ерітеді.
Алынған ерітіндіні
1 минут ішінде жойылмайтын қызғылт бояу пайда
болғанға дейін фенолфталеин индикаторы бар күйдіргіш натрдың 0,1N
ерітіндісімен титрлейді.
Қышқылдық есептеу
(1.9)
формуламен жүргізіледі
[2]:
(1.9)
Мұндағы:
-
қышқылдылығы, град.;
-
титрлеуге өткен 0,1N ерітіндінің миллиметр саны;
-
сілтінің титріне түзету
коэффициенті