Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Қабылдаудың физиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Қабылдаудың физиологиялық негіздері 
Қабылдауға байланысты ми қатынастарындағы күрделі нерв процестерінің 
өзгешелігі әр түрлі рецепторларға бір мезгілде әсер ететін тітіркендіргіштердің 
комплекстілігінде және бұл рецепторлардың үйлесімді түрде ынтымақтаса жұмыс 
істеуінде. Бірақ рецепторлардың қозуы- сырттағы заттарды, құбылыстарды анализдеудің 
бірінші сатысы ғана. Оларды тереңірек талдап, қабылдау дәрежесіне жету үшін мида бұл 
психикалық процеске негіз болатын уақытша нервтік байланыстар туады. Ми қабығында 
орналасқан анализаторлардың орталықтары бір-бірімен ұласып жатады. 
И.П.Павлов айтқандай, организмде тұратын «қатынасқа рефлекс»- қабылдаудың 
физиологиялық негізінің дәл өзі. Бұл рефлекс үшін сигналдық роль атқаратын 
тітіркендіргіштердің сипаты емес, олардың бір-бірімен қатынас ерекшеліктері. Мысалы, 
итке метрономның 120 соғуына ұнамды шартты рефлекс ( тамақпен нығайтылып) 
жасалады, ал оның 60 рет соғуына ұнамсыз рефлекс (тамақ бермейтін) жасалған. Содан 
кейін итке жарық тітіркендіргіш қолданылған. Ит 120 рет жарқылдаған жарыққа ғана 
сілекейін ағызатын болыпты да, 60 рет жарқылдағанда шартты рефлекс туғызбаған. Бұл 
жағдайда тітіркендіргішті қалай ұсыну шапшаңдығы маңыз алады. Осы секілді фактілер - 
қатынасқа жасалған рефлекс. Қорытып айтқанда, қабылдаудың физиологиялық негізі ми 
орталықтарынан қатынасқа рефлекс жасап, уақытша күрделі нервтік байлыныс тудырып 
отыруында.
Қабылдау процесіндегі фон мен фигура 
Фон мен фигураның түрлі жағдайларға қарай орын ауыстырып отыруы мүмкін. 
Мәселен, студент сөреден психология оқулғын алып жатқан кезде, көңілі оның қасындағы 
Л.Н.Толстойдың «Анна Каренина» атты романында ауып кетті. Сол кезде адамның 
қабылдауында «Анна Каренина» фигура болып қабылданады да, психология оқулығы 
басқа кітаптармен бірге фон қатарына қосылып кетті. 
Апперцепция 
Қабылдау қай жағынан алсақ та, ол-адамның тәжірибесімен және қабылдайтын 
объектісімен бұрын таныс не таныс еместігімен байланысты болатынын аңғарамыз. Ол- 
адамның білім дәрежесімен, көзқарасымен, психологиялық қалпымен тығыз байланысады. 
Қабылдаудың адамның өткен тәжірибесіне, жалпы психикалық өмір мазмұнына 
тәуелділігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет